З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет13/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
open-file

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Баланың жеке дара қасиеттерін, ескере білу, оқыту, тәрбиелеу, еңбекке 
және мамандыққа даярлау? 
2. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір 
ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құру?
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 
2011, №7, 60-61 б. 
2. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения 
вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б. 
3. Мүгедектерді оңалтудың 2005−2008 жылдарға арналған бағдарламасы 
//www.enbek.kz 
11-дәріс. Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері 
Жоспар: 
1. Білім берудің ерекшеліктері 
2. Білім берудегі интеграция түрлері  
Дәріс тезисі: Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар мен 
жасөспірімдердің жалпы мектептердегі білім беру үдерісіне белсенді қатысуы 
ғана емес, негізінен жалпы білім беретін мектептердің оқыту жүйесінің барлық 
баланың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай болып тұтастай қайта 
құрылуы.  
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының 
міндеттері төмендегідей:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен 
жетістіктерімен анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір-біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет 
етеді. 
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай 
алатын әрекетін жүзеге асыру. 
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
КСРО-да интеграцияланған оқыту идеясы жалпы білім беру жүйесінде де, 
арнайы білім беруде де ешқандай қолдау таппайды. КСРО инклюзивті білім 
беруге байланысты эксперимент жүзінде ұзақ жылдар бойы зерттеледі. (70-ж. 
– Э.И.Леонгард проф. Ф.Ф.Раудың жетекшілігімен; одан әрі – сол жерде 80-ж. 


47 
бастап қазіргі кезге дейін Н.Д.Шматконың басшылығымен зерттеушілер тобы 
айналысуда). ХХ ғ. 90-ж. бастап Ресейдің бірқатар білім беру мекемелері 
(Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск т.б.) инклюзивті білім беру 
режимінде жұмыс істей бастады . Инклюзивті білім беру немесе «білім 
баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу 
орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік 
береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 
мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында 
енгізілді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау Министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында 
мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін 
жақсарту бойынша «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» шарасының 
мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі 
адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға 
жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін 
қолдануға қоғамдық назарды аудару болып табылады.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, 
Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру 
болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін 
қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде 
интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде 
интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. 
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым 
бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған 
категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді 
көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет