«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет120/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   169
thesis141891

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Қ.Р Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.Жаңа 
әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана 2007 
2. 
Республикалық ғылыми әдістемелік журналы «Өзін- өзі тану» 
№4(64) 2015, №3(63)
СЕЙПУТАНОВА А.Қ., МЕШЕЛОВА Б.З. 
(ӨСКЕМЕН, ҚАЗАҚСТАН) 
ПОЭТИКАДАҒЫ СТИЛЬДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 
Бүгінгі таңда қазақ поэзиясының стиль мәселесі жайында бірді-екілі 
еңбектердің жарық көргені болмаса, әлі де түбегейлі зерттеліп, толыққанды 
қаралды деп айта алмаймыз. Өйткені, жалпы стиль жайындағы пікірлер, 


301 
пайымдаулар, анықтама, тұжырымдардың өзі қазақ ғалымдары арасында ғана 
емес, сондай-ақ шетел ғалымдары арасында да сан қилы болып келеді. 
Ең алдымен, стильдің не екенін еске түсірер болсақ, ол гректің «stiloes» 
сөзінен өрбиді. Стило жазуға арналған үшкір таяқша. Әу бастағы хатнама, 
жазуларды осы стило арқылы түсірген. Осыған орай антикалық дәуірдің өзінде 
стиль сөзі ауыспалы мағынада ұғынылып, қолтаңба, хат жазу ерекшелігі 
дегенді білдірді. Сондай-ақ, бұл мағына ұзақ уақытқа дейін сақтала келе, сәл 
өзгеріп, адамның сөз саптау мәнерін білдіретін терминге айналды. Стиль 
термині әр түрлі ғылым саласында қолданылады. 
«Әдебиеттану қырынан қарағанда, стиль-жазу машығы, яғни жазушының, 
жеке шығарманың, әдеби бағыттың, ұлт әдебиетінің өзіндік сипатын танытатын 
образдар жүйесінің, көркемдеу құралдарының тұрақты жиынтығы» [1]. 
Ал, «тіл білімінде стиль-тілдік бөлшектердің нақты бір атқаратын 
қызметіне сәйкес бірігуі, оларды іріктеу, қолдану тәсілдері, әдеби тілдің 
міндетінен өрбитін алуан түрлілігі деген мәнді білдіреді» [1]. 
Осы орайда поэтика мәселесінде де стильдің әдебиет пен тілге 
қатыстығы ежелден даулы нәрсе болып келе жатқандығын қазіргі қазақ 
лирикасының поэтикасын зерттеушілердің бірі Бақыт Кәрібаева да баса 
көрсеткен. Демек, әдебиет теориясының бір саласы болып табылатын поэтика 
соңғы жылдары поэзиядағы бейнелілік, стиль, эстетика мәселелерін өз алдына 
объект етіп қарастыруда. Поэтика мен эстетиканы поэзияның көркемдік 
ерекшелігі, бейнелілігі тұрғысында қарасақ, енді оның идеялық бағытын 
айқындау құралы ретінде де тануымызға болады. Бұл аты аталғандардың қай-
қайсысы поэзиядағы стилъді анықтауда айрықша маңызды роль атқарады. 
Мәселен, бейнелілік стильмен тікелей байланысты. Тіпті оны стильдің 
көрсеткіш құралы десек те болады. Ал, кең мағынада поэтика деп алсақ, оның 
ауқымы стильден әлдеқайда үлкен деген Храпченко пікіріне сөзсіз қосылуға 
болады [2]. 
Өмірді көркем бейнелеу сипаты, ең алдымен, ақынның сол өмірді бейнелеу 
үшін тандаған әдісінің негізінде айқындалады. Қай ақын болмасын әдіске сөз 
сомдау үстінде төселеді. 
Кез-келген ақынның я қаламгердің стиль жағынан, бейнелеуіш 
құралдарды қолдануы жағынан өзара ұқсастық, айырмашылықтарын 
ажыратуда шығармашылық істе пайдаланған көркемдік әдістері шешуші роль 
атқарады. Бұдан ақын, жазушылардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктері де 
айрықша танылады. Шынайы таланттардың жазу машығы өзгелерден оқшау, 
дара көрінеді. Қолға алғаннан-ақ, кімнің жазғанын стилінен қапысыз 
аңғаруға болады. Мәселен, Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағали стилі десек, оны 
айтқызатын - айрықша айшықты, өзгелерден ерек, дара бітімді қолтаңбалары. 
Әлбетте, поэзиядағы поэтикалық категориялар мен көркемдік әдіс ақын 
стилін танытуға көмектескенімен бүкіл шығарманың өн бойынан көрініп 
тұрады деп айта алмаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда поэзиядағы стиль нақты 
жүзеге асқан үлгіде көрініп, оның ерекшеліктері ақын өлеңінде сыртқы 
пішінінен бастап, бүкіл болмысында көзге ұрып тұрады. 


302 
Дегенмен, поэзияда әдіс өзгерсе, оның әсері стильге тимей қоймайды. 
«Бұл - стиль құрайтын шешуші фактор» [3]. Кейбір ғалымдар 
(А.Н.Соколов) 
аксиомаға 
жақын 
мынандай 
тұжырым 
жасайды: 
«дүниетанымсыз әдіс туралы айта алмасақ, онда стиль жайлы сөз еткенде, 
әдіске тоқталмау мүмкін емес - мұнда өзара тұтас байланыс бар» [4]. 
Әдіс пен стиль ақын қаламының ұшында тоғысады. Осы орайда 
стильдің тарихи тұрғыдан өзгермелі болып келетінін Г.Н. Поспелов өзінің 
«Әдеби стиль мәселесі» атты еңбегінде көрсеткен еді [5]. Дәл осылайша әдіс 
жүйесінің де бір орында байыздап тұрмай, замана ағымына және дүние жүзі 
әдебиетінің тыныс - деміне орай өзгеріп, сан құбылып отыратындығын Ш. 
Елеукенов қазақ ақындарының ішінде әсіресе Мағжан творчествосында 
кездесетіндігі арқылы дәлелдейді. «Схемалық түрге келтіргенде Мағжан 
поэзиясы ағартушы реализм, сыншыл реализм, романтизм, реализм мен 
романтизмнің өзгеше бір тоғысуында жаңа заман әуендеріне үн қосу 
сатыларынан өткен» - деп жазады тұжырым жасаушы [3]. 
Бір дәірде шығармашылықпен айналысқан қаламгерлер тобына тән стиль 
мен жеке қаламгер стилі арасында ортақтастық жоғарыда біз айтқан көркемдік 
әдістен туындайтын әдеби ағымға тікелей байланысты. Мысалы, , қазақ 
ақындары Абай, Мағжан, Сәкен сынды ақындар мен Еуропа ' ақындары 
Байрон, Гете, Пушкин, Блок, Мережковский т.б. шығармашылығында 
көркемдік әдіс қайталана отырып, өнердегі өмірді бейнелі суреттеудің ортақ 
ерекшеліктерін айқындап, сол арқылы бір емес, бірнеше елде әдеби ағым 
(бағыт) туындатты. Мысалы, реализм, романтизм, символизм т.с.с. Демек, 
бірін-бірі танымайтын ақындардың стиль жағынан ұқсас келуінің өзі бір 
жағынан идеялық-эстетикалық принциптердің орайлас келуі болса, екінші 
жағынан олардың бір ағым өкілдері болып есептелуінде. Я болмаса «уақыт 
талап етсе, өзге көркемдік жүйеде жазылған шығармаларды еске ала отырып, 
соған орайлас туынды жасалуы ғажап емес» [3]. Мұның өзін әр дәуір 
ақындарында кездесетін стильдік үндестік деуімзге де болады. 
Қай ақынның болмасын стилінің байлығы – көркемдік ізденіс 
нәтижесінің жемісі. Ақын суреткер ретінде марқайып, айрықша стиль 
танытуына, шеберлік шыңына жетуіне өзінен бұрынғы ақындар мектебі, өз 
ортасы, заманы айрықша әсер етеді. Сондай-ақ, жеке ақынның, тұтастай қазақ 
лирикасының биігін межелеуде көркемдік әдіс, әдеби ағым, сөз саптаудағы 
бейнелеуіш құралдар, көркемдік құрылымдар, бір сөзбен айтқанда стиль 
шешуші роль атқарады. Осыған орай жоғарыда айтқандарымызды А. 
Григорянның тұжырымымен қортындылайтын болсақ,: «Стиль әдіске де, 
дүниетанымға да, суреткердің жеке басы мен жазу машығына да, өз дәуірі 
жөніндегі ұғымы мен өз творчествосының ұлттық сипатына да бірдей 
қатысты... Стиль - әлгі категориялардың кемел тұтастығы» болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет