Зайсан ауданының 2006 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы Өнеркәсіп



Дата23.02.2016
өлшемі42.8 Kb.
#3622
Зайсан ауданының 2006 жылдың  9 айындағы  әлеуметтік-экономикалық дамуының  қорытындысы  туралы

1.Өнеркәсіп.

2006 жылдың тоғыз айында аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындары 188,9 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсетікіш өткен жылмен салыстырғанда 96,8 пайыз көлемін құрады. Соның ішінде: -  Тау кен өндірісі ЖШС «Сайқан» көлемі - 25,3 млн.теңгенің көмірін өндірді;

 - ЖШС «Балық Шығыс» мекемесінің өндірген өнімінің көлемі 71,0 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артып отыр.

- АҚ «ВК РЭК» - 21,1 млн. теңгенің өнімін өндіріп былтырғы жылмен салыстырғанда 119,5 пайызды құрады;

- 50 адамғм дейінгі мекемелердің өнімі 4,9 млн.теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 144,5 пайызға өсіп отыр.

2.Ауылшаруашылық.

 Ауданда егіншілік шаруашылығында 2006 жылы 4745 гектар дәнді астықтың әр гектарынан 17,4 центнерден өнім алынып, барлығы 8266 тонна дәнді астық жиналды. Биылғы жылы «Талмин» шаруа қожалығы бірінші рет ауданда 200 гектарға соя дақылы егілді. Көпжылдық шөп көлемі жылма-жыл артуда. Бағдарламадағы 1100 га көпжылдық шөп орнынына 2718 га егіліп, бағдарлама 2,5 есе артық орындалды. Аудан халқын көкеніс, бақша, картоп өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында олардың егіс көлемі артуда.

Ауданда мал басы жылдан-жылға көбейіп келеді. Барлық округтер бойынша жылдың 9 айында ірі қара 63793 бас, қой-ешкі 156732 бас, жылқы 9047 бас, түйе 36 бас болады бұл көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға артты. Осы мерзім ішінде 593746 мың теңгенің 3947 тонна еті, 677680 мың теңгенің 27501 тонна сүті, 22988 мың теңгенің 2758 мың дана жұмыртқасы, 16880 мың теңгенің 184 тонна жүні өндірілді. Қорыта келе тоғыз айда ауылшаруашылық өнімдердің көлемі 1363976 мың теңге болып былтырғы жылмен салыстырғанда 8,9 пайызға өсіп отыр.



3.Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласы.

Аудан әкімінің тарапынан құрылған комиссия отырысы 2006-2007 жыл жылу беру мерзіміне ауданның дайындығын үнемі қадағалауда. Аудан бойынша 2006-2007 жыл жылу беру мерзіміне  қажетті көмірдің мөлшері ; бюджеттік мекемелерге -12,8 млн.теңгенің көмірі; Тұрғындарға – 13,0 млн.теңгенің көмірі.

2006 жылдың тоғыз айында 7 меншік дүкен, 2 наубайхана, 1 шашатараз және 41 жекеменшік (көлемі 3364 м2)  тұрғын үй іске қосылды.Сондай ақ Зайсан қаласында 60- пәтерлік тұрғын үйдің  30- пәтері тұрғындардың иелігіне берілді. 170 орынды Тасбастау мектебі Шілікті ауылдық округінде салына бастады. Зайсан қаласының орталық Жангельдин көшесінің  күрделі жөндеуге 10000 мың теңге бөлініп, 687 мың теңгесі игерілді. «Аққойын –Көмір» жолын жөдеуге 50300,0 мың теңге бөлініп отыр.

Ауданның орталық ауруханасының жылу қазандығына 30,8 млн.теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп тоғыз айда 19,5 млн. теңгесі игерілді.



4.Қаржы және ақша айналымы.

2006 жылдың 9 айында аудандық бюджетке түскен барлық қаржы субвенциямен қоса есептегенде 657270,8 мың тенге болып 100,5 пайызға орындалып жоспардан 3558 мың теңге артық түсті, оның ішінде ауданның өз кірісінің жоспары 1,9 пайызға артық болып, салықтар мен алымдардың барлық түрлері 100 және одан жоғары пайызға орындалды.



5.Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.

Тоғыз айда ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқаны 415 жұмыссыз, немесе жоспар 92 пайыз орындалды, оның ішінде ауылдық жерден 194 адам қатысты. Жұмыссыздық деңгейі 1,5 пайыз. Жыл басынан тіркелген жұмыссыздардың саны 551 адам.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау болып табылады, осыған сәйкес 31 тіркелген жұмыссыз оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен әр түрлі жұмыстарға 369 адам орналастырылды. Жұмысқа орналыстыру деңгейі  67% құрады, 166 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 136-і ауыл шаруашылығында.

 

                                   Халықты жұмыспен қамту деңгейі



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

6.Бiлiм. 

Аудан бойынша 7994 оқушыға жыл көлемінде 918 мұғалім білім беріп 2005-2006 оқу жылын аяқтап, 295 мұғалім өз білімдерін жетілдіру бағамдарынан өтті. Білім сапасы 49,5 пайыз, үлгірім 99,9 пайызды құрайды. Өткен жылғымен  салыстырғанда білім сапасы 7,4 пайызға артып отыр. Негізгі мектеп курсын бітірген 868 оқушының 95-і мектепті ерекше үлгідегі күәлікке бітірді. Орта мектеп курсын бітірген 664 мектеп бітірушілердің 648 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. Ауданның кәсіптік техникалық мектебінің оқу барысы жылдан жылға ілгері. Жүргізуші, трактор жүргізушісі, электрик, сваршик тағы басқа мамандықтарды оқытуда. Аудан бойынша 2006 жылдың 1 қыркүйекгінен 1-11 сынып бойынша 7797 оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр, 5-6 жастағы 998 бала метепалды даярлық сыныптарын құрап отыр.



7.Денсаулық сақтау саласы.

Зайсан аудандық денсаулық сақтау саласындағы оң жетістіктер қатарына 2006 жылдың тоғыз айында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда халық санының туу деңгейінің 14,7–тен 16 -ға көтерілуіне орай табиғи өсуі 5,3 -тен 8 -ге өсуін, жас нәрестелер шетінеуінің 9,4 -тен 4 -ке төмендеуін, аналар өліміне жол берілмеуін, жалпы өлім деңгейінің 9,4 -тен 8,3 -ке азайуын көрсетуге болады. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінуде

2006 жылдың тоғыз айында аудан халқына 150,0 млн.теңгенің медициналық көмегі көрсетілді.

 8. Заңдылықтар.

2006 жылдың тоғыз айында  Зайсан ауданының iшкi iстер бөлiмiнің өндірісінде 107 қылмыстық іс болып, оның 68 аяқталып, өндірісте  болған  қылмыстық істердің 63,5 пайыз үлесін құрап отыр.

9.Демографиялық жағдай.

 2006 жылдың тоғыз айында дүниеге келген сәбилер саны 463 бала, бұл 2005 жылдың  осы мерзімімен салыстырғанда 43 балаға көбейді, аудан бойынша 241 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 30 адамға кеміп отыр, оның iшiнде 4-і бір жасқа дейiнгi балалар. Табиғи өсiм 222-ге жеттi.  Заңды түрде отау тiккендер саны 211 болса, ажырасқандар саны 59 болды.         Ауданға 2006 жылдың тоғыз айында 730 адам көшіп келдi, ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 1011 адам, 2006 жылдың тоғыз айында  аудандағы өзгерiс 281 адамға азайып, оның iшiнде 16-ға дейiнгi адам саны 19-ға өсiп отыр.



 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет