З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
open-file

Жобалар әдісі - бұл оқу жүйесінде оқушылар жоспарлау және бірте-бірте 
күрделене түсетін жоба- тапсырмаларды орындау процесінде, білім мен әртүрлі 
шеберліктерді меңгереді. 
Жоспар жасау - "авторға" нақты бір тақырып бойынша мағлұмат жинауға және 
оны қағазға түсіруге жәрдем беру жолы. 
Жою - "айтып жіберуді" (подсказка) біртіндеп жою. 
Жұбату дағдылары - кішкентай балаларда дамитын, стрессті жұмсарту 
дағдылары. 
Жұмыс жазбалары - біз бақылаған кездегі баланың немен айналысқаны туралы 
қысқаша сипатттамалар. Олар баланың азғана уақыт ішіндегі (1-2 мин.) істеген 
маңызды істерін бақылаудан тұрады. 
Жіктеу (классификация) - объектілерді нақты бір белгілері бойынша бөлуден 
тұратын ойлау операциясы. 
З 
Заттық іс-әрекет - затты пайдаланудың көпшілік ойлап тапқан жолдарын тану 
процесіндегі, баланың нәресте шағындағы басты іс-әрекеттері. 
Зейінді шоғырландыру (концентрация) - бір іске ерекше терең назар аудару 
дәрежесі. 
И 
Идентификация (ұқсастыру) - баланың жеке басын және оның мінез-құлық 
стереотиптерін қалыптастыратын механизм. 
Инновация - әлеуметтік тәжірибеде (әлеуметтік - педагогикалық тұрғыдан) 
маңызды өзгерістер туғызатын жаңалықтардың әр түрін шығарып және оларды іс 
жүзінде қолдану. 
Инсульт - миға қан құйылу. 
Инстинкт (түйсік) - белгілі бір стимулға лайықты іс-әрекетпен жауап беру 
мүмкіндігі, туа біткен мінез-құлық түрі. 
Интеграциялық жинақтау - зерттелуші баланың дамуындағы өзгерістерді қосып 
талқылау немесе тұжырымдау. 


84 
Интеллект (ой-өріс) - адамның білім мен тәжірибені игеру және пайдалануға 
дайындығын анықтайтын жалпы танымдық қабілеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет