271
шақырымы Тынық мұхитқа құйса, Волга, Орал, Терек, Нұра, Амудария,
Сырдария, Днестр, Днепр, Дон, Кубань сияқты ірі оңтүстік өзендерінің
еншілеріне бар болғаны 750 текше шақырым ғана су тиеді екен.
Құбылмалы ауа райының әсерінен айналымда жүрген табиғ су көздерімен,
өзенмен ағып келетін судың көлемі жылдар мен маусым мерзімдерінде өзгеріп
тұрады. Кейбір жылдары, әсіресе, егістік суды мол қажет ететін маусымда
барлық табиғи су көздері сарқылып, су қорлары таусылып, суармалы егіншілік
пен
табиғатты қуратып, бір өлкенің халқын орасан зор экономикалық
дағдарысқа ұшыратса, осыған керісінше екінші бір өлкеде елді мекенді, қаланы,
суармалы егіншілікті тасқын су қарап қылып, елді орасан зор орны толмас
шығынға, үлкен күйзеліске душар ететіндігін табиаттың заңдылығы деп ұққан
жөн.
Бұл аймақта халықтар б.з.д. І-мыңжылдықта,
қазіргі құрғап қалған
Қарадария, Іңкәрдария, Жаңадария бойын, Қуаңдария мен Ескідариялықты
жерлерде мекен еткен [2, 15-б].
От пен судың апатынан зәбір көрген халық «От пен су тілсіз жау»
дегенімен, отсыз тіршілік, сусыз өмір болмайды. Басқасын айтпағанда, адам тек
тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна суды пайдаланады. Адам салмағының 65
пайызы су десек, сол денедегі судың 15-20 пайызынан айрылса,
адамның
тіршілігі тоқтайды екен.
Өндіріс пен ауыл шаруашылығының өнімін өндіруге де мол су қажет, атап
айтқанда, бір тонна күрішті өндіруге 12000 – 14000 текше метр, бір тонна
бидайға 3000 – 3500 текше метр су, сондай – ақ, бір тонна темірді қорытуға 250
– 300 текше метр, бір тонна қағазды шығаруға 550 – 730 текше метр су қажет.
Орта Азиядағы негізгі ірі су көздері Амудария мен Сырдария өзендерінің
орташа жылдық су жиынтығы 116 текше шақырым, оның ішінде Амудария –
79,4 текше шақырым, ал Сырдария – 36,6 текше шақырым. Амудария өзенінің
жылдық су жиынтығы 109 текше шақырымнан 58,6 текше шақырымға дейін
азайса, Сырдария өзенінің жылдық су жиынтығы 54 текше шақырымнан 23,6
текше шақырымға дейін азайып тұрады.
Амудария өзенінің 79,4 текше шақырым жылдық су жиынтығының 1,654
текше шақырымы Қырғызстан жерінен, 58,732
текше шақырымы Тәжікстан
жерінен, 1,405 текше шақырымы Түркіменстан жерінен, 6,791 текше
шақырымы Өзбекстан жерінен, 10,814 текше шақырымы Ауғанстан мен Иран
жерінен түседі.
Сырдария өзенінің 36,625 текше шақырым жылдық су жиынтығының 2,516
текше шақырымы Қазақстан жерінен, 27,542 текше шақырымы Қырғызстан
жерінен, 1,005 текше
шақырымы Тәжікстан жерінен, 5,562 текше шақырымы
Өзбекстан жерінен түседі [3, 244-б].
Енді Орталық Азиядағы ірі су көздері – Амудария мен Сырдария
өзендерінің бойындағы тағдырлас туысқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Түркіменстан, Өзбекстан бес республика жерлерінің бассейіндік аудандар мен
суармалы аймаққа бөлінуіне тоқталып көрелік.
Арал өңірінің бассейндік су шаруашылығы аудандарға бөлінуі: