16. Модальдық мағынаның берілуі
Назар аударыңыз!
Модальдылық терминінің грамматикада екі мағынасы бар. Осы терминмен ортақ бел-
гілері бар әр түрлі құбылыстарды атайды: модальдылық өзін сөйлемде яғни синтаксис дең-
гейінде көрсетеді. Сөйлеуші сөйлем құрғанда өзінің ақпаратқа, ақпараттың шындығына қа-
тыстылығын хабарланатын сөйлемде білдіреді. Сөйлеуші тарапынан ақпарат шынайы
яғни қазір болатын, болған, болашақта болатын болса, онда сөйлем ашық райда: осы шақта,
келер шақта, өткен шақта беріледі.
Егер де ақпарат сөйлеуші тарапынан шынайы емес, яғни ол шындығында әлі бол-
маған, қазір де болмайтын, болашақта да болмайтын болса, онда сөйлем бұйрық райда,
қалау райда құрылады. Модальдылық бірінші мағынасы бойынша объективтілік модаль-
дылық деген атау алды.
Субъективті модальдылық.
Модальдылық терминінің екінші мағынасы сөйлеушінің айтатын сөйлеміне қатынасын
білдіреді. Бұл үшін сөйлеуші модальді деп аталатын арнайы сөздерді пайдаланады.
Модаль сөздер тиістілікті, қажеттілікті, керек еместікті, мүмкіндікті, мүмкін еместік-
ті, қалағандықты, қаламағандықты, рұқсатты, тыйым салғанды білдіреді. (модальные
слова указывают, насколько достоверным является сообшение; представляется ли сообша-
емая информация как желательная, возможная, или невозможная и т. д.)
Достарыңызбен бөлісу: |