Юридические лица



Дата05.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#482419
Емдеу мен түзетуде өнердің әр түрлерін қолдануға тарихи шолу

Емдеу мен түзетуде өнердің әр түрлерін қолдану.

Емдеу мен түзетуде өнердің әр түрлерін қолдану.


Орындаған Бақатай Әсель

Адамзаттың мәдениеттенуінің алғашқы кезеңдерінде абыздар, одан кейін дәрігерлер, философтар, педагогтар адамның жаны мен тәнін емдеу үшін өнердің әр алуан түрлерін қолданған. Олар өнердің, театрдың, қозғалыстың, музыканың құпияларын ашу жолында ой қозғап, олардың ағза қызметтерін қалпына келтіру және жеке тұлғаның жан дүниесінің түзілуіндегі рөлін анықтауда еңбек еткен.

Адамзаттың мәдениеттенуінің алғашқы кезеңдерінде абыздар, одан кейін дәрігерлер, философтар, педагогтар адамның жаны мен тәнін емдеу үшін өнердің әр алуан түрлерін қолданған. Олар өнердің, театрдың, қозғалыстың, музыканың құпияларын ашу жолында ой қозғап, олардың ағза қызметтерін қалпына келтіру және жеке тұлғаның жан дүниесінің түзілуіндегі рөлін анықтауда еңбек еткен.


Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және “Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады.
Музыканы емдік құрал ретінде пайдалану туралы мәліметтер ең ертедегі аңыздарда кездеседі, мысалы көне гректер мифологиясында Аполлон (өнер қамқоршысы) және оның ұлы Асклепия (дәрігерлер қамқоршысы) өнердің медицинамен байланыс символы ретінде көрсетілген. Емдік мақсатпен өнердің әр алуан түрлерін қолдану Көне Гректерде, Қытайда және Үндістанда байқалған.
19 ғасырдың басында францияның дәрігер – психиатры Жан Этвен Доминик Эскироль психиатриялық мекемелерге музыка терапияны енгізе бастаған.
Адам ағзасына музыканың әсер ету механизмін зерттеудің ғылыми негіздері 17 ғ. қаланған, ал эксперименттік зерттелуі 19 ғ. соңында 20 ғ. басында жүргізіле бастаған.
Бейнелеу өнерiнiң көмегiмен терапия жүргізудің теоритикалық негiзi – Зигмунд Фрейдтiң психоаналитикалық көзқарасынан шығады, бiрақ Фрейдтің өзi арттерапияның психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығып, айналыспаған; Юнгтың аналитикалық психологиясынан, ол өзiнiң суреттерiн жеке және әмбебап символдардың идеясын нақтылауға қолданған. Сонымен қатар, Наумбургтың терапиялық көмек көрсетуде өзiн-өзi графикалық бейнелеудiң динамикалық теориясынан, оны АҚШ-та арттерапияның пионерi деп санайды. Кейiн келе арттерапияның дамуына гуманистiк бағыттағы психотерапевтердiң үлестерi де тидi.
Арттерапевт зерттейді:
  • Эмоционалды хал-жағдайды.
  • Физикалық денсаулықты.
  • Әлеуметке бейімделушілікті.
  • Оқыту процесіндегі танымдық мүмкіндіктерді.
  • Бірлесе жүзеге асыратын творчестволық қабілеттілікті.

Арттерапевт қалай жұмыс жүргізеді? 
  • Арттерапевт топпен болсын немесе жеке дара болсын жұмыс жүргізгенде өзін-өзі силау, өзін-өзі түсіну сезімдерінің даму деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай зиянсыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.
  • Білім-дағдылары мен танымдық процестерді дамыту мақсатында сабақтар, жаттығулар ұйымдастырады.
  • Өзіндік құндылықтарын сезіну үшін, қарым-қатынасқа түсіп әлеуметтендіру мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай жасайды.
  • Ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу үшін, өзіне немесе өзге адамдарға деген қатынасын өзгерту мақсатында ішкі творчестволық қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.
  • Жеке творчестволық диапазонын кеңейтуге септігін тигізетін, өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі танып-білуге жағдай жасайды.

Арттерапиямен кімдер айналысады?
Арттерапиямен психологиялық қиындықтарды (музыка, живопись, сурет салу, жабыстыру, театрлық драма) творчествоның көптеген түрлерімен жеңілдете, шеше білетін адамдар айналысады.
Арттерапияны жүргізу барысында клиенттерге бейнелеу өнерi мен шығармашылық сипатынан әр түрлi жұмыстар (сурет, графика, кескiндеме, сәулет өнерi, мүсiн, дизаин, әрлендiру, пластика, ойма, күйдiрме, бедер салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. Бұлар бiрiншi жағынан психотерапевтпен қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топта өзiнiң уайым-қайғысын толық әрi нақты бейнелеуiн, проблема, iшкi қайшылықтарын шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн творчестволық адам ретiнде бейнелейдi. Дәл қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, инсталяция, перформанс, компьютерлiк творчество деген творчествоның түрлерi қосылған. Мұндағы қарым-қатынаста визуальды канал негiзгi роль атқарады.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет