«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет133/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169
thesis141891

Сонымен қатар, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда 
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет. 
Мұғалім 
оқушылардың 
танымдық 
белсенділігін 
қалыптастыру 
мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар 
қойылады: 
Бірінші танымдық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке 
сипатын, мазмұнын ескеру; 
Екінші танымдық тапсырмалардың түрлі деңгейде болуы; 
Үшінші танымдық тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста 
болып және бір жүйеде берілуі;
Төртінші танымдық тапсырма – білімі мен біліктерін жетілдіретіндей 
болуы; 
Бесінші танымдық тапсырма – тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге 
өзгеруі; 
Алтыншы танымдық тапсырма – оқушының жеке қабілеттерін ашатындай 
және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек [3].
Сонымен, оқушылардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу 
әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен 
жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, оқушының күнделікті 
рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті. 
Танымдық белсенділік – оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық 
тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды. 
Оқушының танымдық белсенділігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен 
айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, 
танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі 
қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. Танымдық 
белсенділік әртүрлі сапада көрінуі мүмкін. Оның күрделі табиғатының өзі оның 
жеке адам дамуының түрткісі, қозғаушы күші екендігін көрсетеді. 
Мәселені шешуде талданған негізгі ұғымдардың көлемі мен мазмұнына 
үңіле отырып, оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырудың мәні 
келесідей: 
Біріншіден, қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым 
жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуы; 
Екіншіден, оқу-танымдық міндеттер мен мақсаттарды орындауға талпыну; 


338 
Үшіншіден, 
білім 
алуға, 
шығармашылық 
жұмыстарға 
тұрақты 
қызығушылық; 
Төртіншіден, жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті 
мен қасиеттерінің дамуы; 
Бесіншіден, жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісінің кеңеюі; 
Алтыншыдан, тұрақты ізденімпаздықтың шығармашылық іс-әрекетінің 
нәтижелі дамуына әсер етуі [4]. 
Оқушының танымдық белсенділік әрекетінің деңгейі, бағыты мұғалімнің 
педагогикалық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Мұғалімнің педагогикалық 
шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды 
ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы 
қарым-қатынас, оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыптасуына 
үлкен септігін тигізеді.
Сонымен, танымдық белсенділікті қалыптастырудың алғы шарттарына 
мына нәрселерді жатқызуға болады: 
1. Танымдық белсенділік пен шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. 
2. Қызығушылық, шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. 
3. Оқушыны шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі 
түрде орындату. 
4. Танымдық белсенділікті қалыптастыру барысында кездесетін 
қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алу. 
5. Оқушының танымдық белсенділік әрекетін қалыптастыру кезең 
бойынша сатылап, дамыту. 
6. Оқушының танымдық белсенділік әрекетін қалыптастыру үрдісін 
тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын 
бақылау. 
7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен 
өткізу [5]. 
Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке 
тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Танымдық белсенділік – өте күрделі 
психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. 
Шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін 
дамытады. 
Сонымен, танымдық белсенділік дәрежесі оқушының өзіне, тәрбиесіне, 
сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер 
аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің міндеті. Оқушының 
белсенділік дәрежесі – оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-
тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді. Жақсы нәтижелерге жету үшін ең 
алдымен дайындық және түсіндірме жұмыстарын тиянақты, әрі жүйелі түрде 
жүргізу басты шарттардың бірі ретінде есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет