Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы



бет2/2
Дата29.02.2016
өлшемі456.99 Kb.
#31088
1   2
Заңымен 6-3-баппен толықтырылды

6-3-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот шешiмi;

3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде - бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;

4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;

5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.



Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.

Бірігу, бөліну, қайта құрылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде жаңадан құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.

Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау туралы бұйрықта не қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, оның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде көрсетіледі.

Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Заңның 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.



 

ҚР 22.04.98 ж. № 221-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222- ІV (бұр. ред. қара); 2010.20.01 № 239-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



7-бап. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркеуші органға жарғы ұсынылады.

Шаруашылық серiктестiктерінiң, акционерлiк қоғамдардың, өндiрiстiк кооперативтердiң және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты және жарғы болып табылады.

Бiр адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық серiктестiктерiнiң, акционерлiк қоғамдардың және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басқа түрлерiнің құрылтай құжаттары жарғы (ереже) және заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiм (жалғыз құрылтайшының шешiмi) болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ете алады.

Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалар мазмұнын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.

Егер заңды тұлғаның құрылтайшылары өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыруға шешім қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу процесінде жарғыны ұсыну талап етілмейді.

Бұл ретте, тіркеуші органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініштің үш данасы ұсынылады.

 

ҚР 05.01.01 ж. № 135-1; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді



8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс.



Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны мемлекеттік тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс.

 

ҚР 23.03.00 ж. № 39-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III; 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2010.20.01 № 239-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдері

Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішті қайтарып беру (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі жұмыс күні жүргізіледі.

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, сондай-ақ жарғыны (ережені) қайтарып беру қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден шығару, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 10-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы толықтырылды; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



10-бап. Тiркеу алымын төлеу

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу (қайта тiркеу), есептiк тiркеуден шығару кезiнде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан әрі - Салық кодексі) айқындалатын тәртiппен тіркеу алымы алынады.



 

ҚР 05.01.01 ж. № 135-II Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2011.11.10. № 484-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



11-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі;

2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы;

3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса;

4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылса, және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса, және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар болса;



5) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы;

6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы.

Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту филиалды (өкiлдiктi) құрудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік (есептік) тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төленген тіркеу алымын қайтару Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

 

ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2010.20.01 № 239-ІV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



12-бап. Заңды тұлғаны, филиалды (өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтама заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгенін (қайта тiркелгенін) растайтын құжат болып табылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері туралы мәлiметтер қамтылады.

Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада оның берілген жылы, айы, күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, есептік тiркеу (қайта тiркеу) жылы, айы, күні, филиалдың (өкiлдiктiң) атауы мен орналасқан жері, филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы туралы мәлiметтер қамтылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама ұсынылған кезде ғана банкте шот ашылуы мүмкін.

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензияны алған кезден бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.

 

ҚР 15.07.96 ж. № 30-1 Заңымен 13-бап толықтырылды; ҚР 19.06.97 ж. № 132-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда



13-бап. 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

16.07.99 ж. № 436-1; 23.03.00 ж. № 40-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.25.12. № 113- ІV (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116- ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 14-бап өзгертілді; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



14-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға, филиал (өкілдік) мемлекеттік (есептік) қайта тiркелуге жатады.

Бұл ретте, тіркеуші органға:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен құрылтай құжаттарының (ережелерінің) үш данасы;

4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелердің түпнұсқалары;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне және құрылтай құжаттарына сәйкес шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығының иелiктен шығарылғанын (бiреуге берiлгенiн) растайтын құжат ұсынылады.

Егер шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.

Табиғи монополия субъектiлерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.

Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісінше Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.



 

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды



14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.

Хабарламаға заңды тұлға мөрімен бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгерген, жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме;

3) заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;

4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары;

5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту:

1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;

2) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.

Акционерлік қоғамды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) орналасқан жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органға бұл жөнінде орналасқан жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.

 

24.12.01 ж. № 276-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда; 2010.20.01 № 239-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 15-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру

Тiркеушi орган заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша үш жұмыс күнi iшiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын бередi.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру үшiн:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтiнiш;

2) жарғының (ереженiң) телнұсқасын алу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi не шешімінен үзiндi көшірме;

3) жарғы (ереже) түпнұсқасының жоғалғаны туралы ақпараттың мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат ұсынылады.

 

ҚР 23.03.00 ж. № 40-II; 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; Заңдарымен 16-бап өзгертілді және толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.04.07 № 54- ІV (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116- ІV (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



16-бап. Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу

Тарату негiздемесi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:

1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;

2) заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi;

3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

4) кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;

5) акция шығарылымдарының күшін жою туралы куәлік (акционерлiк қоғамдар үшiн);

6) заңды тұлғаның мөрiн жою туралы құжат;

7) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат;

8) құрылтай құжаттары ұсынылады.

Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш тiркеушi органға заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң ұсынылады.

Сот шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу сот шешімі және тарату ісін жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы негізінде жүзеге асырылады.

Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешімін;

3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;

4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;

5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.

Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізеді.

Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.

Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган қажетті құжаттарымен қоса заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеудi тiркеушi орган табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.

Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден шығарылмаған филиалдары (өкілдіктері) болған, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не мұндай заңды тұлға Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.

Заңды тұлға өз қызметiн тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн есептеледi.

 

ҚР 29.10.02 ж. № 348-II Заңымен 16-1-баппен толықтырылды; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 225- ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 16-1-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару

Филиал (өкiлдiк):

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы заңды тұлғаның өтiнiшi;

2) филиал (өкiлдiк) туралы ереже;

3) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат негiзiнде есептік тіркеуден шығарылуға тиiс.

Салық қызметі органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде шетелдік заңды тұлғаның қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) жөнінде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады.

Мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:

1) филиал (өкілдік) туралы ереже;

2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат қоса беріле отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.

Заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде белгіленген тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда салық қызметі органдары берешегі туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайларда, тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарымен қоса филиалдың (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлғаның өтініші берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



17-бап. Дауларды қарау

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден және филиалдарды (өкiлдiктердi) есептiк тiркеуден бас тарту, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтару, сол сияқты заңды тұлға құрылтайшылары мен тiркеуші органдар арасындағы өзге де даулар бойынша сотқа шағым жасауға болады.

 

ҚР 05.01.01 ж. № 135-II; 29.10.02 ж. № 348-II; 18.03.04 ж. № 537-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-бап өзгертілді



18-бап. Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Мемлекеттік тiркеусiз заңды тұлға ретіндегі қызметке жол берiлмейдi. Мемлекеттік тiркеуден өтпей жасалған қызметтен алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiсiне алынады.



Заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туындайды.

Тiркеушi орган заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеуден (қайта тіркеуден), заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден заңсыз бас тартқан жағдайда, өтініш берушi өзi шеккен залалдардың орнын толтыруды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.

Акционерлік қоғам акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге немесе ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн алуға құжаттарды Ұлттық Банкке белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда, осы қоғам Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен таратылуға немесе қайта құрылуға тиiс.



 

19-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі

Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының



Президентi

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет