Назар аударыңыз!
«1. Одной из частоупоребляемых форм в повседневной речи – глагол де - : Ол не деді?
Сен не дедің? Сіз не дедіңіз?
2. Глагол де – по своему значению является синонимом айт-, сөйле-, и в отличие от них
он в речи выполняет самые разные функции.
3.Глагол де- в казахском языке упоребляется для оформления чужой речи: Ол не деді?
– Что он сказал? Ол ертең келемін деді. – Он сказал -, что придет завтра. Ол не дейді? – Ол
ертең келемін дейді. – Он говорит, что придет завтра.
4. Глагол де – принимает личные окончания, окончания причастия, и деепричастия, вре-
менных форм глагола, а также может сочетатся со вспомогательными глаголами.» ( А. Ал-
дашева., Қазақ тілі., 1997)
22- жаттығу. Сөйлемдердің предикаттарына назар аударыңыз. Өзіңіз де мысал жазыңыз.
Бүгінгі ауа райы суық, ылғалды. Зал кең және жарық. Жаз ыстық болды. Ержан кеште
өте көңілді болды. Юрий салмақты, ұқыпты. Менің достарым бақытты, олар университет-
те оқиды. Күн жаңбырлы. Кеш суық, тұманды болды. Менің үлкен әпкем әрқашан көңілді.
Менің досым бүгін көңілсіз. Түн жылы. Түн жылы болды.
23-жаттығу.
а) Өзіңіздің бірнеше таныстарыңызға мінездеме жазыңыз, кім қанша жаста, кімнің бойы
қандай, кімнің жүзі, көзі қандай конструкциясын пайдаланыңыз.
б)Танысыңыздың қалып күйін, қоршаған ортаның жағдайын сипаттап жазыңыз.
24-жаттығу. Сөлемдерді оқыңыз. Субьект мен предикаттың қиысуына назар аударыңыз.
(обратите внимание на согласование субьекта и предиката).
Кім сұрақ қояды? Кім барлық тапсырманы орындады? Сені не қызықтырады? Өкінішке
орай ешкім сенің өтінішің туралы есіне алмады. Мұнда жақсы ештеңе болмады. Адамды еш-
теңе қуандырмаса, ештеңе толғандырмаса, ештеңе қорқытпаса, жаман. Маған біреулер те-
лефон шалды ма? Ешкім телефон шалмады.
25-жаттығу. Сөйлемдердегі субьектіге сұрақ қойыңыз.
Барлығы үндемеді. Кетуге болады, барлығы жақсы істелінді. Ештеңе жоғалған жоқ, бәрі
орнында. Экспедицияға менің бірнеше достарым кетті. Біреу келді. Мүлдем күтпеген нәрсе
болды..
Достарыңызбен бөлісу: |