Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Буын УДЗ.
Холтер бойынша ЭКГ тəуліктік мониторлеу.
Нативті ДНК-ге антиденелерді анықтау.
Коагулограмма.
Қанның стерилдігі.
Тұздардың зəрмен тəуліктік экскрециясы.
ПЦР буындық сұйықтықты зерттеу.
Буын сұйықтығын, эксудаттар мен транссудаттарды цитологиялық зерттеу.
Биологиялық сұйықтықтарды колонияларға таңдаумен себінді жасау.
Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.
Вирустар, хламидиялар, микоплазмаларға ИФА жүргізу.
Гепатит маркерлеріне ИФА жүргізу.
Миелограмма.
Амилоидозға биопсия жасау. Буындардың магнитті резонансты томографиясы.
Синовиалды қабық биопсиясымен артроскопия жасау.
Электролиттер - калий, натрийді анықтау. Тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы.
Лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназаны анықтау.
Хирург-ортопед консультациясы.
Фтизиатр (фтизиоостеолог) консультациясы.
Дифференциалды диагноз
Белгі
|
Ревматоидты артрит
|
Остеоартроз
|
Ауру басталғандағы жас
|
Негізінен 40 жастан кіші
|
Жиірек 40 жастан жоғары
|
Дене бітімінің ерекшелігі
|
Жиірек астениялық тип
|
Жиірек гиперстениялық
|
Басталуы
|
Жиірек жіті
|
Біртіндеп
|
Дене температурасы
|
Субфебрильді
|
Қалыпты
|
Таңертеңгілік құрысу
|
Жалпы
|
Басым жағдайда зақымдалған буын
аумағында
|
Дебюттегі қабынбалық процесстің мінезі
|
Экссудативті құбылыстар басымырақ
|
Пролиферативнті құбылыстар басымырақ
|
Қабынбалық процесс мінезі
|
Тұрақты
|
Тұрақсыз
|
Тері асты ревматоидты түйіндері
|
25% науқастарда
|
Жоқ
|
Рентгенологиялық деректер
|
Остеопороз, эрозия, остеолиз
жəне анкилоздар
|
Остеосклероз, остеофиттер
|
Қан сарысуындағы жəне синовиалды сұйықтықтағы РФ
|
80-90% науқастарда
|
Жоқ
|
Синовия биопсиясы
|
Жабынды клеткалардың пролиферациясы,
плазмоклеткалық инфильтрация,
гиперплазия
|
Фиброздық немесе
синовиалды қабықтың
майлық дистрофиясы
|
Синовиалды сұйықтық
|
Қабынбалық мінезде
|
Қабынбалық емес мінез
|
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: процестің белсенділігін төмендету (тоқтату), дене қызуын қалыпқа келтіру, буындардың жіті қабынулық өзгерістерін, висцералдық өзгерістерді қайтару, ЭТЖ төмендету, таңертеңгілік буындар қимылсыздығын (ауыр қимылдау) азайту, буындардың функционалдық белсенділігін жақсарту.
Дəрі-дəрмексіз ем: емдеу - қозғалыс режимін жасау, толыққанды диета.
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Стероидты емес қабынуға қарсы дəрі-дəрмектер - диклофенак* тəулігіне 0,015-0,025-0,05 г - 2 -3 рет қабылдауға; индометацин 2- 2,5-3 мг/кг/тəу.; нимесулид - 5 г/кг/тəу.; ибупрофен* 30-40 мг/кг/тəу.; напроксен 10-20 мг/кг/тəу.
2. Глюкокортикостероидтар: преднизолонды* тəуліктік дозада кг-ға 1-2 мг (20-30-60 мг) емдік нəтиже алғанға дейін, 2-3 апта бойы, əрі қарай дозаны азайтуменен (1,22-2,5 мг, əр 5-7 күн) қолдаушы доза тəулігіне 12,5-15 мг - ұзақ мерзімге.
3. Иммуносупрессивті дəрі-дəрмектер - буындық аурудың ауыр емес түрінде аминохинолиндік өнімдер: хингамин* (хлорохин) 4 мг/кг/тəу. (тəулігіне 250 мг-нен артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге); гидроксихлорохин (плаквенил) 8 мг./кг/тəу. дозада (бірақ тəулігіне 400 мг-нан артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге), 6-8 айдан кем емес курсымен. Аурудың ауыр ағымында, буындық-висцеральдық түрінде иммунды супрессивті ем тағайындалады - метотрексат* таңдалатын дəрі-дəрмек - аптасына 2,5-5-7,5-10-15 мг, дене жабындысына байланысты; азатиоприн* 1,5-2,0 мг/кг/тəу. 1-2 рет қабылдауға, циклоспорин А* 2,5-4 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, венаішілік адам иммуноглобулині - 0,4-0,5 г/кг курсқа (күнара үш мəрте енгізу), циклофосфамид* 1,0-2,5 мг/кг/тəулігіне.
4. Буындық-висцеральдық түрінің өте жоғары белсенділігінде, аллергосептикалық түрінде қарқынды емдеу əдістеріне жүгінеді: экстракорпоралды емдеу əдістері - гемосорбция, плазмоферез, пульс-терапия - метилпреднизолон* бір рет 20- 30 мг/кг есебінен (1000 мг), циклофосфамид* - тəулігіне 1 рет 1,0 гр венаға, 3 күн бойы.
5. Локалды терапия:
Буын ішіне бетаметазон дипропонатын немесе триамцинолон ацетонид сулы суспензиясын майда буындарға дəрі-дəрмектің 0,1-0,2 мл, ал едəуір ірісіне 0,5-1,0 мл-ге дейін аптасына 1 рет енгізу керек, 2-3 аппликация пункциясынан артық емес (диметилсульфоксид 50% ертіндісі, бейстероидты қабынуға қарсы құрамында май бар дəрі-дəрмектер).
Процесс белсенділігінің төмендеуінде физиоем тағайындалады- преднизолон* жəне диметилсульфоксидпен электрофорез жасалады, массаж, ЕДШ.
6. Остеопорозды емдеу жəне алдын алу:
- Д3 витаминімен бірге кальций дəрі-дəрмегі - тəулігіне 0,5-2,0 гр;
- оссеилі-гидроксиапатитті кешен күніне 1-2 таб., ретаболил венаға 5-20 мг 1 рет, 2-3 апта бойы.
7. Висцериттерді синдромнан кейінгі емдеу (көрсетілім бойынша):
- кардиотрофикалық дəрі-дəрмектер: рибоксин тəулігіне 0,4-0,8 г; кокарбоксилаза гидрохлориді 0,025-0,05-0,1 г бұлшықетке немесе венаға - күніне 1 рет; карнитин хлориді 20% ертінді, 10-40 тамшыдан - күніне 3 рет; милдронат күніне 0,25 г-нан 2-4 рет;
- диуретиктер - фуросемид* күніне 1-3 мг/кг; спиронолактон* 3,3 мг/кг/тəу. 2-3 қабылдауға;
- гепатопротекторлар - урсодезоксихол қышқылы* тəулігіне 10 мг/кг; эссенциале 1-2 капс. күніне 3 рет.
8. Микроэлементтер, витаминдер жəне басқа топтар дəрі-дəрмегі:
- калий дəрі-дəрмегі (панангин, аспаркам) тəулігіне 1-3 таблетка;
- аскорбин қышқылы* 0,05-0,250 г/тəу.; токоферол ацетаты* 50-100 мг/тəу.;
- фолий қышқылы* 0,001 г күніне 2-3 рет;
- құрамында алюминий гидрототығы жəне магний тотығы бар комбинирленген дəрі-дəрмегі - 2,0-5 мл күніне 4 рет;
- бүйрек үсті бездерінің қызметін ынталандыру үшін: этимизол 0,1 г күніне 2-3 рет, глицирам 0,025-0,05 г күніне 2-3 рет.
9. Антикоагулянттар, дезагреганттар жəне микроайналымды жақсартатын дəрі-дəрмектер (көрсетілім бойынша):
- натрий гепарині* 40 000-80 000 Бірл., күніне 4 рет, венаға немесе тері астына;
- дипиридамол 1,5-5 мг/кг/тəу. 2-3 қабылдауға;
- декстран* 10-15 мл/кг.
10. Вирустар, хламидиялар, микоплазмалар персистенциясы анықталғанда, бактериалдық жəне саңырауқұлақты асқынуларда - сезімталдығы бойынша вирусқа қарсы жəне бактерияға қарсы ем:
- ацикловир* күніне 0,1-0,2 г 5 рет;
- эндогенді интерферон индукторы: циклоферон - 12,5% 6-10 мг/кг/тəу., бұлшықетке, күнара;
- эритромицин* 0,4-1,0 г тəулігіне 4 рет қабылдауға;
- азитромицин*10 мг/кг күніне 1 рет, 3 күндік курспен;
- спирамицин* тəулігіне 1,5-9,0 млн Бірл.;
- рокситоромицин 5 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 10 күн;
- кларитромицин* 15/мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 10 күн;
- доксициклин* 0,1 г/тəу.;
- сульфаметоксазол+триметоприм* 30 мк/кг/тəу. сульфаметоксазон бойынша;
- ципрофлоксацин* 0,125-0,25 г - күніне 2 рет;
- амоксициллин+клавулон қышқылы* 0,125-0,5 г күніне 3 рет;
- цефазолин* 20-50-100 мг/кг/тəу.;
- цефтриаксон* 50-100 мг/кг/тəу.;
- метронидазол* тəулігіне 250-500 мг;
- флуконазол* 6-12 мг/кг/тəу.
Достарыңызбен бөлісу: |