З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет39/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

А: Дәурен қалай?
Б: Білмеймін. Мен көптен бері ол туралы 
ештеңе естімедім.
Дастан және Олжас.
Ілияс, Петр және Екатерина.
Марина, Игорь және Ғалия.
Евгений, Сәуле, Ербол.
б)
А: Виктор туралы бір жаңалықтар бар ма? 
Оның жағдайы қалай?
Б: Айту қиын. Сен білесің ғой, ол өзі 
туралы айтуды жақсы көрмейді.
Ғани, Жанат
Рахия тәте, Гүлназ, Рита, Бекболат.
Үміт, Қарлығаш.


36
в)
А: Сен мына жоба туралы не ойлайсың?
Б: Қайсы? Мынау туралы ма? Ол туралы 
мен ештеңе білмеймін
А: Шын ба? Бірақ ол туралы қазір сондай 
көп айтады.
мақала, фильм, бағдарлама, сұқбат, спек-
такль,  жазушы,  фирма,  конференция, 
келіссөз
г)
А: Сен мына көрме туралы бірдеңе білесің бе?
Б: Иә, ол туралы газетке жазған.
ұйым, ашылу, апат, қақтығыс, дәрі, 
болжам, фестиваль.
18 -тапсырма. Өзі, өзімнің сөзінің қолданысын есіңізге түсіріңіз.
Дәурен өзінің шешесі туралы ойлайды.
Дәурен өзінің жұмысы туралы әңгімелейді.
1 адам: Дәурен.
Дәурен оның жұмысы туралы әңгімелейді.
2 адам: Дәурен және басқа адам.
Дәурен  оның  шешесі  туралы  ойлайды.                
(3  адам:  басқа  адам  және  осы  адамның 
шешесі).
19-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз. Ситуацияда қанша адам бар айтыңыз.
1. Анна өзінің мақаласы туралы әңгімеледі.
2. Виктор өзінің ағасы туралы сұрады.
3. Саяжан өзінің шешесі туралы айтты.
4. Олжас оның әкесі туралы материалды 
оқыды.
5. Олжас пен Назым өздерінің жоспарла-
ры туралы әңгімеледі.
6. Салтанат өзінің құрбысы туралы сұрады.
Анна оның мақаласы туралы әңгімеледі.
Виктор оның ағасы туралы сұрады.
Саяжан оның шешесі туралы айтты.
Олжас  өзінің  әкесі  туралы  материалды 
оқыды.
Олжас  пен  Назым  олардың  жоспарлары 
туралы әңгімеледі.
Салтанат оның құрбысы туралы сұрады.
20-тапсырма. Сұрақтарға модель бойынша жауап беріңіз.
    А: Білесіз бе, оның ағасы қайда жұмыс істейді? (ол)
    Б: Білмеймін. Ол өзінің ағасы туралы ешқашан айтқан емес.
1. А: Оның отбасы қайда тұрады? Білесіз бе? (ол)
    Б: _____________________________________
2. А: Оның шешесі қайда жұмыс істейді? Білесіз бе? (ол)
    Б: _____________________________________
3. Оның ағасы қайда оқиды, білесіз бе? (ол)
    Б: _____________________________________
4. А: Оның көршісі кім? Білесіз бе? (ол)
    Б: _____________________________________
5. А: Оның ата-анасы кім? Білесіз бе? (ол)
    Б: _____________________________________
6. А: Олардың саяжайы қандай? Білесіз бе?
    Б: Білмеймін. Олар өздерінің саяжайы туралы ештеңе айтқан емес.


37
1. А: Олардың машинасы қандай? Білесіз бе?
    Б: _____________________________________
2. А: Олардың жоспары қандай? Білесіз бе?
    Б: _____________________________________
3. А: Олардың үйі қандай білесіз бе?
    Б: _____________________________________
4. А: Олардың қандай мәселелері бар? Білесің бе?
    Б: _____________________________________
21-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу құрыңыз.
а)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет