273
Бір сөзбен айтқанда, Сыр бойының табиғаты бай жерлері мен құнарлы кең
егістік алқаптары ғасырлар бойы судың астында жатқан көлтабандар екені
анық.
Неше түрлі
шалғындар, тоғай, талы, суларындағы балығы мен сыңсыған
аң, құсы Сыр бойы әлімсақтан бері жерұйыққа айналған.
Қазіргі кезде Сырдария өзенінің жоғарғы салаларында толып жатқан майда
су қоймалары мен су тораптарының су шығаратын қуатты насостарды, тағы
басқа ірі су құрылысы нысандарын есептемегенде, 32 текше шақырым су
сиятын бес ірі су қоймасы бар.
Міне осының барлығы өлкенің су айналымының табиғи заңдылығын
өзгертті.
Мысалы: Нарын өзені бойында су сиымдылығы 19,5
текше шақырым
Тоқтағұл су қоймасы, Үшқорған су торабы бар;
Қарадария бойында су сиымдылығы 1,9 текше шақырым Әндіжан су
қоймасы, Тесіктас, Күйгенжар су торабы бар;
Шыршық өзенінде су сиымдылығы 2,0 текше шақырым Шарвах су
қоймасы, Газалкент су торабы бар;
Сырдария бойында су сиымдылығы 4,0 текше шақырым Қайраққұм су
қоймасы, Фархад су торабы бар.
Түркістан облысы жерінде су сиымдылығы 5,7 текше шақырым Шардара
су қоймасы, Арнасай қашыртқысының сағасы Шардарада ГЭС бар.
Қызылорда облысының жерінде Қызылорда,
Қараөзек, Әйтек, Қазалы,
Ақлақ су тораптары мен Көкарал бөгеті бар.
Сырдария өзенінің жоғарғы салаларында жұмыс істеп тұрған ірі қуатты су
электр станциялары: Нарын өзенінің бойында Тоқтағұл, Құрсай, Ташқұмыр,
Шамалдысай, Үшқорған – бес ГЭС жұмыс істеп тұр.
Қарадария өзенінің бойында Әндіжан, Шыршық өзенінің бойында Шарвах,
Сырдария өзенінің бойында Қайраққұм, Фархад, Шардара – бес ГЭС жұмыс
істеп тұр, барлығы 10 ГЭС.
Нарын өзенін қосқанда Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейінгі ұзындығы
3026 шақырым, оның ішінде Сырдарияның ұзындығы 2337 шақырым, су
бассейнінің көлемі 4064 шаршы шақырым. Сырдария өзенінің 1274 шақырымы
Қызылорда облысының жерінде.
Жоғарыда атап өткендей, адамның теріс
әрекетінің нәтижесінде Сыр
бойына келетін су көлемінің жасанды азаюынан мынадай мәселелер туындап
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: