Әдебиеттер:
1.
Тэйлор. Первобытная культура. М., 1939.
2.
Мифологический словарь. М., 1990.
3.
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы. 1984.
4.
Әбдікәкімов Т. Ашам хаттары. Алматы. 1993.
5.
Әскербекқызы Ж. Қаз қанатындағы ғұмыр. Алматы. 2007.
6.
Ақсұңқарұлының С. Анти-поэзия / С.Ақсұңқарұлы // Қазақ
әдебиеті.- 2002.- 29 қараша.
7.
Қирабаев С. Талантқа құрмет. Мақалалар. Зерттеулер. Портреттер. -
Алматы: Жазушы, 1988.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті
Сейпутанова Айымгүл Қамзақызы
СЕЙПУТАНОВА А.Қ., САБИЕВА Л.Т.
(ӨСКЕМЕН, ҚАЗАҚСТАН)
ҚАЗІРГІ ЛИРИКА ЖӘНЕ КЕЙІПТЕУ ТӘСІЛІ
Жанат Әскербекқызы қазіргі поэзияға Нұрлан Мәукенұлы, Тыныштықбек
Әбдікәкімов, Светқали Нұржанов, Гүлнар Салықбаева, Маралтай Райымбеков
сынды ақындар тобындағы толқынмен бірге келді. Аталмыш ақындарға белгілі
әдебиеттанушы ғалым Р.Нұрғали: « бұл ұрпақ ұлттық дәстүрлерді ғана емес,
әлемдік үздік үлгілерді жақсы игерген, әдеби дайындығы, эстетикалық талғамы
аса мол толқын » - деп баға береді.
308
Шығыс Қазақстан өңірі, Тарбағатай ауданының тума таланты көнедегі
«Көк түріктер әуенін» жаңғыртып бүгінгі поэзияға өзіндік өрнек салған
Ж.Әскербекқызы қазақ поэзиясында 1980 – жылдардан бастап таныла бастады.
Содан бері «Ғарыш билер ғұмырымды», «Қаракөз бұлақ», «Қаңтардағы қызыл
гүл», «Көк түріктер әуені», «Қаз қанатындағы ғұмыр» т.б. жыр жинақтарының
авторы ретінде қалың жұртшылыққа мәлім. Қай жыр жинағында болмасын,
ақын қаламына тән нәзік сыршылдық, тылсым дүние саздары, табиғатпен
үндестік, сағыныштың мұңлы әуені көрініс беріп отырады. Сондай – ақ,
өлеңдерінде адам ғұмырындағы қуаныш пен қайғы, махаббат сезімінің тылсым
сырлары, жалғыздықтың жан азабы, адам рухының екіұдай болып жарылуы,
өмір мен өлім арасындағы күрес, ғарыштық әуендер, қамшының сабындай
пенде ғұмыр мен мәңгілік уақыт сарыны, адам мен табиғат арасындағы
диалектикалық байланыс немесе қарама - қайшылық, бағзы заманнан жеткен
мифтік сарын – желідей тартылып, сан алуан сөз кестесімен құбылып, бейнелі
бедер тауып, ақынның қайталанбас даралық сипатын танытып, стилін айқындай
түскен.
Қазақ жазба әдебиетінде кейіптеу тәсілі Абай поэзиясынан алғаш көрініс
тапқаны белгілі. Мұндағы кейіптеудің өзі көне мифтегі анимизммен сабақтасып
жатыр. Бұл туралы ағылшын ғалымы Э.Тэйлор өзінің «Алғашқы қауымдық
мәдениет» атты еңбегінде анимизмнің мифологиялық мәніне, шығу тарихына,
оның екі бөлігін: жан мен өзге рухтар туралы, жанның өлімнен кейінгі
әрекетіне, тірілу туралы түсініктерге, болашақ өмір, екінші мәрте өлім, өлілер
әлеміндегі рухтың саяхаты туралы түсініктерге, жер үсті және жер асты
әлеміндегі жағдайларға, анимизмнің діни табиғатына жан - жақты талдау
жасайды [1.259 б]. Мифологиялық сөздікке жүгінсек, «Анимизм – қоршаған
орта мен табиғат құбылыстарының рухы, жаны бар деп пайымдаған түсінік.
Анимизм алғашқы қауымдық дін негізінде және алғашқы адамдардың табиғат
күштері алдындағы дәрменсіздігінен туындаған. Мифология анимизмді
орманның, таудың, ағаштардың, бұлақтың, өзеннің, жел мен толқынның жаны
бар деген сенімінен туындағанына куәлік етеді. Жыл мезгілдерінің ауысуы,
тасқынның болуы, дауыл, т.б. құбылыстарды ежелгі адамдар табиғаттың жанды
күштері түрінде түсініп, адамға тән іс - әрекетке ие адам бейнесінде
қабылдаған» [2.121б]. Ғалым С.Қасқабасов осы анимистік наным - сенімнің
көркем әдебиеттегі кейіптеумен сабақтастығын көне мифтің көркем
мифологияға айналуы ауқымынан қарастырады [3.91б]. Кейіптеу үлгілері қазақ
фольклорынан бастап бүгінге дейінгі әдебиетте де, өзге халықтың көркем
туындыларында да көптеп кездеседі. Мифтік сипаттағы кейіптеу үлгілерін
жазба әдебиет поэзиясында жоғарыда айтқанымыздай Абайдан бастап Мағжан
Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Есенғали
Раушанов, Жанат Әскербекқызы сынды ақындар шығармашылығынан молынан
ұшыратуға болады. Мысалы, Тыныштықбек Әбдікәкімов поэзиясындағы
мифтік сипат ақындық дүниетанымының кеңдігін, көзқарасының тереңдігін әрі
дүние - құбылысты қабылдауында ешкімге ұқсамайтын даралығын байқатады:
... Қайдасың сен, бауырым – қоңыр тауым?!
Қайдасың сен, самал жел – қарындасым?!
309
Қайнамайды мендегі қалайша қан:
(Қаңтарда да көрмедім балауса қар!)
Көз алдымда барасың сен үзіліп,
Көде мұртты Далам – ай, селеу сақал!
Түсіндіре алар ма мұны ғалым,
Түйсіктердің сайрағыш тілі қане?
Көрсетпеші бұралқы итке айналып,
Ағысы жоқ арнаның ұлығанын! [4.23 б].
Бұл өлеңнің өн бойында лирикалық қаһарман өзін табиғаттың бір бөлшегі
ретінде танытса да, айналаға көрік беріп, мен мұндалайтын тауынан, бетті
өбетін самал желінен, «көде мұртты, селеу сақал» даласынан айырылып, сұлу
табиғаттың сұрқы кетіп, әдеміліктің ауылы алыста қалғанын, соған кінәліні
іздегендей ғалымнан жауап сұрауы мифтік таным, түсініктің адамзат
санасының даму барысында трансформацияға ұшырап, басқа мақсатқа –
көркемдік – эстетикалық қызметке ауыса отырып, экологиялық мәселені
көтеруімен
ерекшеленеді.
Осы
орайда
Жанат
Әскербекқызы
мен
Т.Әбдікәкімовтің ақындық әлеміндегі адам мен табиғат арасындағы
диалектикалық байланыс, табиғат трагедиясын суреттеу өзара үндес
болғанымен, әр ақынның өзіндік сөз саптау үлгісі, дара стилі айқын
аңғарылады. Жанат ақынның:
Бәрінен де жұрт оны биік депті...
Тұратын – ды сол терек сүйіп көкті,
Сайтан құйын бір күні ойнақтап кеп,
Тамырымен қопарып жұлып кетті.
Жатты терек. Жай емес жылап жатты.
Жансыз ағаш, зар – мұңын кім аңдапты.
Жапырағы төгіліп көз жасындай
Жүрер жолда көлденең сұлап жатты... [5].
деген өлең шумағында «сайтан құйынның онақтап кеп» теректі тамырымен
қопарып, жұлып кетуі, яғни, өктем күштің әлсізге әлім жеттік жасауы және
теректің де адамға тән әрекеті кейіптеле суреттеліп, сол арқылы лирикалық
қаһарманның көңіл – күйі табиғат суретінің бойына сіңіп, өзгеше бір көркемдік
тәсілмен өрнек тауып ақынның өзіне тән стилін танытқан. Сайтан құйынның
қиянатшыл әрекетінен қорғана алмаған теректің халі трагедиялық қалыппен
көрінген. Көркемдік шындық тұрғысынан терек болып бейнеленген образдың
ақиқат өмірдегі нәзік жанды, қорғансыз қыз табиғатынан еш айырмасы жоқ
деуге болады. Өлеңдегі сайтан құйын да өмірдегі жағымсыз сипаттағы типтерге
ұқсас. Жоғарыдағы талдау мифологиялық ойлау жүйесіне тән анимистік наным
– сенімнің көркемдік ойлау шеңберінде метафоралық – символдық мәнге ұласа
отырып, сыршыл сезімге толы өлеңнің өзегі болғанын аңғартады.
Жанат Әскербекқызының көптеген өлеңдерінен күндізгі күйбің тіршіліктен,
пенде ғұмырдан ақын тыныш тауып, өзімен өзі қалып, табиғатпен емін еркін
сырласып, ғарышқа құлаш сермеуі күннің түнге ұласқан шағы, әсіресе, қызыл
іңір екенін байқау қиын емес. Демек, ақындық шабыт айтып келмесе де, күндіз
көкейде тоғытылған ой түн баласында маза таптырмай, ақын қиялына қиял
310
қосып, оны табиғаттың бүтін бір бөлшегіне айналдырады. Мысалы, Ақынның
«Ай екеуіміз...» атты диалогқа құрылған өлеңі мынадай экспозициямен
басталған: «...Тамыз айында тым қашықтағы ауылыма сапар шектім. Пойыздан
түскен соң да жеңіл машинамен талай жол жүру керек. Кештете шыққанбыз...
«Халің қалай?» деп жұлдыз біткен жамыраса бастап еді, Айдың сабырлы да,
салқын әрі өктем үні оларды сап тыйды. Оң қапталымда, биікте, бір қырынан
жайғасып алған Ай қалмай ілесіп келеді, тоқталмай әңгіме айтып келеді... Бір
сәтте мен өзімді ауылыма қарай Ай жетелеп әкеле жатқандай сезіндім...
Қараңғылық қоюланған сайын Ай айқындала түсті. Менімен бірге жүріп
келеді... Жүзіп келеді. Айтқан әңгімесі де тым қызықты, тым мұңды, тым
әсерлі...» Енді өлеңнен үзінді келтірсек:
Ай:
... Білесің бе,
Мен туралы аңызды?!
Сол аңыздың түбі шындық тәрізді.
Маған мәңгі рух болып қонақтап,
Ақын біткен әңгіме айтар маңызды...
Мен Адамнан
Айға айналған екенмін,
Талай ғасыр тылсым сырды көтердім.
Пенде біткен пенділіктен қажыса,
Түнге ілесіп жанашыр боп жетермін... [5.50 б.]
деп ақынға Айдың сыр ашып, адамға тән іс - әрекет танытуы қазақи мифтік
наным – сенімнен туындаған кейіптеу тәсілінің ұлттық сипатын аңғартады.
Қараңғыда қашанда киелі Ай мен жұлдыз адамға жолсерік болып, талай аңыз -
әңгіменің арқауы болып, халықпен бірге жасап келе жатқаны белгілі. Ай мен
ақынның сырласу диалогы жанды суретті көз алдымызға әкеледі. Ай ақынға
өкпе, назын былайша білдіреді:
Терезеңе телмірдім,
Тілдесер деп...
Көз қиығын салмадың,
Күнге шөлдеп.
Күнді күттің –
Сонда мен жылап тұрдым,
Бұл қылығың жабысып мың кесел боп.
Тәтті ұйқыңды күзеттім
Білмедің де,
Үнім жүрді булығып
Түн демінде.
Жарық қана тұрады көлегейлеп,
Өштігім жоқ әйтпесе
Күнге мүлде... [5.49 б].
Ақын Айға жауап қайтаруда оның жанына жақын әрі мұң шағар түнгі
досы екенін жеткізе отырып, ішкі көңіл күйін танытқан:
311
Жарықты сүйемін –
Сен де жарықсың.
Налып жүр едім –
Сен де налыпсың,
Айым...
Тілдескім келеді
Тылсым үндермен.
Құлағым тұнды
Күрсінулерден...
Күнді іздегенім,
Үміт қуғаным,
Өзімше мұңды ұмыт қылғаным...
... Бәрібір саған
Жуық тұр жаным. [5.49 б].
Ақын өлеңінің соңында: « Ауылға кіре берісте Ай тура алдымда тұрды.
«Көрдің бе, сені мен аман – есен үйіңе жеткіздім. Әзірге!» деп күбірлегендей
болды да... үнсіз қалды...» деп аяқтауынан әлемдегі құбылысты өзіндік
түйсікпен қабылдап, өзі құлақ түрген дыбыстарға елеңдеп, ақындық әлемнің
кеңістігін барынша шарлап, тылсым сырды көрікті оймен көмкеріп, көркем
сөзбен оқырманына жеткізгенін аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |