«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Пақырнама 2021

2. Пақырлықтың қасиеттері. 
«Пақырнама» шығармасының негізгі мазмұны пақырлыққа 
негізделген. Онда пақырлықтың маңызы мен мәні, қасиеті, т.б. 
кеңірек айқындалған. Бұл көп ретте заманына қарай сопылықты 
дәріптеген біршама жазбаларда орын алған. Айталық, түрік халқының 
ұлы шайыры Ашығ Пашаның «Пақырнама» деп аталатын мәснәуи 
үлгісінде жазылған дүниесінен осындай жайттарды аңғаруға болады. 
Ашығ Пашаның «Пақырнама» мәснәуиін қолдағы Рим және 
Маниса нұсқаларына сүйене отырып жариялаған Агаһ Сырры Левенд 
бұл шығарманы төмендегідей түрде сипаттап танытады: «Пақырлық 
сопылық жолда тариқатқа енді кірген талапкердің бойынан 
табылуға тиісті қасиеттерді, яғни дүниенің нығметтерін көзге 
ілмей, азға қанағат қылу, кішіпейіл, топырақ сипат болу, нәпсінің 
жетегіне ермеу, дүниемен байланысты үзу, Тәңірден басқасын 
ойламау және өз ерік-қалауын Құдайға толық тапсыру сияқты 
әрекеттерді қамтиды. Талапкер тариқаттағы дәрежелерден 
біртіндеп өтіп, «сәйр-и сүлүк» мақамын тәмамдаған кезде осы 
сипаттарға да қол жеткізеді. Ақырында соңғы мәртебе қалады, ол 
да «фәна филләһ» мәртебесі. Бұл өз болмысын Тәңірдің болмысында 
еріту. Ашығ Паша бұл мәснәуиінде кішіпейілділікті, дүниенің 
нығметтеріне көңіл бөлмей, аз нәрсені қанағат тұтуды құп көреді 
және оны Тәңір жіберген түрлі-түсті бояумен боялған «фақр» 
атты бір құс түрінде суреттейді». Мәснәуидегі бұл жайт 
төмендегідей түрде баяндалады: «Тәңір жер мен көкті жаратқаннан 
кейін пақырлықты әдемі құс кейпінде жаратып, оған өзіне пана 
болатын мекенді өзі табуын бұйырады. Құс кезегімен Аршы-Күрсіні, 
жәннатты, Күн мен Жерді айналып шығады, Адам, Нұх, Ыбырайым, 
Мұса және Иса пайғамбарларға барады. Алайда ешбірінде қонақтап 
қалмай, Ахметке (Мұхаммедке) келеді және сонда қалуды ұйғарады. 
Өйткені ол «бай» бола тұра, өзін пақыр санаған және сонымен 
мақтанған еді. Дүниеде пақырлықтан игі не бар? Пақырлық – 
кішіпейіл болу деген сөз. Кішіпейіл емес, азға қанағат қылмаған кісі 
оған серік бола алмайды. Ол сені Құдайға шақырады. Оған өзіңді 
тапсыр, әр деміңде Хақтың атын қайтала. Егер дүниеден осы 


14 
әдетпен өтіп кетсең, соңына дейін «дидар» (Тәңірдің жәннатта 
момындарға өзін көрсетуі) саған нәсіп болады» (Левенд А.С. Ашығ 
Пашаның белгісіз болып келген екі мәснәуиі: Пақырнама және Уасф- 
ы хәл, ТДАЙ. Бюллетень 1953, Анкара 1953, б. 205-255беттер). 
Бұдан көргеніміздей, Ашығ Пашаның мәснәуи тек пақырлықтың 
не екенін түсіндіруге және оның маңызын көрсетуге тырысқан 
көркем туынды. Ол бір қарағанда, Қожа Ахмет Ясауидің 
«Пақырнамасынан» форма мен мазмұны тұрғысынан толықтай 
ерекшеленеді. 
Мансұр Халлаж айтқандай, «Құл Алланың пақырлығы 
өлшемінде Алланы тапқанда ғана бай болады. Дүниеде пақырлығы 
артқан сайын рухани байлығы молая береді». Семнун Мухиб есімді 
сопы «Пақыр меншігінде ешбір нәрсе жоқ және өзі де еш нәрсенің 
меншігінде қалмаған кісі» деп, Хақ жолындағы жолаушының нәпсі 
мен шайтанға және дүниенің мал-мүлкіне құл болмауы керектігіне 
назар аударады. Әбу әл-Хусейн ән-Нури «пақырдың ерекшелігі 
жоқшылықта өмір сүрсе де, үнсіздік пен разылық сезімін қорғауы, 
баршылықта тіршілік етсе де, меншігіндегі мүлкін үлестіруі, өзінің 
емес, басқалардың қамын ойлауы» деген. Атақты сопы Шибли болса, 
«Пақырлықтан ғиззат пен қанағат, шүкіршілік туады. Әулиенің 
сипаты үшеу: Әр нәрседе Аллаға сену, әрбір істе Оған мұқтаж болу 
(пақырлық) және барша игіліктен теріс айналып, Оған қайту». 
Сәрраж пақырлық үш дәрежелі дейді: «а. Құдайға жақын 
жандардың пақырлығы: Не тілмен, не іштей ешкімнен еш нәрсе 
қаламайды және ешкімнен көмек, жәрдем күтпейді, бір сый тарту 
етсе қабыл етпейді. Бұлар Аллаға жақын мақамда тұрады. б. 
Шыншылдардың пақырлығы: Біреуден бір нәрсе қаламайды, бірақ 
егер берсе алатындардың мақамы. в. Қанағат иесінің пақырлығы: Бұл 
топтағылар да мұқтаж жағдайға түскен кезде бұл хәлін қуана-қуана 
жәрдем беретін бір досына ғана айтады». Сондай-ақ, Әбу Насыр әс- 
Сәрраж төрт ұлы халифаның сопылық жолдағы алатын орындары 
жайлы былай деген: «Дүниені толығымен тәрік етіп, қолы мен 
уысында ұстаған әр нәрсені Алла жолында жұмсағандардың имамы 
әзіреті Әбубәкір. Дүниенің жартысынан бас тартып, жартысын 


15 
отбасы мен туған-туысқандарының мұқтаждығына жаратқандардың 
басшысы әзіреті Омар. Дүниенің мал-мүлкін Алла үшін жинаған және 
Оның разылығы үшін таратқандардың көсемі әзіреті Оспан. 
Көңілінде дүниеге деген титтей де құмарлық болмағандықтан, дүние 
ізінен қалмай ерсе де, одан бас тартып, қашқандардың имамы әзіреті 
Әлі еді». 
Атақты сопылардың бірі Кәлабази «Алла тағаланың сондай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет