6
«Пақыр» сөзінің сөздіктегі мәні «пақырлық және мұқтаж болу»
дегенді білдіргенімен, тасаууф мәдениеті мен әдебиетінде астарлы
түрде «дәруіштік, сопылық, тақуалық,
Алла тағалаға мұқтаж
екендігін терең түйсіну» тәрізді мағыналарда қолданылады. Белгілі
ғалым Неждет Тосун «осы тұрғыда «Пақырнаманы» «Дәруіштік
кітабы» деп тәржімалауға да болады» деген пікірді айтады [4, 6].
Демек, дәруіштік, сопылық тақуалық пақырлықтың басты
сипаты. Себебі бұл үш сөздің анықтамалық
негізі бір-бірімен
сабақтасып келеді. Оның ең өзекті үйлесімі адами болмысқа, оның
рухани жетілуіне келіп тіреледі. Бір сөзбен айтқанда – тазалық.
Осы айтылғандарды негізге алып пақырнама сөзін «пақырлық
кітабы» немесе «сопылықтың дастаны» деуге де болар. «Орта Азия
тасаууф әдебиетінде әзіреті Мұхаммед пайғамбарға телінетін
«әл-
Фақру фаһри» яғни
«пақырлығым (тақуалығым) – мақтанышым»
сөзі сопылықтағы осы ұстанымның іргетасы болып қаланып,
сопылардың өмір сүру салтын айқындаған терең қағидаға айналды»
деген пікір жоғарыда айтылғандарды растай түседі [5, 405].
Бізге
белгілі болғандай, «Пақырнама» шығармасы негізінен
пақырлықты, пақырлықтың маңызы мен мақамдарын көрсетуге,
айқындауға тырысқан тәлімдік (дидактикалық) туынды. Бұл
мәселелер бірқатар жазбаша шығармаларда, сонымен қатар түрлі
сопылық және сұхбат кітаптарында не бөлім-бөлім күйінде
немесе
сала-сала бойынша зерделенген.
Олай болса, Пақырнаме – пақырлық жайлы сөз етілген еңбек.
Еңбектің негізгі мәні де осында. Онда тек қана «кедейлік,
мұқтаждық» жайлы сыр шертетін шығарма ретінде ғана түсінсек онда
ол жеткіліксіз. Мұнда сыры ашылмаған талай ғажаптың мазмұны
жатыр. Сөз жоқ, шығарманың атауына арқау болған «кедейлік»,
«мұқтаждық», «пақырлық» деген атаудың рухани мәні әріде, яғни
оның астары тереңде. Өйткені Қожа Ахмет Ясауи бабамыз
ұғымындағы «пақырлық» Пайғамбар (с.ғ.с.)
миғражға көтерілгенде
көрген «бейне», «көктен жерге енген сурет», «Алладан бір әуез»
ретінде баяндалады. Оған қоса машайықтардың да ол жайында
7
образды түрде «Құдайдың нұры», «тәж», «шараб», «от», «соққы»,
«һидаят», «дидар», «қыран» деп бейнелеп баяндағанын келтіреді.
Шайх Сарир Сақити рахматуллаһи ғаләйһи айтады: «
Пақыр/лық/
Достарыңызбен бөлісу: