Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты
|
Т/Ж.6.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: әңгіменің сюжеттік желісі бойынша жоспар құрады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: жоспар негізінде сюжеттік дамуын баяндайды.
|
Кейбір оқушылар орындай алады: жоспар негізінде сюжеттік дамуын баяднайды. Сұрақтарға жауап береді.
|
Тілдік мақсат
|
Пәндік лексика мен терминология:
сорап - нобай, бұл жерде жолдың бұрынғы ізі деген мағынада.
күпсек – қалың қар
жылбысқа – шала туған лақтың терісі. Бұл жерде жұмсақ қар деген мағынада.
ошарыла құлау – тұтасымен аударылу.
капот – машинаның алдыңғы жағын қаптап тұрған сыртқы беті.
талғажау ету – аздап қоректену.
инструкция – нұсқау
прописка – тіркеу
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: желтоқсан оқиғасы, желтоқсан монументі, тоталитарлық жүйе, қазақ жастарының сана-сезімі, т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Әңгіме неліктен «Прописка» деп аталған?
Қандай себеппен Архат ауылға келе жатыр?
Неліктен Архат Алматыға, Алматы маңындағы ауылға «пропискаға» тұра алмады?
|
|