Запастағы офицер



бет3/4
Дата30.10.2022
өлшемі23.58 Kb.
#463631
түріСабақ
1   2   3   4
А.Алтайдың Прописка

Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Елжандылық, толеранттылық, ұлтжандылық тәрбие

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Бағалау критерийі

  • Әңгіменің сюжеттік желісі бойынша жоспар құрады.

  • Жоспар негізінде сюжеттік дамуын баяндайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Прописка» әңгімесінің мазмұнын меңгереді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңдері. Сәлемдесу.
2. Психологиялық ахуал.
3. Ширату.
Мейірімді жүрекпен, /жүректерін ұстайды/
Ақ пейілді тілекпен, /қолдарын көкке көтереді/
Амандасып алайық, /бір-бірінің қолдарын ұстайды/
Бір жадырап қалайық. /бір-біріне қарап күлімдейді/
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! / бас бармақтарын көрсетеді/
Оқушыларды туған айына байланысты топқа бөлу.

интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Кіріспе сұрақтар қою
- Желтоқсан айында туғандар бар ма? Осы айда қандай оқиғалар болды?
Бейнетаспа көрсету

  • Оқиға қай жылы болды? Оқиғаның қандай тарихи маңызы бар? Желтоқсан оқиғасы қай алаңда болды? Оған қанша адам қатысты? Оларға қандай жаза қолданылды? Осы оқиға туралы қандай көркем шығармалар бар?

Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мәліметті оқып, сұрақтар құрастырады. Жұбымен бөліседі.

  • Прописка деген не? Ол не үшін керек? Сендерде прописка бар ма? Шығарма неліктен «Прописка» деп аталған деп ойлайсыңдар?

Шығарма мазмұнын меңгеру. «Джигсо» тәссілі
1-қадам. Өз бетінше іштей оқу. Жоспар құру. Оқушыларды 6-дан топтарға отырғызу. Мәтінді 6 бөлікке бөлу. Әр топтағы 1-лер бірінші бөлікті , 2-лер екінші бөлікті, 3-ьер үшінші бөлікті, 4-тер төртінші бөлікті, 5-тер бесінші, 6-лер алтыншы бөлікті оқиды.
2-қадам. Әр топтағы 1-лер, 2-лер, 3-тер, 4-тер, 5-тер, 6-лар жеке топтасып, оқығандарын талқылайды, жақсы түсінеді.
3-қадам. Бастапқы топқа жиналады. Бір-біріне түсіндіреді.
Жеке жұмыс.
1-тапсырма. Әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспарын құр.

Оқиғаның басталуы




Дамуы




Шиеленісуі




Шарықтау шегі




Шешімі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет