«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»



Pdf көрінісі
бет137/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   169
thesis141891

Спорттық-қолданбалы жаттығулар. Бұған жүру, жүгіру, секіру, 
лақтыру, өрмелеу, жер бауырлап жорғалау, шаңғы тебу, туризм, коньки тебу, 
экскурсия, серуендеу, тұрмыстық еңбекке бейімделген қимылдар, қайықта 
ескек есу т. б. жатады. 
Осы көрсетілген спортты-қолданбалы жаттығулардың әрқайсысы-ақ 
организмге тиімді әсерін тигізетіні белгілі. Әрбір жаттығу жай жүруден 
басталады. Көбінде жаттығумен өз бетінше айналысатын адамдар (жүрек-қан 
тамырларымен 
ауырғандары 
семіздікке 
ұшырап, 
тыныс 
жолдары 
зақымданғанда, буындар мен ішек-қарын ауырғанда) ақырын аяңдап жүруден 
бастайды. Қазақ халқында ежелден келе жатқан әдет, қатты ыстығы көтеріліп 
ауырган шақта бірер күн төсекте жатқызып қояды, ал ыстығын қайтару үшін 
көк шөпке жалаңаяқ жүргізеді. Көбірек қимылдаса, жер-ана ауруды тартып 
алады деген ұғым да бар. 
Серуендеу, экскурсия, туризм, терренкур (мөлшерлі жоғары жүру) - 
курорттарда аурудың қалған әсерін біржолата жою үшін қолданылады. Мұның 
бәрі өкпе-жүрек, нерв жүйесінің ауруына шалдыққандар үшін өте пайдалы. 


346 
Ойын 
- 
адамдардың 
көңіл-күйін 
көтеріп, 
қимыл-қозғалыстың 
үйлесімділігін, 
назарын, 
ілтипат-ықыласын 
арттырып, 
жылдамдықты 
шыңдайды. Ойын бір орында қозғалмайтын, жылдам жүгіріп ойнайтын және 
спорттық ойын болып үшке бөлінеді. Спорттық ойындар волейбол, баскетбол, 
бадминтон, теннис т. б. 
Табиғат факторлары — ауа, күн сәулесі, су — адам денесінің ауруға 
қарсылығын арттырып, төзімділігін үдетеді. Ол науқасқа да, сауға да, үлкенге 
де, кішіге де түгел пайдалы. Тек қандай тәсіл болса да ептеп, мөлшермен 
қолданған жөн. 
Емдік гимнастиканың осындай тәсілдерін дұрыс пайдалану үшін оның 
түрлерін, кезеңдерін, негізгі нұсқауларын немесе методикасын, қозғалыс 
режимдерін білу қажет. Оны емдеу профилактикалық орындарда арнайы 
мамандар жетік біліп, қалыпты мөлшерде қолданады.
Мектепте, институтта олар арнайы медициналық топқа бөлініп, емдік 
гимнастика немесе дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысады. 
Емдік гимнастиканың негізгі мақсаттары: денеде тотығу-қышқылдану 
процестерін үдету; жүрек-өкпе жүмыстарын жақсарту; ішек-қарынның ас 
қорыту қызметін арттыру; энергияның; көп бөлініп шығуына ықпал жасау. 
Жалпы қимыл-қозғалысты көбейтіп, дене салмағын кеміту. 
Семіздікке емдік гимнастика екі кезеңде қолданылады. Біріншіде науқас 
адам дене тәрбиесіне өзін үйретеді. Онда ертемен зарядка жасап, таза ауада 
жүріп, өзіне-өзі массаж жасайды. 
Осындай дене тәрбиесіне үйренген соң ақырындап екінші кезеңге көшеді. 
Мұнда бұрынгы жаттығуларға қоса 10 км жазықтықта жүреді, баяу жүгіреді, 
суда жүзіп, шаңғы теуіп, әр түрлі ойынға қатысады. Қалайда артық салмақтан 
құтылуға ынталану керек. 
Жаттығулардың, спорттың қандай түрінен болса да адам ләззат алып, өзін 
сергек сезінуі керек. Тек сонда ғана бойдағы артың салмақтан құтылып
гипертония, қант ауруы, подагра сияқты зиянды науқастардың алдын алуға 
болады. 
Толық адамдарға жазда күннің көзінде қыздырынып көп жатуға болмайды. 
Ол қан айналымын өзгертіп, миға, жүрекке зақым келтіреді. 
Қандай ауру болса да дене тәрбиесінің зияны жоқ, тек ретімен дұрыс 
пайдаланса болғаны. 
Өмірдің жалғасы, болашағы, келешегі — ұрпақтардың денсаулығын сақтау 
өте үлкен, ауқымды мәселе. Дені сау бала өзі де отырмайды, лақтай секіріп, 
жүгіріп, үнемі қозғалыста жүреді. Оған тіпті арнайы жаттығудың қажеті де жоқ. 
Өйткені оның көңілі көтеріңкі, өсіп-жетілуі, дамуы — бәрі ойдағыдай. Енді осы 
туа біткен қорды сақтап қалу үшін үлкен азамат болғанша адам үнемі қимыл-
қозғалысымен, дене тәрбиесімен айналысу керек. 
Өкінішке орай, бүлдіршіндер арасында да неше түрлі аурулар аңғарылуда. 
Оған себептер де көп. Өзімізді қоршаған ауаның ластануы, транспорттың 
көбеюі, теледидар алдында бірнеше сағаттан отыру, бірнеше қатар биік 
үйлердің салынып, баланың еркін жүгіретін жерінің кемуі, телефон-смортфон 
құрылғыларының тереңінен өмірімізге енуі. Осылардың бәрі жас организмнің 


347 
дамуын тежеп, әр түрлі ауруларға шалдығуына әсер етеді. Соның нәтижесінде 
әлжуаз, әлсіз, төзімсіз, нәзік балалар қазір көбейіп кетті. Күн салқындаса болды, 
олар түшкіріп-пысқырып, тұмау тие бастайды. Ата-ана оған салғырт қарап, 
уақытында емдетпесе баспа, тымау т. б. аурулар асқынып, өкпе, жүрек, бүйрек, 
асқазан сияңты ішкі ағзаларды зақымдайды. Сонда ғана дәрігерлерге жүгіріп, 
диспансерлік тізімге ілінеді. 
Яғни, осындай өкінішті жағдайлардың орын алмуы үшін барлығымыз 
бірдей ат салысуымыз қажет.
Мектеп асханалары талапқа сай болуы шарт. Бірақ соңғы уақытта мектеп 
асханаларына қатысты даулы мәселелер көбейіп кетті. 
Мектеп жасындағы оқушылардың семіздігіне жол бермеу шаралары 
ретінде емдік дене шынықтыруды кеңінен пайдалану қажет.
Сол кезде ғана, ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттері, 
жаңа дағдылары қалыптасқан, креативті, сыни ойлайтын, коммуникативті 
дамыған және командада жұмыс істей білетін жас ұрпақ тәрбиеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет