117
233-жаттығу.
Сабақ кестеңізге қараңыз. Мезгіл мәнді құрылымда пайдалана отырып,
қай пән қашан болады, қайсысы күн сайын, қайсысы аптасына бір рет, екі рет айтыңыз.
Нені өзгерткіңіз келеді?
234-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Күніне қанша рет тамақ ішесіз?
2. Дене шынықтыру жаттығуларын жасайсыз ба?
3. Жаңа киім алғанды жақсы көресіз бе?
4. Стоматологке жиі барасыз ба?
5. Шашыңызды жиі қырқтырасыз ба?
235-жаттығу. Шет тілін үйренетіндердің кейбір ойларын оқыңыз. Сіз қалай оқисыз, ойды
жалғастырыңыз.
1. Әдетте, мен бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырмаймын.
2. Күн сайын кешке мен ұйықтар алдында жаңа сөздерді қайталаймын.
3. Мен жаңа сөздерді тек қана сабақ алдында қайталаймын.
4. Әрбір жаңа сөзді мен бірнеше рет қолдануға тырысамын.
5.
Кішкене сөздігім бар, мен оны әрбір бос минутымда пайдаланамын.
6. Демалыс күндері мен жаңа сөздерді қайталауға уақыт табуға тырысамын.
7. Мен жаңа сөздердің тізімін бір қағазға жазып, ас үйге, бөлмеме, тіпті жуынатын бөл-
меме де іліп қоямын. Оларды күнде, сағат сайын, демалғанда жұмыс істегенде көріп отыру
үшін, есімде қалдыру үшін.
236-жаттығу. Сәйкес мезгілдік құрылымды пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Телевизор көруді ұнатасыз ба? Жиі көресіз бе?
Қандай спорттық бағдарламаны көресіз? Оны телевизордан жиі көресіз бе?
Көркем фильмдерді жиі көресіз бе?
Қай бағдарлама сіз үшін ең сүйікті? Оны сіз жиі көресіз бе?
Жаңалықтарды жиі көрсете ме? Сіз оны үнемі көресіз бе?
Достарыңызбен бөлісу: