Назар аударыңыз!!!
Сөйлеу тілінде сағаттық уақытты айтқанда, әдетте 12-ден жоғары сан есімді қол-
данбайды. (Мысалы, он үш сағат, он төрт сағат және т.б.). Мұндай уақыт туралы ха-
барламаны ресми ақпаратта немесе электронды сағаттарда, таблоларда, теледидарда
естисіздер). Тәулік бөлігін білдіру үшін: таңертең, кеш, күн, түн сөздері қосылады неме-
се тәуліктің қай бөлігі айтылып жатқаны түсінікті болса, ол сөздер түсіріліп айтылады.
170-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазір сағат қанша? Қазір Атырауда сағат қанша болды? Мәскеуде осы уақытта сағат
қанша? Нью-Йоркте ше? Лондонда ше? 10, 15 және 30 минут бұрын сағат қанша болды? 12,
15 және 30 минуттан кейін сағат қанша болады?
171-жаттығу.
а) Көрсетілген уақытта кеше сіз не істедіңіз және көршіңізден де не істе-
генін сұраңыз. Таңертең, күндіз, кешкі, түнгі сөздерін пайдаланыңыз.
08.10
11.20
13.10
15.06
17.45
19.30
22.51
00.22
б) Ал енді ертең осы уақытта не істеуді жоспарладыңыз, әңгімелеңіз. Сіздің көршіңіз де
сіздің сұрақтарыңызға жауап берсін.
7.15
10.01
12.00
14.30
16.04
18.48
20.45
02.30
172-жаттығу. Сізге бір оқиға туралы хабарлады. Бұл тәуліктің қай кезеңінде (уақытын-
да) болды немесе болады, нақтылаңыз. Үлгі бойынша шағын диалог құрыңыз.
Үлгі: - Бағдарлама ертең сағат он отызда басталады.
- Таңертең бе, кешке ме?
- Таңертең он жарымда.
1. Аэропорттағы конференция тоғыз жарымда болады.
2. Самолет екіден он бес минут кеткенде ұшып келеді.
3. Олардың баласы кеше төрттен 45 минут кеткенде дүниеге келді.
4. Сізге сағат жеті жарымда біреу звондады.
5. Соңғы поезд сағат 12.22-де кетеді.
173-жаттығу. Қазақстан телеарнасы бағдарламасын оқыңыз, айтыңыз:
а) «Қазақстан жаңалықтарын» күніне қанша рет береді және қай уақытта?
б) «Қазақстан телеарнасында» қашан және қай уақытта көркем фильмдер болады?
в) Бағдарламада сіз үшін ең қызықтысы не? Бұл хабарлар, сіздіңше, қашан, қай уақытта
жүргені дұрыс;
г) Теледидарды сіз жиі көресіз бе?
д) Теледидарды сіз қай уақытта көресіз, қандай хабарларды көресіз?
|