Xx ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы



бет12/13
Дата20.05.2022
өлшемі258.79 Kb.
#458420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой

ҚОРЫТЫНДЫ
Бәрімізге аян, мектептерде, интернаттарда, бала бақшаларда кадрлар тұрақсыздығы, әсіресе, педагог-психологтары арасында үлкен орын алған. Мұның себебі, біріншіден, мектеп құрылымында педагог-психологтың статусы анықталмағандықтан. Екіншіден, педагог-психолог маманының қызыметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттың мүлдем болмауы. Үшіншіден, психологтардың аттестациялау критерилерінің, маман білім, білік, дағдыларына баға беруде әлсіздігі. Төртіншіден, педагог-психологтың қолданатын инструментарилеріне қойылатын бірыңғай талаптың болмауы. Сондай-ақ, Қазақстанның этно мәдени ерекшеліктеріне арнайы бейімделген төл әдістемелердің болмауы. Яғни психометрия талаптарына сай төл психологиялық әдістемелердің шығарылуын жүзеге асыратын зертханалардың мүлдем болмауы.
Білім беру саласындағы педагог-психолог жоғары білімді, білікті сенатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің маманы болып табылады: балабақша, кәсіби, орта білім беретін мектептер, балалар үйі, интернаттар, түзету ұйымдары, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтары.
Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерінің психологиялық қызымет көрсету саласы қызыметкері ретінде, психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік- мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог қызымет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір педагог-психолог тағайындалып, кемістіктің күрделілігіне байланысты балалар саны азайтылады.
Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс педагог- Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс.
психологтар санымен анықталады
Біз зерттеуімізге нысана етіп алған,оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктері мәселесін зерттей келе төмендегідей қорытындыға келдік:
философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінің мәні мен оның қазіргі кезеңдегі орнын айқындап, онықалыптастырудың мүмкіндіктерді анықтадық; ғалымдарымыздың еңбектерінде қарастырылып, зерттеу мәселесі бойынша басқа да ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы бұл мәселенің ғылыми тұрғыда қажет екенін нақтыладық;
біз зерттеуімізге нысана етіп алған студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінзерттеуде біршама жұмыстар жасалды. Алғашқы бақылауымыз барысында зерттеушілердің бос уақытын қалай өткізетіндеріне мән бермейтіндігін, университет көлемінде алғашқы курс студенттерімен және жоғары курс студенттерне сабақтан тыс уақыттарда эксперименттік жұмыстарды жүргіздік;
оқытудың дәстүрлі жүйесінде студентке берілетін білім мен білік, іскерлік пен дағдыны меңгеру көзделсе, қазіргі оқытудың жаңа технологиясында бұған қоса әрбір оқушының өзін-өзі дамытып, тұлғалық “Мендік” танымын қалыптастыру өріс алып отыр. Демек, оқыту үрдісіндегі білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, тұлғаға берілген білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау негізгі шартқа айналуда. Осыған орай тұлғаның танымдық түсінігін жетілдіруде, оның мотивтік амал—тәсілдерін аша түсу - қызығушылықты арттыруда бірден бір себеп екенін айқындадық;
психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы – таным, ілімі тұрғысынан қызығуға байланысты ұғымдар жүйесінің ара қатынасы, мағынасы ашылды;
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізе отырып, оқушылардың білім мен тәрбиелік деңгейінің бастапқы дамыту және бекіту кезеңдерін салыстырғанда танымдық қызығушылықтары мен білімдік-тәрбиелік деңгейлерінің өскені байқалды. Сонымен қатар психологиялық ерекшеліктерінің даму себептері: қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайтыны туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар оқушылар бойына білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, дағдыны қалыптастыру жолдары да аталып өтілді.
Демек,оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыруда ізденуіне ілгері еңбектенуі не қаншалықты әсер еткендігі және оның пайымдық жетілдіру жолдары:жаттығу; мшықтану;өзін-өзі әзірлеу;

  • өзін-өзі басқару;

  • өзін-өзі сендіру;

  • білуге құштарлық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет