Даяшы: Қайырлы күн! Қандай тағамға (неге) тапсырыс бересіз?
Сіз: Қайырлы күн! ...
40-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу құрыңыз.
А: Мен пәтер іздеп жүрмін.
Б: Пәтер сатып алғың келе ме?
А: Жоқ, жалдауға іздеп жүрмін.
Б: Қандай пәтер іздеп жүрсің?
А: Шағын, екі бөлмелі.
Б: Қандай ауданнан?
А: Сол жағалаудан.
Б: Қанша мерзімге? (на какой срок?)
А: Бір жылға.
Б: Мен бір кісіні білемін. Одан сұрайын.
А: Рахмет.
менің досым, менің достарым, біз бір бөл-
мені, екі бөлмені үлкен, жарық, қолайлы,
кең, арзан
орталық, шығыс,
оң жағалау, солтүстік шығыс
жарты жыл, ай,
қыс, жаз, күз, көктем
41-тапсырма. Сұхбаттасуды оқыңыз. Осыған ұқсас сұқбаттасу жазыңыз.
Нұрбол: Сәлем! Мен сені көптен бері көрген жоқпын. Жаңалық бар ма?
Назгүл: Мені құттықтауыңа болады. Мен жаңа пәтерге көштім.
Нұрбол: Не, пәтер сатып алдың ба?
Назгүл: Жоқ-а, жалдап тұрамын. Қоныс тойға кел.
Нұрбол: Рахмет. Қашан?
Назгүл: Сенбі, кешке.
Нұрбол: Қуана барамын. Қалай табамын?
Назгүл: Адресімді жазып ал: Сол жағалау «Достық» ауданы, 23-көше, 9-шы үй 84-ші пәтер.
Нұрбол: Жазып алдым. Енді қалай барамын, түсіндір.
Назгүл: Түк те қиындығы жоқ. 115-ші автобусқа отырасың, соңғы аялдама «Достықтан»
түсесің.
Достарыңызбен бөлісу: |