Xx ғасырдағы Қазақстан


Бағдарламаның 10 бөлімі Бағдарламаның 10 бөлімі



бет5/12
Дата07.09.2023
өлшемі5.76 Mb.
#476844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2 лекция

Бағдарламаның 10 бөлімі

Бағдарламаның 10 бөлімі

1. Мемлекет қалпы

Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мем-лекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әркайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)

Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында хан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.

 

2. Жергілікті бостандық

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.

«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1 қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.

3. Негізгі хұқық

Россия республикасында дінге, ханға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.

Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылык; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; кылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанға - айып, окығанға жаза болу.

4. Дін ісі

4. Дін ісі

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет