121-жаттығу. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
Үлгі: Лабораторияда қуаттылығы әр түрлі моторлар жұмыс істейді. – Лабораторияда
қандай моторлар жұмыс істейді? - Қуаттылығы әр түрлі моторлар.
1. Бірдей диаметрлі шеңберді сызу қажет. Газды үлкен көлемді резервуарда сақтауға бо-
лады. Студенттер үлкен мөлшерлі кристалдарды қарап жатыр. Тәжірибе үшін қалыңдығы
жұқалау тақталар керек. Зауыт үлкен диаметрлі құбырлар жасайды.
122-жаттығу. Мөлшер мағыналы зат есімдерді есіңізге сақтаңыз, осы сөздерді пайдала-
нып, сөз тіркесін құрастырыңыз.
Ұзындық, биіктік, тереңдік, сыйымдылық, диаметр, қуаттылық, көлем,қысым, қалың-
дық, аумақ.
123-жаттығу. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз.
Әлемдегі ең үлкен, ең ауыр глобус АҚШ – та, Массачусетс штатындағы университетте жа-
салынған. Оның диаметрі 9 метр, салмағы 21 тонна. Биіктігі 540 метр Останкино телемұна-
расы, радиусы 120 – 13 шақырым аймақты телебағдарламамен қамтамасыз етеді. Әлемдегі
ең алғашқы атомдық электростанция 1954 жылы іске қосылды. Оның қуаттылығы 5000
кВт.
Достарыңызбен бөлісу: |