«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Мектеп  қабырғасындағылардың



Pdf көрінісі
бет136/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   169
thesis141891

Мектеп 
қабырғасындағылардың 
денінің 
саулығы 
олардың 
тамақтануына тікелей байланысты.  


344 
Мектеп жасындағы балалардың тамағын тиімді ұйымдастыру – тек ата-
аналар ғана емес, қоғам болып назар аударатын түйткіл. Оқушыларды дұрыс 
тамақтандырудың басты талаптары сақталса, ахуал айтарлықтай түзелер еді. 
Ал асханадағы тамақ мәзірінің жағдайы мәз болмағандықтан, балғындардың 
келешегіне алаңдамасқа болмайды. 
Дұрыс тамақтанудың негізі – дәрумендер, ақуыз, май, көмірсулар. Ас 
құрамында негізгі қоректік заттар міндетті түрде болуы қажет. Йод тапшылығы 
туындамауы үшін ет, балық, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, нан секілді тағамдар 
күн сайынғы ас мәзіріне қосылып отырса, қаймақ, жұмыртқа, сүзбені екі күнде 
бір беруге болады. Әсіресе, оқушы кітап оқығанда көзі көргіш, есте сақтау 
қабілеті мықты, зерек болу үшін бала ет, балық, жеміс пен көкөністі көп жеуі 
керек. 
Мектеп қабырғасында болғандықтан тамақтанумен қатар дене тәрбиесіне 
де көңіл бөлген жөн.
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс 
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал 
етеді. Жақсы денсаулық – адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті 
қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға 
біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт 
секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар 
жасау қажет. 
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, 
ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін 
тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс 
дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. 
Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді 
жолдарының бірі – олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу 
бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу 
керек. 
Дәрiгерлер семiрудiң келесi себептерiн анықтаған:
1. Тұқым қуалаушылық;
2. Эндокринды аурулар;
3. Аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы;
4. Мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануы;
5. Кейбiр психикалық ауытқулар.
Семiрудiң 4 дәрежесі және 2 кезеңі болады: дене салмағы үнемі өсіп 
тұратын үдемелі, және артық салмақ болса да, ары қарай үлкеймейтін тұрақты 
кезең.
I дәрежелі семіздік: дененiң нақты салмағы идеал массадан 29%-ға дейін 
асады.
II дәреже: дененің нақты салмағы идеал массадан 30-40%-ға дейін асады.
III дәрежелі семіздік: 50-99% пайызға дейін асуы.
IV дәреже: айырмашылық 100%-дан жоғары.


345 
Семіздік әрқашан ағзаның жұмысын тежейді: жүрек жұмысы ауырлайды, 
қан айналымы бұзылады, демікпе пайда болып, адам тез шаршайды
инфекциялардан қорғанысы әлсірейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, әлем 
халқының 1/5 бөлігі немесе 1,7 млрд адам артық салмақтылар қатарына 
жатқызылады. Бұл топтардағы адамдардың 250 миллионы созылмалы семіздік 
ауруы мен оған қосарлана жүретін кең таралған ауруларға шалдыққан. 
Әлемдегі мезгілінен бұрын болатын әрбір үшінші өлім-жітімнің семіздік пен 
адамның аз қимылдауынан туындайтын аурулармен байланысты екендігі 
анықталған. Қазіргі кезде семіздіктің таралу қарқындылығы соншалық, осылай 
кете берсе бұл сандар 2025 жылға қарай екі еселенбек. Әр 10 жыл сайын артық 
дене салмағы мен семіздіктің таралуы 10 пайызға өсіп отыр. [3] 
Бұл мәселе – біздің елімізде де соңғы уақыттары кең етек ала бастады. 
Мамандар семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбаудан және аз қимылдаудан 
пайда болатындығын айтады. Артық салмақтылар жүрек-қантамырлары 
ауруларына, жатыр мойны мен аналық, аталық бездердің, сүт безінің, тоқ 
ішектің, бүйректің, бауырдың және өт қабының қатерлі ісіктері, остеопороз, 
артрит, тыныс алу ағзаларының ауруларына жиі шалдығады. Сондай-ақ, бұл 
дертке шалдыққандарды өмір жасы да 7 жылға қысқаратын көрінеді. БҰҰ-ның 
азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының баяндамасында Орталық Азия 
аймағындағы ең семіз адамдар – қазақстандықтар деп көрсетілген. Оған сенсек, 
Қазақстандағы ересек адамдардың 24,4 пайызы семіз. Ұйым сарапшылары 
«төрт миллионға жуық қазақстандықтың немесе елдің әрбір төртінші 
тұрғынының артық салмағы бар» деп есептейді. Бұл, әрине, алаңдатарлық, 
дабыл қағарлық жағдай.
Емдік дене шынықтыру анатомиялық және физиологиялық тіндер 
бұзылыстарын қалпына келтіреді. Тарихына тоқталсақ, 1921 жылы сан-
курорттық орындар ашылғаннан бастап ЕДШ колданыла бастады. Емдік дене 
шынықтыруға Гиппократ, Гегель аталарымыздың еңбегі зор. [4] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет