А: Мен мына әңгімені газеттен оқығанмын.
Б: Мен де осы әңгімені радиодан
тыңдағанмын.
журнал – мақала;
кітап – үзінді;
фильм - теледидар
16-тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасу құрыңыз.
А: Бүгін теледидарда бірдеңе бар ма?
Б: Иә, кешке қызық хабар болады.
А: Қай каналдан береді?
Б: «Ел арна», «Қазақстан», «Астана»
телеарналарынан.
сұқбат – бірінші (арна) – «Хабар»;
дебат – үшінші (арна) – «Қазақстан»;
концерт – төртінші – «Астана» (канал);
пікір – талас – бесінші – «Ел арна»
17- тапсырма. Модель бойынша сұқбаттасулар құрыңыз.
А: Алло! Үйдесің бе? Қазір келемін.
Б: Қайдан телефон шалып тұрсың?
А: Университеттен.
Б: Жарайды. Университеттен менің үйіме
дейін 20 минутта келесің. Күтемін.
кітапхана – біздің үй – 15 минут;
орталық – біз – бір сағат;
жұмыс – факультет – 25 мин.
үй – менің жұмысым – 30 мин.
аэропорт – менің офисім – 1 сағат 30 мин.
Достарыңызбен бөлісу: |