Назар аударыңыз!!! Іс-әрекеттің басталу сәті мезгілдік ұғымды білдіретін сөзге шығыс септігі және
бері көмекші сөзінің тіркесуімен беріледі. Мысалы: Мен күзден бері Астанада тұра- мын. Мен спортпен өткен жылдан бері айналысамын. Бастапқы мезгілдік шекті білдіру конструкциясы мезгіл ұғымды сөз заттанған
етістікке көмектес септігінің жалғануымен беріледі. Мысалы: Көктем келісімен күн жылына бастады. Жаңа жыл басталысымен азық-түлікке бағалар өсті. Мезгілдік ұғымды білдіретін сөздер + септеулік сөз конструкциясы әрекеттің
біртіндеп өзгеруін білдіреді. Күн сайын жыли бастады. Жыл сайын елдегі жағдай жақ- сарып келеді. Іс-әрекеттің аяқталуын білдіретін құрылым барыс септігіндегі мезгіл ұғымды сөз-
ге дейін септеулегінің тіркесуімен беріледі. Біз таңға дейін отырдық. Біз кешке дейін биледік. Уақыттық шек мезгіл ұғымды сөздермен берілмейтін конструкцияларда шығыс
септікті сөз + барыс септікті сөз қолданылады: Біз таңнан таңға дейін жұмыс істейміз.