З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет10/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
open-file

 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе 
заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер 
беріледі ? 
2. Кемтар балаларды қамқорлаудың қандай жолдары бар? 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 
2011, №7, 60-61 б. 
2. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения 
вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б. 
3. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын нормативтік құқықтық 
актілер //www.edugov.kz 
4. Білім саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты 
//www.edugov.kz 
8-дәріс. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту 
қажеттілігін негіздеу. 
Жоспар: 
1. Жалпы инклюзивті білім беру 
2. Еліміздегі инклюзивті білім беру
3. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірігіп оқыту
 
 Дәріс тезисі: Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми 
дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 


36 
бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп – 
қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың 
көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге 
асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру 
нәтижесінде ҚР – да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі 
шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай 
жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі 
даму мүмкіндігі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% 
құрайтын болады. Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі 
уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше 
факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде. /1/.
«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен 
Ұлттар 
Ұйымының 
бас 
Ассамблеясымен, 
мақұлданып, 
БҰҰ-ның 
Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей 
мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла 
бастады /2/.
Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік мәселелерге 
көп көңіл бөлді. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді 
дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру үдерісінің 
барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең 
қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр. 
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу 
құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың 
білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан 
Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында 
бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық 
түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген. 
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың 
басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере 
отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған. 
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, 
экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық 
аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп 
отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және 
үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың 
психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу 
жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың психикалық дамуының тежелуінің 
негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткен аурулар, негізгі 
әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден 


37 
болуы мүмкін. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары 
интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте 
сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді /3/.
Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту 
үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет. 
Қазіргі таңда кіріктірудің төмендегідей үлгілері бар: 
1. Жалпы білім беру мектептерінің арнайы (түзету) сыныптарында 
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы. 
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы сыныптарында 
9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639 бала білім алады, 
оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген балалар, 8049 астам 
ақыл – ойы кем балалар, қалғандары дене дамуында түрлі ауытқушылықтары 
бар балалар. 
2. Инклюзивті білім беру дегеніміз – қалыпты деңгейде дамыған балалармен 
бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы. 
Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы балалар 
санының 19,1% (2010 жылы 12,0%) құрайды. 
Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, 
Қарағанды және Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім 
беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, 
Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқу – 
тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен 
деңгейде. 
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың 
білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған 
жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі 
мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге 
мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін 
жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым 
– қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға 
кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан 
Республикасының 
«Мүмкіндіктері 
шектеулі 
балаларды 
әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау 
туралы» заңына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын және 
кезінде «оқыту мүмкін емес» оқушылар қатарына жататын балаларға түзете – 
педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа түрдегі арнайы білім 
беру мекемелерінің желісі кеңейтілуде. 
Мұндай мекемелерді құру қажеттілігі елімізде бар арнайы (түзету) 
мекемелердің барлығында түрлі ауытқушылығы бар балаларға дұрыс түзете – 
педагогикалық қолдау көрсетуге толықтай мүмкіндік жоқ болғандықтан 
туындаған. 
Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету және 
инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық – педагогикалық түзету 


38 
кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт қызметтерін 
жүзеге асыруда. 
Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру 
және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып 
табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде 
қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін 
оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата – 
аналарына кеңес беру және психологиялық – педагогикалық түзете көмек 
көрсету қызметін атқарады. 
Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі 
балаларды оқыту сегіз типтегі арнайы (түзету) ұйымдар жүйесінің қызмет 
жасауы арқылы жүзеге асады: 
39 арнайы балабақша және 274 балабақша топтарында 10 мыңға жуық 
мектеп жасындағы балалар қамтылған; 
9169 мүгедек бала үй жағдайында білім алады; 
25 мыңнан астам бала 20354 оқушыға арналған 1564 мектепте және 4970 
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 274 топта арнайы жағдайлармен 
қамтамасыз етілген жалпы білім беру мекемелеріне біріктірілген.
Бұл қызметтің басты бағыты ретінде баланың дамуындағы ауытқушылықты 
анықтап, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарын ерте 
жастан ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсатта 57 психологиялық – 
медициналық – педагогикалық (ПМПК) кеңес жұмыс жасайды. 
ПМПК – тің 2012 жылдың қаңтр айының 1-не берген мәліметтері бойынша 
республикамызда 149043 мүмкіндіктері шектеулі бала мен жасөспірім 
тіркелген. 
Кейбір аудандарда ПМПК жүйесінің жеткіліксіздігі анықталды. Мысалы, 
ОҚО-да болуы керек 17 ПМПК-ның екеуі ғана қызмет жасауда, Алматы 
қаласында 5 ПМПК-ның орнына 2 ғана қызмет жасауда (Қазақстан 
Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – 
медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» 
заңына сәйкес аудан әкімінің шешімі бойынша 60 мың балаға бір ПМПК 
құрылуы тиіс).
Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық – медициналық – 
педагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы 
негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру 
мектептерінде оқытуға дайындауды қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында 
баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін 
ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік 
оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі 
шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша 
ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды. 
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту 
мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру 


39 
мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын 
құру болып табылады. 
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 
аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық – 
техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық жағдайлар жасалып, 
дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім 
беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы 
жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал – 
жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады. 2011 жылы инклюзивті білім беруге 
жағдай жасалған мектеп үлесі 18,9% (2010 жылы – 17,7%) болды. 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға 
арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу 
жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің «кедергісіз» әрі 
тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет. 
Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету 
жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары 
бойынша жүзеге асырылады.
Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі 
балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, 
қазақстандық басылымдарды шығару жұмысы жүргізілуде. Бірнеше нұсқада 
оқыту көзқарасы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық даму 
деңгейіне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды 
қолдануды көздейді. 
Республика бойынша мектептердің арнайы оқу әдебиеттерімен, соның 
ішінде көмекші мектеп оқушылары және көру, есту, сөйлеу қабілеттері 
бұзылған балаларға арналған пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57% құрайды. 
2005 жылға дейінгі басылымдар жалпы аталымдардың санының 40% құрайды.
Есту, көру қабілеттері, тірек – қозғалыс аппарат, сөйлеу тілі, зердесі 
сақталған психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін 
мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен оқиды, яғни 
қамтамасыз етілуі 100% құрайды.
296 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен басылымнан шығарылды, оның 
ішінде аталымдардың 39% қазақ тілінде, ал орыс тілінде 61% құрайды. 
Қазақ тілінде білім алатын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға 
арналған оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық материалдар бұған 
дейін жеткіліксіз мөлшерде дайындалып, шығарылған. Қазіргі кезде қазақ 
тілінде жеке түзете – дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары бойынша 
педагог – дефектологтарға арналған оқыту – әдістемелік құралдар саны 
көбеюде. 
Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне 
байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын 
мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек. 


40 
Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы 
меңгеруі (0 – мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек. 
Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты 
барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен 
оқулықтарын өңдеуді талап етеді. 
Білім берудің арнайы (түзету) ұйымдарын арнайы құралдармен қамтамасыз 
ету 2011 жылы 40% бастап 60%-ға жетті (2010 жылы 25% бастап 40,0% 
болды). 
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау 
мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету үшін осы санаттағы 
балаларды оңалту және оларға білім беру мәселелерін шешумен айналысатын 
органдар мен ұйымдар, психологиялық – медициналық – педагогикалық 
кеңестер, білім беру басқармасындағы қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру 
және қайта дайындау өте маңызды. 
2011жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктіріп 
оқыту (инклюзивті білім беру) мәселелері бойынша мамандардың біліктілігін 
көтеру мақсатында төмендегі тақырыптар бойынша 2 курс өткізілді: 
«Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне 
қосу», «Ақпараттық және білім беру ресурстарына кедергісіз қол жету шарты 
ретінде үй жағдайында оқитын мүгедек балалардың жұмыс орындарын 
бағдарламалық – техникалық құралдармен қамтамасыз ету». 
2008 жылы наурыз айының 28-ндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
№296 қаулысына сәйкес кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарына техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары 
білім беру бойынша оқуға түсу барысында I, II топтағы мүгедек азаматтарға, 
жастайынан мүгедек, мүгедек балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысынан 
жалпы санынан 0,5 пайызда квота қарастырылады. 
Сайыстың нәтижесінде 2011\2012 оқу жылына жоғары оқу орындарында 1, 
2 топтағы мүгедектерге 236 орын. Жастайынан мүгедек және мүгедек балаларға 
бекітілген квотамен 158 орын бөлінді. Техникалық және кәсіптік білім беретін 
мекемелерге қабылданған саны – 292. Студенттер щәкіртақы алып, 
жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін аталған Қаулының талаптарына 
сәйкес кедергісіз ортаны құру әрі қамтамасыз ету, мысалы көрмейтін 
студенттерді Брайлдық қаріппен қамтамасыз ету тлап етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет