167
Мысалы: Шай жиыла
бере, Абай жастыққа құлай түсті
(Мұхтар Әуезов).
Келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, мезгіл сабақтас сөйлемдер болған
оқиғанын немесе іс-әрекеттің мезгілін, уақытын білдіріп тұр.
Ғалым Қ.М.Есеновтың біз басшылыққа алып отырған кітабында
сабақтастың төртінші түрі себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге мынадай
түсінік беріп кетеді; «сабақтастың бұл түрінде
компонент басыңқыда
хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде
басыңқыда оның салдары келіп шығады» - деген. Жасалу жолдарында шартты
райдың форматтары кездеспейді. Тек есімшенің
-ған жұрнағы шығыс септік
тұлғасында жұмсалып, -
ған жұрнағына
соң шылауы қосылады. Мысалы: Қодар
қиналып
қатуланған соң, Жәмпейіс өз естігенін тегіс айтқан жоқ. Үй іші тегіс
қош
алған соң, екі ақын да оңай шешілді
(Мұхтар Әуезов). Көсемше арқылы,
яғни
-п, -й жұрнақтарын кейде
-ғандықтан тәсілімен алмастырып та жазылып
жүр. Мысалы: Бар өмірі ат үстінде
таза ауда өтіп келе жатқандықтан, үсті-
басы қол батпайтын білеудей-білеудей бұлшық ет, қарны шыққан емес
(Ғабит
Мүсірепов), Бұл күні күн желтеңдеу
болғандықтан, оған аттың қатты жүрісі
қосылғандықтан, көзіме шаң тығылып, далаға жөнді қарай алғам да жоқ
(Сәбит Мұқанов), Асылбек бұл ауылдың күйеуі
болғандықтан, оншалық
шешіліп кете алмайды
(Мұхтар Әуезов). Амал бағыныңқы сабақтас сөйлем
кейде «қимыл-сын бағыныңқы» деп те аталатын сабақтастың бұл түрі
туралы
ғалым «мұнда бағыныңқы компонент басыңқыда орындалған оқиға-әрекеттің
қалай, қайтіп болғандығы жайындағы амалдық тәсілін білдіріп тұрады» -деген.
Амал бағыныңқы синтетикалық тәсілдер арқылы жасалғандықтан, көсемшенің
-
п, -а, -е, -ғандай тұлғадағы жұрнақтары кездеседі. Мысалы: Абай Құлабестінің
басын Көлқайнар жаққа бұра
бере, қамшы басты
(Мұхтар Әуезов), Құнанбай
шешесіне
қарап, үндемей бас изеді
(Мұхтар Әуезов), Шауып келе жатып кілт
тоқтап, бәрі бір жағына қарай сұлап түседі
(Ғабит Мүсірепов), Балқаш атты
ағытып
байлап, жел жағына түтін салған екен
(Сәбит Мұқанов), Нелер атпал
айғырлар мен сақа билердің өзі де алты айлық аурудан
тұрғандай, көлеңкесі
ғана қалған
(Мұхтар Әуезов), Енді ақ боз ат та бірдемеге тіреліп
тоқтағандай,
Жұмабай зорға дегенде бойын түзеп ап, жаңа ғана тымағын кейін қайырып қап
еді
(Мұхтар Әуезов). Сонымен қимыл сын бағыныңқы сабақтас сөйлем іс-
әрекеттің қалай жүзеге асқандығын айқындайды.
Мақсат мәнді сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқыда
айтылған ойдың не үшін болудағы мақсат жағдайын білдіріп тұрады.
Осыған
орай мұның да өзіне тән арнаулы жолдары болады. Алайда мұндай жолдар,
басқаларына қарағанда, мақсат бағыныңқыларда санаулы ғана. Осы себепті де
бағыныңқы сөйлемнің бұл түрі әдеби тілімізде көп қолданыла бермейді. [2, 88-
б]. Шын мәнінде сабақтастардың ішідегі көп кездесе бермейтін түрі осы мақсат
сабақтас. Жасалу жолдарында
үшін, деп шылаулары тұйық райлы етістіктермен
және
де көмекші етістігі,
деп көмекшісі ІІІ жақты бұйрық рай,
деп көмекшісі
-
ар формантты есімшемен тіркескен сөйлемдер жатады. Мысалы: Аяғының
сырқырағаны басылар ма екен
деп, ол тізесін отқа қыздырады.
(Мұхтар
Әуезов). Сонымен, мақсат бағыныңқы сабақтаста бағыныңқы сөйлем
басыңқыдағы ойдың мақсатын айқындап тұрады. Сабақтастың түсіндірмелі
168
сабақтас түрінде алдыңғыларына қарағанда ерекшелігі негізгі қызмет
басыңқыда болады. Олай дейтін себебімізді мына зерттеу еңбегінен
байқауымызға болады: «бағыңқы компонентте
қызмет белгілі бір жайт сөз
болады да, соның мән-мағынасы, түсінігі басыңқыда айқындалатын болады.
Осыдан келіп сабақтастың бұл түрі өзгелерінен осылайша ерекшелене алады.
Осы жағын ескеріп, мұны «түсіндірмелі бағыныңқылы сабақтас» демей
«түсіндірмелі сабақтас» деп атап отырмыз» [2, 99-б]. Жасалу құрылысынан
мынадай өзгешеліктерді байқаймыз. Олар:
бұл, ол сілтеу есімдігімен, сөйлем
құрылысы
не десе (бағыныңқы),
дер ем (басыңқы) түрінде жасалады. Мысалы:
Сенің
малың кетсе, ол – азаматтың құны
(Мұхтар Әуезов). Салыстырмалы
сабақтас сөйлемда бағыныңқысы мен басыңқысы мағыналық жақтарынан
қарым-қатынастарын бір-бірімен салыстыра айтылады. Бірақ салыстырулары
қатар жүрумен бірге, оқиғалары да үйлесіп тұру қажет. Салыстырмалы
сабақтастардың жасалуына келер болсақ: бағыныңқы компоненті
қандай сұрау
есімдігімен, басыңқысы соған лайық
сондай сын үстеуімен; бағыныңқыда
қалай
есімдігі, басыңқыда
солай есімдігі; бағыныңқыда
қанша сұрау есімдігі,
басыңқыда
сонша мөлшер үстеуі; басыңқыда
одан да тәріздес күшейткіш
үстеуінің қолданылуы көрініс табады.
Сабақтастардың Есенов бойынша бөлген соңғы түрі, тіл біліміне енгізген
жаңалығы десек те болады, ол - үлестес сабақтас сөйлем. Мұнда бағыныңқы
басыңқыға тәуелді болмай, ондағы қимыл-әрекеттер өз бетімен орындалады.
Жасалу жолдарында белгісіздік есімдкітері кездесседі. Мысалы:
Бірі күйгенін
көрсе,
өзгелері соны арашаламақ боп, ысылдап отқа атылады
(Сәбит Мұқанов),
немесе бастауыштары кейде изафеттік құрылыста болады. Мысалы:
Біреудің
аузы ашылса,
біреудің көзі бақырайып қалыпты
(Ғабиден Мұстафин). Қорыта
келе, біз саақтас құрмалас сөйлемдерді тілтанушы ғалым Қ.Есеновтың тоғызға
бөлгенін және олардың өздеріне тән категориялары мен мағыналары бар
екендігін байқадық. Әр қайсысына көркем әдеби шығармалардан мысалдар
келтіріп, мәнін ашуға тырыстық.
Достарыңызбен бөлісу: