З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық ұжымның құрылымына талдау жасаңыз.
2. Педагогикалық ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық климат дегенді
қалай түсінесіз?
3. Ұжымдағы тұлғаның мəртебесі, орны қандай? Өз ойыңызды
білдіріңіз.
4. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
1-тапсырма. «Қабырғадағы сурет» əдісі
а) Тақырыпты оқыңыз.
ə) Қабырғаның ішіне тақырып мазмұнын жазыңыз.
б) Сұлбаның сыртына тақырып бойынша сұрақ жазыңыз.
2-тапсырма. Жағдаяттық талдау:
Сара апай туралы жақсы пікірлер естіп жүрдім. 4-сыныптағы сабағын
көруге келдім. Сабақ үстіндегі тəртіп, балалардың белсенділігі таң қалдырды.
Сабақтан соң оқушылардан «Сара апайды жақсы көресіңдер ме?» - деп 
сұрадым. «Жоқ, біз одан қорқамыз. Сəл қимылдасаң, ата-анаңды шақырады. 
Сондықтан оның сабағын жаттап аламыз».
Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасын қалай бағалайсыз?
3-тапсырма.Оқып, талдап, ғибрат қыл...
Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға
бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай 
сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп 


89
мынадай қорытындыға келген екен:
1. Ең алдымен өзіңді таны (Сократ). Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік
жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нəрсені алдыңғы қатарда 
ұстайды? Мына əлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең 
алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін, не сырттай қалай болсаң, сол
қалыбыңды сақта (Мəулана). Шыншыл, əділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің 
даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нəрселерді қорғау үшін ат 
салыспасаң, барлық нəрсе сенің мəртебеңді түсіреді» - деген екен, яғни ең 
алдымен адам өзін тануы керек. Әр адам өзінің бойындағы жақсы жəне 
жаман қылықтарын саралай біліп, адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола 
біліп жақсы өмір сүруі керек. Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, 
санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра 
білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уəделі 
сөздеріңе берік болуың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет