Назар аударыңыз!
- Есесіне, орнына лексикалық бірліктері қарсылықты мәнді құрылымда орнын толты-
рушылық мағынасын білдіреді. Мысалы: Жазушы қыста көп жұмыс істеді, есесіне бүкіл жаз
бойы отбасымен бірге ауылда дем алды.
Мынадай құрылымдарда да қарсылық мәнді мағына беріледі:
- Екі жай сөйлем мағынасында қарама-қарсылық бар. Мысалы, Жылынайын-ақ дедім,
жылына алмадым. Табиғаттың тамшылары өлмейді, тек бір-біріне ауысып, қайта жара-
тылады. Келіседі, кеңеседі, ертеңіне бар сөзінен танып шыға келеді.
Шағым. Жоқ. Одан гөрі Есім лайық. Мейірбан кең. Шағым болсын. Өзі батыр, өзі ақылды.
Жоқ, тым қатал. Бірақ қаталдық та керек-ау.
- Бірінші сөйлем шартты рай тұлғасында болып, мағыналары қарам-қарсы мәнде бола-
ды. Немесе шартты райдан кейін да, де жалғаулығының келуі арқылы да қарам-қарсы мән-
ді ұғым беріледі. Мысалы, Ай-Шешектің алдында қандай кішік болса, қараша жұрт алдында
сондай тәкәппар. (М. Мағауин) Қайысса да, қаймықса да, көтерді.
172
Достарыңызбен бөлісу: |