«Заң психологиясы» ПӘні бойынша



бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#133680
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК 042-18-16.1.32/03-2013

«Заң психологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Баспа № 1 13.09.13


ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Заң психологиясы»

ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050300 «Психология» мамандықтарына

оқу-әдістемелік кешені


Семей

2013



Алғы сөз


1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Г.Абдуллина

“___13___” _____09_____ 2013 ж.

2. ҚАРАЛДЫ



    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №___1___ «_13_»___09_____ 2013 жыл

Кафедра меңгерушісі ____________ Т. Кунслямова

2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама №___1___ «_17_»___09_____ 2013 жыл

ОӘБ төрағасы___________________ Ш.Кенесбаева

3. БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №__1____ «_18_»___09_____ 2013 жыл

ОӘК төрағасы_________________ Г.Искакова

4. Баспа № 1 13.09.13



Мазмұны:


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

  5. Студенттің өздік жұмысы


1.Глоссарий

Аномия – қоғамда қалыптасқан негізгі құқықтық-адамгершілік ережелерін сыйламау;

Амбивалетті – эмоциялық жағдайлардың қосарлануы;

Апперцепция – адамның өткен тәжрибесінен қабылдау процесінің тәуелділігі;

Аффект –тез, бірақ күшті және өте қарқынды өтетін психикалық жағдай;

Агрессия – басқаның пікірін күшпен басып тастау үшін шабуыл жасау;

Адаптация – организм функцияларының орта жағдайларына бейімделу;

Азарт – құмарлық;

Амбиция – шамданушылық;

Акцентуация – мінез-қылықтың екпінденуі

Деонтология – «деон» (грек.) Міндетті, яғни кәсіби міндетті, міндеттілік;

Психика - жан, барлық тірі организмдерге тән қасиет;

Психикалық қасиеттер мен жағдайлар – қажеттіліктер, мотивтер; мақсаттар, қызығушылық, ерік, сезім мен эмоция, бейімділікпен қабілеттілік, білім мен сана;

Методологиялық бөлім – заң психологиясының даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді;

Құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі – құқық негізін жүзеге асыруды, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді;

Криминалдық психология – қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін қылмыстық тәртіптін мотивін басқа қылмастардың (зорлау, жеткіншектердің қылмысы және т.б.) мотивін зертейді;

Оперативтік–тергеу психологиясы – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зертту және әшкерелеудің психологиялық аспектілерін зерттейді;

Пенитенциарлы психология – қылмыстық айып жазалауды еңбек колонияларында өтеу;

Виктимология – жәбір шеккен адам жайлы ілім;

Фрустрация – босқа әлек болу;

Иллюзия – сағым;

Галлюцинация – елестетушілі;

Доминанттыбасыңқы жетекші бағыты;

Графология – адамның жазу ерекшелігін зерттеп мінез-құлқын білу;

Дефект – ақау, кемістік, мүшкілдік;

Деятельность – қызмет, іс-әрекет, жігерлілік;

Дилетант – үстірт (ғылымды немесе өнерді тек үстірт біліп істейтін адам)

Латентті – жасырын;

Конформистік – келісе беретін, өзіндік көзқарас жоқ;

Девианттық – мінез-қылықтың бұзылуы, ауытқуы;

Легалистік – ресмилендіру;

Оппортунистік – бәрімен келісе алатын;

Криминогенді – қылмыстық себепті;

Фобия – қоқу, үрейі ұшу;

Община - ұжым, ұйым;

Мафия- жасырын қылмыстық, террористік;

Коррдинаторлар – қылмыстық әлемннің (элитасы) қаймақтары;

Гангстер – бандиттер тобының адамы;

Рэкет – қорқыту мен зорлау арқылы жүретін жанжал;

Эгоист – өзімшіл;

Коррупция – қызметкердлердің, қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығы;

Релевантты – тән, маңызды;

Стресс – Г.Сельенің анықтамасы бойынша «жалпы бейімделу синдромы»;

Флэш-эффект – бұрынғы эмоциялық жағдайларға байланысты кенеттен ырықсыз пайда болатын жарқын бейнелер;

Аддиктивті қылық әрекет – шындықтан қашу мен қажетті эмоцияларды алу мақсатында белгілі бір заттарды қолдану немесе арнайы белсенді қылық-әрекет жасауды білдіреді;

Антиәлеуметтік қылық-әрекет– қылық-әрекеттің антиәлеуметтік, құқыққа қарсы, аморальды-адамгершіліксіз формасында болатын заңдар мен адамдардың құқықтарына қысым көрсетілетін әрекеттерді білдіреді.

Суицидті қылық-әрекет - өзін-өзі өлтірумен сипатталады;

Конформды қылық-әрекет – дербестіліктен бөлектенген адамға тән. Бұндай қылық-әрекет түріне ие адам сыртқы авторитеттерге бейімделген, бағытталған болады;

Нарцистік қылық-әрекет типіне жататын адам өзін басқалардан жоғары, керемет сезіну сезімімен басқарылады;

Фанатикалық қылық-әрекет – белгілі бір идеяға, көзқарасқа деген соқыр бағыттылықпен ерекшеленеді;

Аутистикалық қылық-әрекет – адамдардан, қоршаған шындықтан бөлектенуімен, өзіндік фантазия әлеміне енуімен сипатталады.

2. Дәріс материалдары

1 Дәріс Заң психологиясы пәні мен міндеттері



  1. Заң психологиясы пәні мен міндеттері.

  2. Методологиялық негізі.

  3. Заң психологиясының салалары

Заң психологиясы – психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді.

Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білім мен сана адам мінез-құлығының психологиясымен де тығыз байланысты.

Заң психологиясы қылмыскердің қылмыстық әрекетінің мотивациясына жүйелі талдау жасауға, құқық қорғау және заң қызметкерлерінің кәсіби әрекетін ұйымдастыруда құрылымдық мүмкіндікті береді.

ХХ ғасырдың соңында дербес білім саласы ретінде пайда бола отырып, бүгінде заң психологиясы заңгерлік білім берудің құрамды бөлігіне айналды, сөйтіп «адамдар факторына» негізделген құқықтың барлық салаларын қамтыды. Заң психологиясы сонымен қатар психологиялық фактілерді есепке ала отырып, құқық шығарушы, құқық қолдаушы, құқық қорғаушы және пенитенциарлық іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың мәселелерін де зерттеп қарастырады.



Заң психологиясы- бұл жеке адамның және оның іс-әрекетінің құқықтық реттеу жағдайларындағы түрліше аспектілерін зерттейтін ғылым. Заң деонтологиясы немесе заң психологиясы – ғылым саласы ретінде жалпы және арнаулы міндеттерді қарастырады. Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерінің ғылыми негіздерін жинақтау, құқықтық категориялар негізінде психикалық ерекшеліктерді ашу жатады.

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясының міндеттері мынандай:



  • Психологиялық және заң білімдерін ғылыми тұрғыдан жинақтау, біріктіру;

  • Негізгі құқықтық категориялардың психологиялық заңгерлік мәнін ашу;

  • заңгерлердің өз іс-әрекетінің негізгі объектісі- адамның мінез құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.

  • түрлі құқықтық қатынас субъектілерінің психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін және құқық қолдану мен құқық қорғаудың әртүрлі жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу.

  • қоғам өмірін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстарды, нұсқауларды жасау.

Арнаулы міндеттеріне: құқықтық әрекеттерді қолдануды жүзеге асырудың тиімді ұсыныстары жатады:

  • психикалық шаралардың құқықтық нормалардағы тиімділігін зерттеу.

  • Қылмыскердің жеке басының психологиялық зерттеу, қылмыстық тәртібінің мотивін ашу.

  • қылмыстың аалдын-алудың әлеуметтік пссихикалық негізін жасау.

  • Құқық қорғаудың әртүрлі салаларындағы психологиялық заңдылықтарды зерттеу.

  • Түзету мекемелеріндегі жазаланғандарды қайта тәрбиелеу мақсаты негізінде психологиялық заңдылықтарды зерттеу

  • Құқық қорғау органдарында кәсіптік деңгейді, кәсіптік бағдарды, кәсіптік білім мен біліктілікті жетілдіруге ұсыныстар жасау.

Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық түсінік алады. Бірақ та жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктер жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдауға және құқықтық маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білуге жеткіліксіз. Азаматтық-құқықтық реттеу барысында келісімді қатынастар үшін психоллгия саласынан білімдер қажет.

Психологиялық білім заңгер үшін негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, қылмыскердің жеке басы және т.б), жекеленген мынандай заңгерлік сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау арқылы кіәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет.



Заң психологиясы психология және юриспруденция ғылымдары негіздерін қамтиды. Құқықтық және заң әрекеті барысындағы қарым-қатынастағы адамдардың психикасында өзіндік ерекшеліктері болады. Психология гректің «псюхе»-жан және «логос»-ілім деген мағынаны білдіретін екі сөзінен тұрады, яғни жан туралы ғылым саласы. Психология адамдардың психикасын зерттейді, ал психика немесе жан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет. Психиканың ең қарапайымнан күрделіге дейінгі бірнеше формалары бар: ең қарапайым формасы бір клеткалы-қарапайымдыларға, ал ең күрделісі «сана»-деп аталады және ол тек адамдарға ғана тән. Адам санасы ми қызметімен тығыз байланысты. Психика немесе жан көптеген психикалық-жан құбылыстарынан тұрады. Психология ғылымында жан құбылыстарын үлкен үш топқа бөлеміз:

1. психикалық процесстер

2. психикалық жағдайлар

3. психикалық қасиеттер

Психикалық процесстер үш топқа бөлінеді: танымдық, эмоциялық, еріктік.

Психикалық процесстерге түйсік, қабылдау, ойлау, ес, қиял, зейін және олардың қасиеттері жатады. Психикалық жағдайлар эмоциялық және сезімдік (адамның көңіл-күйі) ерекшеліктермен байланысты. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез-құлық және қабілет жатады. Адамның психикасы, ойы, саналы әрекеттері мен іс-қимылдары, өзін-өзі бақылауы, ұстауы, творчествосы және т.б. адам миының жемісі.

Психология адамдар жайлы ғылымдар саласында жетекші орын алады. Психологияның медициналық, әлеуметтік, балалар, әскери, еңбек, саяси және т.б. көптеген салалары бар. Заң психологиясы да психология ғылымының бір саласы болып табылады

Қылмыстық іс жүргізу заңының көптеген ережелерін жүзеге асыру барысында да (кәмелеттік жасқа толмағандардың ақыл-ойының қалыптылығын куәгерлердің және жәбірленушілердің оқиғаны дұрыс қабылдап, айта білу қабілетін ескеру) қажетті психологиялық білім көлемінің болуы, соттық-психологиялық сараптаманы тағайындау талап етіледі. тергеу-іздеу әрекетіндегі бастапқы бейхабар жағдайларды ізделінуші қылмыскердің мінез-құлықтық ерекшеліктерін бағдарға алу шешуші маңызға ие (куәгерсіз жасалған қылмыстардың 5 пайызы ғана материалдық іздер арқылы, дәйектер арқылы ал қалған бөлігі мінез-құлық көріністері арқылы көрінеді). Қылмысты ашудың теориясы мен тәжірибесінде, тергеу әрекеттерінің стратегиясы мен тактикасында психикалық заңдылықтарды білу аса маңызды.

Психологиямен және құқықтанумен шектесіп жатқан заң психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның әдістері мен методологиялық қағидаларына сүйене отырып жұмыс істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы құқықтық реттеу логикасымен анықталады. Заң психологиясының тәжірибелік нұсқаулары материалды және іс жүргізу құқықтарының ережелеріне сәйкес келеді.

Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз:

методологиялық бөлім – заң психологиясы мен даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.

құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.

криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.

ізденістік –оперативтік психология – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.

соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.

әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімді жолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеу логикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.



  1. Құқықтық психология:

  • құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады

  1. Қылмыстық психология:

  • қылымыстық мінезқұлықтың таралуына психологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.

  1. Қылмыстық сот ісін жүргізудің психологиясы:

А) алдын ала тергеу психологиясы тергеу әрекетінің психологиясы, тергеушінің және қылмыстық іске қатысушылардың жеке басының психологиясы, тергеушінің танымдық ізденушілік іс-әрекетінің психологиясы, тергеушінің хабар тапшылығы жағдайындағы іс-әрекетінің психологиясы, тергеу-іздеу әрекетіндегі харарлық модельдеу, тергеушінің коммуникативті іс-әрекетінің психологиясы, қылмысты ашу жүйесіндегі тергеу әрекеттерінің психологиясы, қылмыстық іс жүзіндегі сот психологиялық сараптама.

Б) сот қызметінің психологиясы сот қызметі ерекшеліктерінің психологиясы

соттық істі қарауды даярлау мен жоспарлаудың психологиясы, соттық тергеу оған қатысушылардың психологиялық ерекшеліктері, соттық істі тергеудегі жауап алудың психологиясы, соттағы пікір таластардың психологиясы, прокурорлық қызметтің психологиясы, қылмыстық әрекет-істерді соттаудағы прокурордың сөзі, сотталушының психологиясы, сот шешімдердің қабылдаудың психологиясы

4. Түзетуші (пенитенциарлық) психологиясы

- түзетуші психологияның міндеттері, қылмыскерлерді жазалау мен түзетудің психологиялық мәселелері,-бас бостандығынан айырылған сотталушының психологиясы,-еңбекпен түзету мекемелері жағдайындағы өмір әрекетінің психологиясы,-қайта әлеуметтендіруші іс-әрекетінің психологиясы,-қамаудан босаған адамның әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу



5. Азаматтық құқықты реттеудің психологиясы

- азаматтық құқықтық қатынастардың психологиясы,- азаматтық процесске қатысушы жақтардың қалпы мен қатынас белсенділігі,- азаматтық істерді сотта қорғауға даярлаудың психологиялық аспектілері,- азаматтыө істерді сотта қарауды ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері,- азаматтық соттағы соn cөзі,- азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық іс-әрекеттің психологиясы, адвокаттың соттағы сөзі, - азаматтық істегі прокурордың іс - әрекетінің психологиясы, азаматтық соттағы прокурордық сөзі, - азаматтық соттың танымдың және куәләндіруші іс-әрекеті, - азаматтық іс жүргізудегі сот-психологиялық сараптама, - сот шешімдерін шығарудың психологиясы.



Меңгерген білімді бекітуге арналған сұрақтар:

1. Заң психологиясының ғылыми зерттеу обьектісі мен пәннің жалпы мазмұнына түсінік.

2. Заң психологиясының методологиялық негізі.

3. Заң психологиясы салаларының өзіндік ерекшеліктері.


2 Дәрістің атауы: Заң психологиясы пәнінің даму тарихы

  1. Заң психологиясының ғылым саласы ретінде қалыптасып дамуы.

  2. Теориялық және практикалық негіздерінің қалыптасуы

Заң психологиясының дамуы құқықтық психологияның, көзқарастың даму тарихымен байланысты жүзеге асады. Құқықтың, заңның пайда болуымен бірге адамдардың заңға, құқыққа, заңдылыққа деген көзқарастарының, ойларының, қатынастарының дамуы негізінде әділеттілік пен құқықтылық туралы жалпы адамзаттық түсініктер қалыптасты. Құқықтың мәні мен құқықтық санасы теориялық пайымдаулардың негізін ежелгі грек философтары салған. Сол кездің өзінде заңның тиімділігі адамдардың мінез-құлығының табиғи заңдарымен байланыстырылды

ХVIII ғ. алдыңғы қатарлы ойшылдар адамзат қоғамын сауықтыру үшін, олардың өмір әрекетіне еркіндік беру қажеттігін түсіне бастады. Кант, Руссо, Вольтер, Дидро, Монтескье және т.б. либерализм мен құқықтық мемлекет туралы концепцияны қалыптастырды. Аталған философтар құқық тек тыйым салудан ғана емес, рұқсатты танудан да тұруы керек дейді. Қоғамның әрбір мүшесі ақыл-ойы, адамгершілігі толық жан ретінде танылуға тиіс. Әрбір жеке адамның одан айыруға жатпайтын құқықтары міндетті түрде танылуы керек. Адамдарға ойлауға, ойлағанын анық айта білугне, өзінің мүмкіндіктері мен меншіктерін еркін пайдалана білуге рұқсат етілуге тиіс. Жеке адам мемлекет алдында белгілі бір жауаптылыққа ие, сондай-ақ мемлекет те жеке адамның алдында жауаптылығын сезінеді. Осы сәттен бастап, жаңа құқықтық дүниетанымының қалыптасуы басталады. Құқық қоғам сезінетін әлеуметтік әділдіктің өлшемі, жеке адамның әлеуметтік еркіндігінің шамасы ретінде айтыла бастады. 1789 жылғы Ұла француз революциясының жеңісінен кейін адам мен азаматтың құқықтарының Декларациясы қабылданды. Оның бірінші бабында адамдар азат болып туады және солай болып қалады, тең құқылы деп жазылған. Бұл Декларацияға азаттыққа мынадай анықтама берілген: «Азаттық өзгеге зиянын тигізбейтін кез-келген өмір әрекеті белсенделегінің мүмкіндігі. Азаттықтың шектері заңмен белгіленеді. Заң тыйым салмағанның бәрін жасауға болады»ю Осы жаңа құқықтық идеология адамзаттың белсенділігінің, іскерлігінің негізін бұғаудан босатты. Көпшіліктің құқықтық сауаттылығы кеңейе түсті.

1791 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданып, ол осы заманға сай қылмыстық-құқықтық көзқарастың негізгі қағидаларына жол берді. Яғни заңда көрсетілген жағдайлар ғана қылмыстық болып табылады, жазалау қажет және ол қылмысқа сай болу қажет. Кінәлаушы соттау нысаны сөз, пікір таластырушы нысанға ауыстырылды, кінәсіздік презумпциясы енгізілді, құқықтық қатынасқа қатысушы заңдық тепе-теңдік бекіту, присажныйлар сотының енгізілуі және т.б. жүзеге асырылды. Кінәсі дәлелденбеген жағдайларда ақтап үкім шығару міндетті болды. Кінәсізді қорғауға алуға құқылы болды, кінәні дәлелдеу айыптаушыға жүктелді. Өзгерістер адамдардың экономикалық іс-әрекет саласына байланысты құқықтық байланыстар да жүрді. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғам еркін экономикалық дамудың негізінде ғана пайда бола алады.

Осылайша қарағанда, құқық – тарихи негізделген әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Оның мазмұны мен қызметі қоғамның экономикалық және рухани өмірінің жағдайларымен анықталады. Құқық сол қоғамдағы адамдардың азаттығы мен әлеуметтік әділдігінің, қажетті мінез-құлығының шамасын анықтайды, белгілейді. қоғамның ілгері дамуын тежейтін, ондағы экономикалық және адамгершілік психологиялық мүмкіндіктерді ескермейтін құқықтық ережелердің ғұмыры қысқа. Ағарту дәуірінде туған, дүниеге қазіргі құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда, құқықтық азаматтық пен азаматтық жауаптылықтың теңестіруші, реттеуші құрал. XVIII- ХІХ ғ. жаңа құқықтық көзқарастың негізінде психологиялық заң білімдерінің арнайы салалары криминология және сот психологиясы пайда болды. Криминалдық психологияның негізінде қылмыстық мінез-құлық психологиясы мен қылмыскердің жеке басының психологиясы туралы деректер жинала бастады. ХІХ ғ. соңында криминалистика мен эксперименталдық психологияның қалыптасуына байланысты сот психологиясы қарқынды қалыптаса бастады. Криминалистиканың негізін салушы Ганс Гросс сот психологиясын жалпы психологияның қолданбалы саласы ретінде қарастырды. Белгілі француз психологы Э.Клаперд сот психологиялық мәселелер көлемін мейлінше кеңейтіп, ХІХ ғ. ІІ жарт. «Заң психологиясы» ұғымын енгізді.

ХІХ-ХХ ғ. басында Россияда заңгер және әлеуметтанушы Л.И.Петражицкий негізін салған құқықтық психология мектебі қалыптасты. Оның пікірінде құқық пен мемлекет туралы психикалық құбылыстарды талдауға тиісті делінген. 1909 жылдан бастап сот психологиясы мен кәсіби психологтар айналыса бастады және криминологиялық институт ашылды. Сот психологиясында қылмыстық іске қатысушылардың, куәнінң психикасын зерттеу, алдауды анықтаудың диагностикасына қатысты негізгі мәселелердің ауқымы белгілі болды. Төңкерістен кейінгі жылдарда қылмыскерлердің әр түрлі топтарын қылмыстың психологиялық алғышарттарын, жекелеген сотқа қатысушылардың психологиясын, сот психологиялық сараптама мәселелерін, құқық бұзушылардың түзетудің психологиясын зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізілді. 1925 жылы Москвада әлемде бірінші болып «Қылмыскер мен қылмысты мемлекеттік зерттеу институты» құрылды. 1929 жылға дейін институт 300 жуық ғылыми жүмыстарды жарыққа шығарды. Алайда 1930 ж басындағы жағдайлар сот психологиялық зерттеулердің тоқтатылуына әкеп соқты. Адамның шығармашылығындағы дүниетанымдық, ойлауындағы, азаттық, құғынға ұшырады. Адамның жасаушы рухы қудаланып, психикасына ауытқушылықтар түсті. «Революциялық заңдылық» ұғымы адам құқығын бұзылу құралына айналды. Осылайша 1960 ж. ортасына дейін заң психологиясының мәселелері, сұрақтары ұмтылды.

Бұл салалардағы өзгерістер 1966 жылы елдің заң оқу орындарында жалпы және заң психологиясын оқыту енгізілгеннен кейін ғана жүре бастады. Сол жылдан бастап Қазақстанда да психологияның тәжірибеге бағытталған жеке салалары дами бастады. Психологияның басқа да қолданбалы салалары ұшін тиісті мамандармен қоғам жағынан сұраныстың болмауына байланысты дамуғы мүмкіндігі болмады. 1960 ж. соңы мен 1970 ж.басында тергеу мен іздейдің психологиялық жақтарына арналған алғашқы еңбектер дарық көре бастады. Профессор Г.Г.Досполовты «Психология показания свидетелей и потерпевших», «Психология допроса в предварительном следствии», «Психология допроса в уголовном процессе» деген еңбектерін атап өтуге болады. Жақын арыда осы автордың «Психология предварительного расследования» деген еңбегі шықты. Автор бұл еңбегінде тергеу қызметкерінің психологиясына кеңінен тоқталған. Сонымен қатар, 1984 ж. Е.К.Нурпейісовтың «Психология правомерного поведения» және «Оптимизация предварительного следствия» деген кітаптары жарық көріп, онда қылмысы ашу процесінің жүйелі категориялары талданған. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан профессор У.С.Жекебаевтың «О социально психологических аспектах преступного поведения», «Преступность, как криминологическая проблема», «Мотивация преступления уголовной ответственности» деген еңбектері бар.

Аталған еңбектер ішкі істер министрлігі жүйесіндегі оқу орындарында мамандар даярлаумен құқық қорғау органдарының күнделікті тәжірибелік сұранымдарына сәйкес келеді. Қазіргі ұйымдасқан қылмыстың құқық бұзушылықтың өсіп отырған жағдайында Ішкі істер министрлігі, прокуратура, Әділет министрлігі салалары психологиялық талдамаларымен және білекті мамандармен қамтамасыз ету қажеттлігі туындап отыр.

Заң психологиясының алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттерге құқықтық тәрбие мен құқықтық насихаттың психологиялық негізделген әрекеттеррін жасау; құқық, бұзушылықтың әлеуметтік психологиялық көздерін зерттейді; қоғамдық және дара санадағы ауытқушылықтарды анықтап отыр. Олардың алдын алуға қатысты ұсыныстарды қабылдау; құқық қорғау органдары іс-әрекетінің психологиялық негіздері мен олрады жетілдірудің құралдарын зерттеу; сот-психологиялық сараптамасының түрлеріне қатысты оқу әдістемелік құралдарды жасау. Ішкі істер министрлігінің жоғары және орта арнайы құқық орындарының тілектерін, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің психологиялық даярлаудың көлемін ұлғайту.

Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық түсінік алады. Бірақ та жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктер жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдауға және құқықтық маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білуге жеткіліксіз. Азаматтық-құқықтық реттеу барысында келісімді қатынастар үшін психоллгия саласынан білімдер қажет.

Психологиялық білім заңгер үшін негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, қылмыскердің жеке басы және т.б), жекеленген мынандай заңгерлік сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау арқылы кіәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет.

Заң психологиясының біздің қағымымызда алатын орны ерекше маңызды. Қоғам өміріндегі әлеуметтік жаңаруға байланысты демографиялық құқықтық сананың, құқықтық мемлекет жағдайындағы мінез-құлық стереотиптерін қалыптастырудың механизмдерін зерттеудің үлкен қажеттілігі туып отыр




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет