«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет132/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   169
thesis141891

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Әбілқасымова А. Қазіргі заман сабақ. –Алматы, 2010 
2. Лозовая В.И. Познавательная активность учеников. – Харьков: Основа, 
1990. - 89с.
3. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. – Алматы, 2012 
4. Қожахметова К.Ж., Беркімбаева Ш.К., Құнантаева К.Қ. Педагогика 
тарихы. – Алматы, 2009. 
5. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – 
Алматы: Мектеп, 1998.
6. 
Әбілқасымова А., Омарова Р. Мұғалімдердің танымдық 
ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. – Алматы, 2010ж.
ӘЛІПБЕКА.З., СМАНОВ І.С., ТАСТЫБАЙ Н. 
(ШЫМКЕНТ, ҚАЗАҚСТАН) 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ ЖҮЙЕСІ 
Танымдық белсенділік – адам ойлауы мен өз бетінше әрекет етуінің 
жоғары формасы. Танымдық белсенділік – материалдық және мәдени 
құндылықтарды жасау деп түсіндірсек, ал философиялық сөздікте: «Танымдық 
белсенділік – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды 
біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар 
алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп анықтама берілген. 
Жалпы, танымдық белсенділік – адамның мақсатқа жету жолындағы 
талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен 
ізденісінен түзіліп, ақыл ойы, сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. 
Танымдық белсенділіктің нәтижелері адамды ерекше қуанышқа бөлеп, жаңа 
бастамаларға жетелейді.
Танымдық іс-әрекеттегі дербестік ұғымының мазмұнын психологтар мен 
педагогтар төмендегідей сипаттайды:


336 
- жаңа өнім алуға ұмтылысы, оны болжау мен жоспарлау, алға қойған 
мақсатына жетудегі жұмысына деген тұлғаның қажетсінуінен туындайды 
(Т.Г.Браже, Ю.Н.Кулюткин, А.С.Мустояпова және т.б.);
- жаңалыққа құмарлық, ойлаудың жаңа деңгейіне жетуге әрекет етуі мен 
жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілетінің болуы 
(Б.А.Тұрғынбаева, А.Ә.Әбілқасымова және т.б.);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған ұстанымының беріктілігінен 
туындайды (Қ.Ералин, Г.Е.Нұрмұханова, А.М.Матюшкин т.б.);
- нақты мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады, білік, дағдылардың бірлігі 
қажеттігін көрсетеді (Ш.Таубаева, М.Г.Ярошевский, А.В.Морозов т.б.); 
- шығармашылық сипаттағы әрекетті іске асыруда байқалатын тұлғаның 
сапалық 
деңгейін 
көрсету 
арқылы 
өзіндік 
бағалауын 
арттырады 
(Т.В.Виноградова, Т.Сабыров, Г.А.Федотова т.б.);
- шығармашылық іс-әрекетті тұрақты қажетсіну, жоспарлап, ұйымдастыру, 
нәтижесін көру тұлғаның танымдық қанағаттану сезімін тудырып, 
қызығушылығын аттырады (А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова т.б.); 
- өмірлік бағытын анықтаушы фактор ретінде, белсенділік пен ізденіске, 
істі меңгере білуге, тәжірибе жинақтауға дағдыландырады (М.Ә.Құдайқұлов, 
Б.А.Оспанова т.б.) [1]. 
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай 
негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, танымдық белсенділігі 
мен танымдық әрекетін, логикалық ойлауын т.б. қадағалап, балалармен жеке, 
дара жұмыстар жүргізеді.
Оқыту үрдісі – екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік 
жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың 
ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек 
етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар оқушылардың 
өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері – олардың ықыласын және өз еркімен 
әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады.
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары түріне олардың өз еркімен 
амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын 
таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана 
білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. 
оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты 
болып табылады. Танымдық белсенділік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен 
дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі 
және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі 
тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады [2]. 
Оқудағы дербестілік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге
міндетке тұрақты ынталылық пайда болуымен, назар мен ой-сана әрекетінің 
бағыттылығымен оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделінеді. 
Белсендірудің қандай да тәсілі мен әдістерін пайдалануда оқушының 
қабілет дәрежесін ескеру керек. Күрделі танымдық міндеттерді танымдық 
қабілет дәрежесі жоғары оқушыларға ғана тапсыруға болады. Оқушыға таным 


337 
күшіне сәйкес келмейтін, мүмкіндігінен жоғары, білім деңгейінен анағұрлым 
асып түсетін міндеттер жүктеу білім беруде оңды нәтиже бермейді. 
Оқушылардың 
шығармашылық 
дербестігін, 
танымдық 
белсенділігін 
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда 
шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, 
жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. 
Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру 
қажет. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі 
шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң 
нәтижеге жетуге ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет