Ұзақ мерзімді активтерге түсінік және олардың амортизациясын есептеудің мәні



бет6/16
Дата03.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#450085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Ұзақ мерзімді активтер 04.03.2020

Зерттеудің әдістері - жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реттейтін құжаттар, экономика және қаржы салаларындағы көрнекті авторлардың еңбектері қолданылып олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде қарастырылды Дипломдық жұмысты жазу барысында “№10 Балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ соңғы екі жылдық қаржылық есептілігі және ұзақ мерзімді активтерді талдайтын құжаттары кеңінен қолданылды.

Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Мекеменің ұзақ мерзіміндегі активтерінің амортизациясының есебі мен қайта бағалауын жүргізу тәртібінің әдістемелік сұрақтары отандық авторлардың жұмыстарында көрініс тапты: К.Ш.Дюсембаев, К.К.Кеулімжаев, В.К.Радостовец, С.С.Сатыбалдин, М.С. Ержанов, М.Қ.Әлиев, Ф.С. Сейдахметова, Ж.С. Толпаков, Ф.С. Кокенова, Ә.Ә Әбдіманапов А.А. Галымжанов, К.Т. Тайғашинова және тағы басқалар.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалылығы - бірқатар теориялық шешімдерін тәжірибелік талдауларын негізге ала отырып ұзақ мерзіміндегі активтерінің амортизациясының есебін экономикалық категория ретінде оның әрі қарай құзыреттік құқықтық қызметтерін жетілдіру және халықаралық есептілік стандарттарына сәйкес құру бойынша ұсыныстар жасайтындығында болып отыр.Сондықтан да «Ұзақ мерзімді активтерінің амортизациясы, қайта бағалау мен құнсыздануының есебі» тақырыбы бүгінгі күні өзекті тақырып болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған тақырыпты диплом жұмысын жазу үшін таңдап алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет