Ювенильді ревматоидты артрит



бет3/4
Дата21.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487184
1   2   3   4
Буын синдромы. Реактивті артрит. Ювинилді ревматоидты артрит. Балалардағы дәнекер тканінің диффузды ауруы. Жүйелі склеродермия. Ісік, туберкулез, лейкоз, геморрагиялық васкулит кезіндегі артралгия және артрит.

Дəрі-дəрмексіз ем: емдеу - қозғалыс режимін жасау, толыққанды диета.
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Стероидты емес қабынуға қарсы дəрі-дəрмектер - диклофенак* тəулігіне 0,015-0,025-0,05 г - 2 -3 рет қабылдауға; индометацин 2- 2,5-3 мг/кг/тəу.; нимесулид - 5 г/кг/тəу.; ибупрофен* 30-40 мг/кг/тəу.; напроксен 10-20 мг/кг/тəу.
2. Глюкокортикостероидтар: преднизолонды* тəуліктік дозада кг-ға 1-2 мг (20-30-60 мг) емдік нəтиже алғанға дейін, 2-3 апта бойы, əрі қарай дозаны азайтуменен (1,22-2,5 мг, əр 5-7 күн) қолдаушы доза тəулігіне 12,5-15 мг - ұзақ мерзімге.
3. Иммуносупрессивті дəрі-дəрмектер - буындық аурудың ауыр емес түрінде аминохинолиндік өнімдер: хингамин* (хлорохин) 4 мг/кг/тəу. (тəулігіне 250 мг-нен артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге); гидроксихлорохин (плаквенил) 8 мг./кг/тəу. дозада (бірақ тəулігіне 400 мг-нан артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге), 6-8 айдан кем емес курсымен. Аурудың ауыр ағымында, буындық-висцеральдық түрінде иммунды супрессивті ем тағайындалады - метотрексат* таңдалатын дəрі-дəрмек - аптасына 2,5-5-7,5-10-15 мг, дене жабындысына байланысты; азатиоприн* 1,5-2,0 мг/кг/тəу. 1-2 рет қабылдауға, циклоспорин А* 2,5-4 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, венаішілік адам иммуноглобулині - 0,4-0,5 г/кг курсқа (күнара үш мəрте енгізу), циклофосфамид* 1,0-2,5 мг/кг/тəулігіне.
4. Буындық-висцеральдық түрінің өте жоғары белсенділігінде, аллергосептикалық түрінде қарқынды емдеу əдістеріне жүгінеді: экстракорпоралды емдеу əдістері - гемосорбция, плазмоферез, пульс-терапия - метилпреднизолон* бір рет 20- 30 мг/кг есебінен (1000 мг), циклофосфамид* - тəулігіне 1 рет 1,0 гр венаға, 3 күн бойы.
5. Локалды терапия:
Буын ішіне бетаметазон дипропонатын немесе триамцинолон ацетонид сулы суспензиясын майда буындарға дəрі-дəрмектің 0,1-0,2 мл, ал едəуір ірісіне 0,5-1,0 мл-ге дейін аптасына 1 рет енгізу керек, 2-3 аппликация пункциясынан артық емес (диметилсульфоксид 50% ертіндісі, бейстероидты қабынуға қарсы құрамында май бар дəрі-дəрмектер).
Процесс белсенділігінің төмендеуінде физиоем тағайындалады- преднизолон* жəне диметилсульфоксидпен электрофорез жасалады, массаж, ЕДШ.
6. Остеопорозды емдеу жəне алдын алу: - Д3 витаминімен бірге кальций дəрі-дəрмегі - тəулігіне 0,5-2,0 гр; - оссеилі-гидроксиапатитті кешен күніне 1-2 таб., ретаболил венаға 5-20 мг 1 рет, 2-3 апта бойы.
7. Висцериттерді синдромнан кейінгі емдеу (көрсетілім бойынша): - кардиотрофикалық дəрі-дəрмектер: рибоксин тəулігіне 0,4-0,8 г; кокарбоксилаза гидрохлориді 0,025-0,05-0,1 г бұлшықетке немесе венаға - күніне 1 рет; карнитин хлориді 20% ертінді, 10-40 тамшыдан - күніне 3 рет; милдронат күніне 0,25 г-нан 2-4 рет; - диуретиктер - фуросемид* күніне 1-3 мг/кг; спиронолактон* 3,3 мг/кг/тəу. 2-3 қабылдауға; - гепатопротекторлар - урсодезоксихол қышқылы* тəулігіне 10 мг/кг; эссенциале 1-2 капс. күніне 3 рет.
8. Микроэлементтер, витаминдер жəне басқа топтар дəрі-дəрмегі: - калий дəрі-дəрмегі (панангин, аспаркам) тəулігіне 1-3 таблетка; - аскорбин қышқылы* 0,05-0,250 г/тəу.; токоферол ацетаты* 50-100 мг/тəу.; - фолий қышқылы* 0,001 г күніне 2-3 рет; - құрамында алюминий гидрототығы жəне магний тотығы бар комбинирленген дəрі-дəрмегі - 2,0-5 мл күніне 4 рет; - бүйрек үсті бездерінің қызметін ынталандыру үшін: этимизол 0,1 г күніне 2-3 рет, глицирам 0,025-0,05 г күніне 2-3 рет.
9. Антикоагулянттар, дезагреганттар жəне микроайналымды жақсартатын дəрі-дəрмектер (көрсетілім бойынша): - натрий гепарині* 40 000-80 000 Бірл., күніне 4 рет, венаға немесе тері астына; - дипиридамол 1,5-5 мг/кг/тəу. 2-3 қабылдауға; - декстран* 10-15 мл/кг.
10. Вирустар, хламидиялар, микоплазмалар персистенциясы анықталғанда, бактериалдық жəне саңырауқұлақты асқынуларда - сезімталдығы бойынша вирусқа қарсы жəне бактерияға қарсы ем: - ацикловир* күніне 0,1-0,2 г 5 рет; - эндогенді интерферон индукторы: циклоферон - 12,5% 6-10 мг/кг/тəу., бұлшықетке, күнара; - эритромицин* 0,4-1,0 г тəулігіне 4 рет қабылдауға;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет