З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет30/48
Дата23.03.2023
өлшемі0.88 Mb.
#471034
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
open-file

Гидроцефалия - бас миында судың жиналуы. 
Гностикалық шеберлік - (гнозис- гректің "білім" сөзінен пайда болған) оқытушы 
бұл шеберліктің көмегімен баланы жан-жақты зерттей алады (оның жас 
мөлшеріне, жеке ерекшеліктеріне, дара қасиеттеріне, құрбыларымен және 
үлкендермен қарым-қатынастарына, эмоционалдық саулығының дәрежесіне 
байланысты). 
Гуманизм - адамды ең жоғарғы құндылық деп бекітетін, оның рухани және 
физикалық күштерін шығармашылық түрде дамытуға, бостандыққа, бақытқа, 
дамып- жетілуге хақысын мойындайтын идеялар жиынтығы. 
Д 
Дағды - іс-әрекетті орындаудың автоматтандырылған әдісі. 
Даму - ескі қалыптан жаңа сапалы қалыпқа өту және қозғалыстар мен өзгерістер 
процесі. 
Даму саласы - баланың өзара байланысты және бір-біріне тәуелді даму аймақтары 
(тіл және танымның дамуы, әлеуметтік, эмоциялық, т.б. дамулар). 
Дарындылық - 1) жалпы дарындылық - әртүрлі жеке және жалпы қабілеттердің 
дамуының жалпы психогенетикалық (тектік) шарты.
Жеке дарындылық - белгілі бір жеке қабілеттің дамуының психогенетикалық 
(тектік) шарты. 
Дене кемістігі - ағзасы дамуының және жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы 
әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей 
созылмалы бұзылуы.
Денсаулық нормасы – Т.И.Черняеваның пікірінше табиғатпен, әлеуметтік 
ортамен тиімді қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін биологиялық, 
психологиялық, әлеуметтік деңгейдегі адамның жағдайы. Басқаша айтсақ, норма – 
бұл жалпыға ортақ, қалыпты талаптар. 
Дезадаптация - организмнің тіршілік ету жағдайына, ең бірінші әлеуметтік 
ортаның жағдайына бейімделуін бұзу. 


82 
Депривация (латын тілінен алынған deprivatio – тыс қалу деген мағынаны береді) 
– негізгі психикалық қажеттіліктерді қанағаттандырудағы адам мүмкіндігінің 
шектелуі. Эмоциялық және интеллектуалдық дамудың бұзылуымен, әлеуметтік 
қарым-қатынастардың бұзылуымен сипатталады.  
Дефектология - аномальді балалардың психо-физиологиялық дамуындағы
ерекшеліктерді зерттеумен және оларды оқыту мен тәрбиелеудің
заңдылықтарымен айналысатын педагогика ғылымының бір саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет