«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет49/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   169
thesis141891

References: 
1. Bromley Y. V. Ethnos and Ethnography. - M., 1973. 
2. Karaulov Y. N. Russian language and linguistic personality. - M.: Science, 
1987. - 236 p. 
3. Stepanov Y. S. In three-dimensional space of language: Semiotic problems of 
linguistics, philosophy, and art. - M., 1985. 
4. Sternin, I. A. Structural semasiology and linguodidactics / Russian word in 
the linguistic-cultural aspect / I. A. Sternin. - Voronezh, 1987. 
5. Kunanbayeva S. S. Theory and practice of modern foreign language 
education. - Almaty, 2010, - 344 p. 
6. Prokhorov Y. E. Linguistics. Inter-cultural studies. Geography: Theory and 
practice of teaching Russian as a foreign language. Mmm.. 1998. 108 p. 
7. Vorobyov V. V. Linguoculturology: Theory and methods / V. V. Vorobyov. - 
M.: UDN, 1997. - 250 p. 
 
ЖАКУПОВ Ш. А., ОТЫНБАЕВА Г. Б. 
(СЕМЕЙ, ҚАЗАҚСТАН) 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ҮРДІСІ 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 
жастарға арнап айтқан жолдауында: «Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі 
қалыптастыруы керек. Мен сіздерді және барлық студенттерді біздің 


140 
олимпиадашыларымыздың жеңісі құрметіне зиянды әдеттерден бас тартуға 
шақырамын, спортпен айналысыңыздар, саламатты өмір салтын ұстаныңыздар» 
[1] деген болатын. Осының дәлелі ретінде елімізде дене шынықтыру және 
спортты дамыту, республиканың ұлттық ерекшеліктері мен айрықша 
белгілеріне байланысты дамыту маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. 
Дене шынықтырудың нәтижелілігіне жүйедегі барлық құрал және 
мүмкіншіліктерді пайдаланғанда ғана жетуге болады. Оқыту мен тәрбиелеу 
міндеттерін шешу де дене жаттығуларының үлесіне көп салмақ түседі.Дене 
жаттығулары дене тәрбиесі саласындағы ғылыми және практкалық табыстарды, 
қоғамдық тарихи тәжірибені берудің бірден-бір әдісі. 
Бұлардың дамуы халықтардың мәдениет түрі, ұлттық сипаты бойынша 
барлық дамудың қалыптасқан үрдісінен шығып, қазіргі ғылым жетістіктері 
негізінде болуын қажет еді. Осыған байланысты қозғалыс практикасы үшін 
дене шынықтыру мен спортты ұлттық және интернационалдық дамыту 
мәселелері маңызды мәнге ие болды. Қазіргі күні дене шынықтырудың әр түрлі 
ұлттық түрлері пайда болуда және дамуда. 
Ұлттық ойын - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл,елі мен 
жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға 
жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп 
өнуіне әсер ететін факторлардың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты - 
халықтық ұлттық ойындары болып табылады. 
Ұлттық ойындарды қолданудың негізгі мақсаты бала бойындағы дене 
күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар оның мінез - құлқы 
мен адамгершілік қабілеттерін сәби кезінен тәрбиелеуге ұлттық ойындардың 
пайдалы ықпалы бар екендігін көрсету тақырыптың өзектілігін айқындай түседі 
[2, 17 б.].
Дене шынықтыру және спортты дамытуда дәстүр бірінші орын алды. 
Спорттық дәстүрлер Қазақстан халықтарының дене шынықтыру және спорттың 
ұлттық және интернационалдық түрлерінің айрықша белгілерінде дене 
тәрбиесінің барлық жүйесінің болмысы көрінеді. Әрбір жаңа қоғам, әрбір жаңа 
ұрпақ өзінің уақыты мен кезеңінің қоғамдық – тарихи жағдайының белгілері 
мен сипатына байланысты өткен дәстүрлерді қабылдайды, пайдаланады. Қазіргі 
уақытта олардың көбі халық өмірінен толық жойылды, тек ұлттық дәстүрлер, 
діндік дәстүрлер қалды.
Дене шынықтыру және спорт - тәрбиенің өзекті мәселелерінің маңызды 
тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан да республикада олардың ары 
қарай дамуына мемлекеттік қамқорлық керек.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың 
қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлттық ойындар. Бүгінде 
ойынды халық педагогикасының бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы 
жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі 
жайдан жай емес. Қазақ халқы – материалдық мұраларға қоса мәдени 
қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына 
ұлт ойындары жатады. 


141 
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді, 
мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз, өйткені ең алдымен не болса да 
жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Ойынды біз бар өнердің бастауы деп 
білеміз. Ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып, 
кемеліне келгенше жолда кездескен сандаған үлкенді–кішілі арналардан бас 
кұрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзеннің орта тұсынан шыққан адам оның 
басы әуелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоймас 
та еді. Ұлт ойындары біздін көз алдымызға тап осы суреттерді елестеді. Өткені 
бір кезде ол бар өнердің басы, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. 
Шынында да, көне жиналған думанды сауықта, ойын-той үстінде дүниеге 
келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпаққа ұлттық 
мәдениет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халықтардың бірі. Ұлттық 
ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жекелеген нұсқаларын 
жинаушылардың қай-қайсысы болмасын оны жоғары бағалап, көшпелі 
халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Ойындардың өзі адам 
еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой-құбылысының көрінісі, танып-
білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келген өнердің бастамасы
халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс. 
Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-сауық, 
көңіл көтеретін орын деп қарамаған.
Ең бастысы – ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер өзінің осы қабілетін 
шаршы топтың алдында баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған . 
Сондай-ақ талапты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен, танымал ұстаздан 
үйреніп, жаттығатынын, аянбай тер төгетінін байқаймыз. 
Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып
отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық-мәдени өнер тіршілігінің 
жиынтық бейнесі, көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен 
мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі 
толықтыра, байыта түседі. 
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, 
алтын табақ ату, т.б спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да 
ие. Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген.Атқа міну 
өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ 
дәстүріне айналды.Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында 
ойнауға бейімделді. 
М.Жұмабаев ойындарды "Халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, 
ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі 
элементтері," - деп тұжырымдайды. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте 
бай және әр алуан болып келеді. Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, 
ондағы көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөлінеді. 
Атап айтқанда: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт 
ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде, ұлттық ойындар – 
ауыз әдебиетінің бір саласы Ұлттық ойын түрлері ұлан-байтақ қазақ даласына 
ауызекі тарай келіп, ол түрленіп, өзгеріп отырған. Жан-жақты дамыған, 


142 
денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды 
тәрбиелеу ежелден-ақ халық арманы. 
Ұлт ойындарының бойына ел мен елді, халық пен халықты бір-біріне 
ұштастыратын жасампаз күш жинақталған. Олай болатыны, өмірде бір-бірімен 
байланыссыз, оқшау тұрған еш құбылыс жоқ. Басқаны танып-білу үшін, ең 
алдымен, өзіңді танып-білу қажеттілігі туындайды. Ұлттық мұраларды тиімді 
пайдалану арқылы біз ұлтқа тән салт-сана, әдет-ғұрып дәстүрлерін құрметтеп, 
үлгі тұтып, өз халқының тілін, дінін қадірлей білетін және өз бойына ұлттық 
қасиеттерді сіңіріп, жинақтап өскен ұл-қыз тәрбиелейміз. Сол арқылы жастар өз 
халқының менталитетін өз бойына сіңіріп, ең алдымен, өзінің кім екенін, 
шыққан тегін танып-біле алады да, басқаның да қадір-қасиетін сезініп, өзі де 
олардан үйренетін болады. 
Олай болатыны, жас ұрпақ өзінің белгілі бір ұлтқа қатысты екенін сезінбей 
тұрып, сол ұлтқа тән моральдік қасиеттерді бойына сіңіруі, өз ұлтына деген 
перзенттік борышын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуі, сол ұлтқа тән 
адамгершілік сапаларды қабылдауы қиын. Кеңес дәуірінің оқыту жүйесі үлкен 
табыстарға жетіп, халықты жаппай сауатты дәрежеге жеткізгенімен, әсіресе, 
саясатқа негізделгендіктен ұлттық мүдде аяққа басылды. Ұлттық ойындарды 
оқу-тәрбие 
жұмысына 
пайдалану 
педагогикалық 
жүйенің 
жалпы 
заңдылықтарына бағынады. Педогогикалық жүйенің міндеттері, мазмұны, 
формалары, әдістері, тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып 
отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. Ұлттық ойындар 
өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа 
тән қасиеттерді жинақтайды, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан-жақты 
тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тәрбие жүйесінің міндеттері 
мен түрлерін толықтырып қана қоймай, оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны мен 
әдіс-тәсілдерін байытуға, оны жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша 
белсенді әрекет жасайды. 
Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры 
басталғаннан кейін, әр кезеңде әр түрлі пікір айтып, оны ұрпақ тәрбиесі, білім 
беруге іске қосу мәселесі үзбей айтылып келеді. Ұлт ойындарында, оның ішінде 
Орта Азия халықтарының ішінде әдет-ғұрып бойынша қыз балалар мен ұл 
балалардың тұрмыстық ойындарына мән беріп, көңіл аудару әдеті 
қалыптаспаған болатын. Әсіресе, Қазақстан сияқты кең өлкені алып жатқан 
елде бәйге, ат жарысы, дөнен, құнан, түйе жарыс, жорға жарыс, күрес, садақ 
ату, көкпар, аударыспақ қыз қуу, теңге алу түрлері халық арасында кең тараған 
құбылыс болатын. 
Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Ол өте қарапайым 
көрінгенімен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, бала 
тәрбиесінде, оны өзара әрекетке жетелейтін қимыл түрлері қаншама. Ең 
бастысы, ол – баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның 
ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің жетілуіне, тыныс 
мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруіне, соның нәтижесінде 
қырағылық мен мергендікке баулиды. 


143 
Ойын мағынасымен жеке оқушының мақсаттары бір-бірінен алшақ 
кетпейді, қайта бір-біріне қабысып, ұштасып жатады. Олай болатыны, ойын 
мақсаты - өзінің қарсыласын ұту, одан басым түсіп, жеңіске жету. Ұлттық 
ойындардың жасаушысы – халық. Олай болса, бұл – халықтық шеберлік. Осы 
күнде сол халық жасаған туындыларға күдікпен қарайтындар әлі де кездеседі. 
Қазақ халқының жеке-дара тұлғалары ғасыр бойы осы қарапайым халық 
ойындары арқылы неше алуан өнер саңлақтарын, адамдардың қорғаны болған 
батырларды тәрбиелеп шығарды. Олай болса, ұлттық ойындардың өзі, шындап 
келгенде, адам қасиетін бір жақты емес, жан-жақты дамытуға негізделген. Ол 
тек көңіл көтеру, ермек үшін жасалмаған. Ол – адам баласының жағымды 
қасиеттерін дамытып, ойлатып-толғантуға, сезімталдыққа, басқаның жағдайына 
ене білуге, жеңіске деген ұмтылысқа, өз күшіне деген кәміл сенімділікке 
денесін шыңдап, қабілетін арттыруға, қиялдай білуге, сол қиялды орындауға 
жетелейді. Бұл ұлттық ойындардың бойына дарыған ежелгі қасиеті болса, 
біздің ата-бабаларымыз содан тәлім алып өсті. 
Бүгінде ұлттық ойындардың осы табиғи тәрбиелік қасиеттері мектептегі 
оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдіснамалық негіздерін құрайды. 
Ұлт ойындары – адамдардың шындықпен өрілген алыс күндерін меңзейтін, 
болмыстың өзінен туындайтын және соны жастардың танып-білуі мен түсінуіне 
арналған ақыл-ой, қиялының өрелі өрісі [3, 45 б.]. Яғни, ол - күнбе-күнгі адам 
тұрмысының көрінісі. Сондықтан адамның өзі, оның тұрмыс-тіршілігі қандай 
шыңдық болса, ол жасаған ойын да сондай болмыс шыңдығы. Ұлт ойындары 
сайып келгенде адам қиялы арқылы өмір шыңдығының адам санасында 
түрленіп, қайта тууы болып табылады. Өйткені, ойын дегеніміз – адамның 
еңбек тәжірибесінің ойын арқылы қайталануы. Олай дейтініміз, ол – белгілі бір 
жүйеге негізделеген адамдық дене, ақыл-ой жаттықтырушысы. Дене 
шынықтыру мен спортты дамыту үлкен мүмкіншіліктерге ие. Осыған 
байланысты республикадағы дене шынықтыру ұйымдарының алдында үлкен 
және жауапты міндеттер тұр. Бұл үшін дене шынықтыру қозғалысы жалпы 
және халықтық қозғалысқа айналу үшін, дене тәрбиесінің ұлттық жүйесінің 
жалпы принциптерін тарату ерекшеліктерін талдау керек. 
Қорыта келгенде, қазақ халқының ұлттық мұраларының бірі – ұлт 
ойындары. Өйткені ұлттық ойындар арқылы біз болашақ жастарды рухани 
сезімге тәрбиелей аламыз. Осындай атадан балаға мұра болып келе жатқан
ұлттық спорт ойындары – «Қазақша күрес», «Ат жарыс», «Көкпар», «Тоғыз 
құмалақ», яғни осы ойындар дүниежүзілік олимпиадалық ойындарда өткізілсе, 
қазақтың ұлттық спорт ойындары үлкен мәртебеге жетер еді. Қазіргі 
мұғалімдердің,ата-аналардың міндеті- әр балаға өз ұлтының салт-дәстүрін, 
ұлттық ойындарын үйретіп тәрбие берсе, сонда ғана біз оларды өз елінің 
патриоты ете аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет