З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет59/76
Дата21.12.2022
өлшемі1.84 Mb.
#467682
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76
Алканова Пед этика негіздері

Ішкі тұлғалық кикілжің. Кикілжіңге қатысушыларға адамдар ғана 
емес, тұлғаның ішкі дүниесінің əртүрлі психологиялық факторлары: 
қажеттіліктер, құндылықтар, сезім жəне т.б. жатады. Жұмыспен байланысты 
ішкі тұлғалық кикілжіңнің бірнеше түрлері болады. Ең көп тараған 
түрлерінің бірі - рөлдік кикілжің. Адамның əртүрлі рөлдері оған қарама-
қайшы талап қояды. Мысалы, жақсы отағасы бола отырып, адам кештерін 
үйінде отбасы қасында өткізуі керек. Ал басшылық қызметі оны жұмыстан 
кешігуге міндеттейді. Бұл кикілжіңнің себебі - жеке қажеттілік пен өндіріс 
талабының келіспеушілігі. 
Тұлғааралық кикілжіңБұл кикілжіңнің ең көп тараған түрі. 
Мекемелерде ол əртүрлі көрініс береді. Көптеген басшылардың ойынша
кикілжіңнің себебі мінездердің келіспеуінен. Шынымен де əртүрлі мінез, 
көзқарастағы адамдардың бір-бірімен тіл табысуы қиын. Бірақ жүргізілген 
сараптамалардың көрсетуінше, бұндай кикілжіңдердің негізінде объективті 
себептер жатыр. Көп жағдайда бұл шектелген ресурстар үшін күрес: 


91
материалдық жағдай, өндірістік аумақ, жұмыс күші жəне т.б. 
Тұлға мен топаралық кикілжіңТоптардың тілдесу, тəртіп ережелері 
қалыптасады. Топтың əр мүшесі оны сақтауы керек. Қалыптасқан нормадан 
бас тартуды топ теріс қабылдап, тұлға мен топ арасында кикілжің 
туындайды. Осы түрге жататын кикілжіңнің кең тараған түрі - басшы мен топ 
арасындағы кикілжің. 
Топаралық кикілжің. Ұйым көптеген топтардан тұрады. Олардың 
арасында кикілжің туындауы мүмкін. Топаралық кикілжің кезінде топтың 
мүшелері басқа адамдарды жеке тұлға ретінде қабылдамай, жағымсыз тəртіп 
пен басқа топтың мүшесі ретінде ғана қабылдайды. Өз топтарын асыра 
бағалап, басқа топты кішірейтіп, төмендетіп, теріс баға береді. Өз 
топтарының теріс қылықтарының себебін сыртқы фактордан көреді, ал 
қарсыластарының сүрінуін ішкі себептерден іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет