З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Кітапхана ... жұмыс істемейді



Pdf көрінісі
бет140/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

1. Кітапхана ... жұмыс істемейді.
     А) бесінші маусымға дейін
     В) бес маусымда
     С) бес маусым
     Д) бесінші маусымға
2. Біз саяжайға ... барамыз.
     А) демалыс күні
     В) демалыс күн
     С) демалыс күнге
     Д) демалу күні
3. ... біз ата-анамызға барамыз.
     А) мереке күн
     В) мереке күні
     С) мереке күнде
     Д) мереке күнге
4. Атам ауылда ... тұрғанды жақсы көреді.
     А) жаз қыс
     В) жаздан қысқа дейін
     С) жазға, қысқа
     Д) жаздан, қыстан


105
5. Каникул ... басталады.
    А) келесі апта
    В) келесі аптадан
    С) келесі аптамен
    Д) келесі аптаға
6. ... қатты аяз басталды.
    А) қыс келісімен
    В) қыс келісі
    С) қыс келуімен
    Д) қыс келе
7. ... ағаштар бүршік атады.
    А) жуық арада
    В) жуық
    С) жуыққа
    Д) жуық кезде
8. ... суық бола түсті.
    А) күн сайын
    В) күнімен
    С) күнге
    Д) күніне
Әлде-бір іс-әрекеттің басталатынының, бірнеше уақыт өтіп кеткенінің берілуі 
(Обозначение времени по прошествии которого произойдет
закончится или начнется какое-либо действие)
Қашан? Қанша уақыттан кейін.
Екі сағаттан кейін
Бірнеше жылдан кейін
Бір минуттан соң
Екі сағаттан соң
Бірнеше жыл өткен соң
Бірнеше жыл өткеннен кейін
Екі күннен кейін
Екі күн өткеннен кейін
Ескерту! 
Кейін, соң септеуліктерінің қолдануына назар аударыңыз.
Екі күннен кейін біз кішкене көлді тауып алдық. Екі сағаттан кейін қараңғы түсті. Күндіз-
гі сағат төрттен кейін қараңғы түсті.
Соң, кейін септеуліктері оқиғаны, процесті, мекемені білдіретін сөзден кейін де қолда-
нылады: таңғы астан кейін (соң), жұмыстан кейін (соң) демалыстан кейін (соң), сабақтан 
кейін (соң) әңгімеден кейін, сапардан кейін, концерттен кейін, университеттен кейін, мек-
тептен кейін, операциядан кейін (соң және т.б.).


106
200-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Мезгілдік конструкцияларды табыңыз.
Бүкіл ай бойы жаңбыр жауды. Тек қана бір айдан кейін күн ашық, жылы бола бастады. Ол 
өзінің романымен үш жыл бойы жұмыс істеді. Ол өзінің романын үш жылдан кейін аяқта-
ды. Аэропортта ашық (ұшу) ауа райын үш сағат күттік. Тек қана үш сағаттан кейін өзіміздің 
рейсіміз туралы хабарландыруды естідік. Олар он жыл бірге оқыды. Мектептен кейін олар 
университетке түсті. Олар интернет арқылы екі жыл хат жазысты. Екі жылдан кейін ғана 
олар кездесті. Алдағы үш апта аралығында Президент демалыста болады. Екі апта өткен 
соң, өзінің міндетіне оралады.
201-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз, салыстырыңыз.
1. Дәрігер:
Үш сағат өтісімен дәріні қайтадан ішіңіз.
Шеше:
Дәрігер айтқандай, үш сағаттан соң мына 
дәріні ішуді ұмытпа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет