Фонетикалық варианттар
Лексикалық варианттар
Лексикалық варианттар
III деңгейге. Фразеологизмдерді қатыстырып мәтін құрау, ат қою. Мысалы фразеологизмдерді қатыстырып «Менің досым», «Көктемгі шақ», «Балауса жаз», «Арман құшағында», «Жастық шақ» т.б. қалаған тақырыбына шығарма жазу тапсырса болады.
Фразеологиялық синонимдерді оқытуда ойын түрлерін пайдаланудың тиімділігі
Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла береді. Мұндай құбылыс тіл білімініде фразеологиялық симнонимдерге де соншалықты бай.
Бірақ, олар өздерінің стильдік, мағыналық ерекшеліктерін сақатп отырады. Мәселен, аза бойы қаза болды, аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат тонын ала қашты дегенде мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіндік сәл ерекшеліктері бар. Сол сияқты алғаны ас болмады, алғаны көзінен шықты, жегені желім болды, жегені желкесінен шықты, ішкен-жегені мұрнынан шықты дегендер де белгілі бір ұғымды сегіз саққа жүгіртіп, жан-жақты сипаттап тұрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей деуге келмейді.
Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылып өсіп, күшейе түсіп отырады. Мәселен, көз (кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен атырды дегенде әрбір фразеологиялық синонимнің алдыңғысынан соңғылары қарқындай береді. Біреуден біреудің артықшылығын айтықымыз келсе: пар келмейді, тең емес, ширегіне келмейді, бақайынан келмейді дейміз.
Біреудің бір нәрсеге қалай құмартқандығын айтқымыз келсе: айызы қанды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шұбырды, аузынан суы құрыды, көзін жұмысп, аузын ашып қапты дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі (зәресі, үрейі) ұшты, құты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, иманы қасым болды, зәресі зәр түбіне кетті дегендер қолданылды. Мұның барлығы етістікті фразеологиялық синонимдердің соншалықты байлығын көрсетеді.
Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағынада да кездеседі. Мәселен, біреудің асқан сұлулығын бейнелеп атйқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, туған айдай, үріп ауызға салғандай, ай қабақ, қыздың баласындай, ай мен күндей дейміз.
Біреудің әкесіне ұқсастығын айтқанда: әкесінен айнымайды, айна қатесі жоқ, әкесінің аузынан түскендей, әкесінің терісін сойып қаптап қойғандай дегендер қолданылады.
Біреудің байлығын сөз қылғанда: төрт түлігі сай, төрт құбыласы түгел, не ішем, не жеймін демейді, ішкені алдында, ішпегені артында, шайқап төгіп отыр дейміз. Ал біреудің бейғамдығын, жайбарақаттығын бейнелесек: қаннен қаперсіз, үш ұйықтаса ойда жоқ, үш ұйықтаса түсіне енбеген дегендер қолданылады.
Қатты ауырып жатқан адамды көргенде: әл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, өлі мен тірінің арасында, бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендер жұмсалады. Осылардың бәрі біздің ана тіліміздің шексіз байлағын танытады. Бұл тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді.
Фразеологиялық синонимдер тәрізді тілдегі мақал-мәтелдер де бір-біріне синоним болып жұмсалады. Бір ойды білдіру үшін мағыналас, мәндес бірнеше мақал-мәтелдер қолданылады. Мысалы: біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы, қасапшыға мал қайғы, қара ешкіге жан қайғы, мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек т.б.
Көптеген мақал-мәтелдер құрылым-құрылысы жағынан бір үлгімен жасалып, бір-біріне әрдайым синоним болып жұмсала береді. Мысалы, ат тұяғын тай басады – нар ізін нарша басады; тай тулап үйірінен кетпес – түйе қашып жүктен құтылмас; қойшы көп болса, қой арам өледі, біреу қалың беріп қатын алады, біреу қисайып жатып қол салады т.б.
Фразеологиялық синонимдер бір-бірінен семантикалық реңіне, стильдік бояуы мен қолданылу аясына қарай ерекшеленеді.
Мыс: Тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатұандай – ашық, айқын ұғымын білдіреді. Кейбір фразеологиялық синонимдер бірыңғай болып келеді: беті қайту, сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу т.б.
Сөйтіп, фразеологиялық синоним дегеніміз - әр түрлі образға құрылған, бірақ мағынасы бір-біріне жақын, тұрақты сөз тіркестерң. Жеке сөздерге тән эмоциональдық-экспрессивті бояу тұрақты сөз тіркестерінде де болады.
Қазақ тілінен сабақ өтуде кім тез тауып айтады, жылдам жауап, тізбек ойыны, әзіл аралас сабақ, дұрыс тауып белгіле, оқы ізден, ойлан тап тағы басқа ойын түрлерінен пайдаланып сабақ өтсе, бұл оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Ойлау, жүйелеу қабілеті артады. Оқушы үшін тиімділігі жаттанды ережеден, мысалдан аулақ болады.
Ұлттық ойын түрлерін пайдалана отырып сабақ өту оқушылардың бір жағынан сабаққа қызығушылығын арттырса, екінші жағынан олардың ұлттық салт-дәстүрлерін тереңірек үйренуге септігін тигізеді.
Фразеологиялық синонимдер тақырыбын өтуде ұлттық ойын түрлерін пайдалана отырып сабақ өту.
Сабақтың тақырыбы: Фразеологиялық синонимдер.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік мақса: оқушылардың фразеологизмдерден алған білімдерін тиянақтау.
ә) тәрбиелік мақсат: оқушыларды ұлттық дәстүрлерді бағалауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық мақсат: ойын түрлері арқылы балалардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, схемалар, ойын үшін керекті заттар, суреттер т.б.
Сабақты өту дәстүрі: сұрақ-жауап, тест түрінде айындар.
Сабақтың барасы: а) ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа байланысты тұрақты тіркестерді айтумен бастаймын. Көз ілмеді, көз жетпейді, қас пен көздің арасында, көз шырымын алды, көз байлады, көз бояушы, көзге ыстық, көздің жауын алды, көзінен нұры тайды, көздің құрты, көзді ашып-жұмғанша, көз жетпес, т.б.
Сұрақ: Балалар, қандай сөзді көп кездестірдіңдер?
Жауап: Көз сөзін.
Сұрақ: Көз сөзінің қатысуымен қандай тіркес жасалып тұр?
Жауап: Көз сөзінің қатысуымен фразеологизм жасалып тұр.
Осылайша сабақты өте отырып, сыныпты екі топқа бөлеміз.Оқушылар өздерінің қалаған ақындарының өлеңін жатқа толық айтып бере алса, топқа сол ақынның атын қоямыз.Осыдан соң топ белсенділері сайланып бір-біріне тұрақты сөз тіркестерін қатыстыра отырып сәлем жолдайды.Осылайша фразеологизмнің не екенін, қандай сұрақтарға жауап беретіндегін және қайталап өтеміз.
Сабақты бастамас бұрын жіппен 30 см көлемінде шағын арқан есіп тақтаға іліп қоямын. Тақтада арқан керулі тұр. Екі топтың балалары арқанның екі шетінде тұрып, біліммен сайысады.
Бірінші топ: Аузынан суы ақты – тұрақты тіркесінің синонимдік жұбын екінші топ оқушылары айту керек.
Екінші топ: Айызы қанды, көзін жұмып, аузын ашып қапты, аузынан сілекейі шұбырды, аузының суы құрыды.
Осылайша ойын жалғаса береді. Енді екінші топ оқуышлары бірінші топқа сол фразеологиялық синонимдерге мысал келтіруді тапсырады.
Бірінші топ: Айызы қанды.Бірінші мағынасы: көңілі жай тапты, құмары тарқады, құлақ құрышы қанды, рахаттанды.
Кешегі қан майданда жеңдік жауды,
Жеңіске еңбекші елдің айызы қанды.
Екінші мағынасы: Ұнамсыз мағынада «бәлем сол керек еді» деп кектене көңіл тұщытты.
Мысалы: Оразбай мен Есентайға бұл жайдың шеті мәлім болса да, мына тұста айыздары қанып, кеңкілдеп күле берісті.
Аузының суы құрыды – құмарланды, ынтықты, өте қызықты. Мейрамның сөзін алғаш естіген Жанәбіл қазір аузының суы құрып айтып отыр.
Осылайша екі топтың бір-біріне қайтарған жауаптары есептеліп, қай топ көп ұпай жинаған болса, сол топқа гүл силаймыз. Бұл әрі оқушылардың тақырыпты ұмытпай есте сақтауына, әрі білімдерін бекітуге көмектеседі.
Сергіту кезеңі ретінде тұрақты сөз тіркестеріне байланысты екі топқа таспырмаларын береміз.
-
Тұрақты сөз тіркестеріне тән қасиет не?
А) Образдылық
В) Бейнелілік
С) Суреттеу
Д) Баяндау
2. Фразеологизмдерді өзгертіп, авторлық өңдеумен қолдану тәсілі кімге тән?
А) Тарихшыларға
б) Суретшілерге
С) Әншілерге
Д) Ақын жазушыларға
3. Төмендегі қатардан фразеологиялық синонимдерді тап?
А) шай қайнатым, сүт пісірім
б) Жүрегі зу етті, опық жеді
с) Таяқ тастам,ет асым
д) Беті қайтты, тіл азар.
4. Қай қатарда фразеологизмдерге қатысты?
А) Синоним
Б) Анафора
С) Мақал-мәтел
Д) Беті қайтты, тіл азар
5. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) жаздың ортасы
В) ұрын келу
С) от жағу
Д) бітік егін
6. Тұрақты сөз тіркестері қандай жағдайда көп қолданылады?
А) жазуда
В) ойлауда
С) сөйлеуде
Д) Ұғынуда
7. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А) Орнына келу
В) Нақты мәлімет
С) Халық шығармалары
Д) Талағы тарс айрылу
8. «Тайға таңба басқандай» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз
А) Уақытында
В) Белгілі
С) Жылдам
Д) Анық
Бұл ойын түрлерін пайдаланып сабақ өтудегі мақсат олардың білімге деген құштарлығын арттыру, өздігінше сөз табуға, сөйлем құрауға, ізденімпаздыққа үйрету, ендігі сабақта ьүгінгі білмеген нәрселерімді толықтырайын, әлі де көбірек оқкуым керек деген оқуға болған ынтасын арттыру әрбір мұғалімнің іскерлігіне, шеберлігіне байланысты.
Пайдаланылған әдістер:
- Ақыл шабуылы
- Сұрақ-жауап әдісі
- Ауызша презентация
- Түсіндіру әдісі
- Кластер технологиясы
- Проблемалы оқыту технологиясы
- Кроссворд пайдалану
- Семантикалық карталар пайдалану
Оқушылар білімін сынау үшін таратылатын перфокарталар
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны
-
Айдың күні аманда-
-
Ит терісін басына қаптату-
-
Бит қабығынан биялай тоқыған-
-
Инемен құдық қазғандай-
-
Көз жазып қалу-
-
Жұмыртқадан жүн қырыққан-
-
Қызыл сөзден бал жағу-
-
Мұзға отырғызу-
-
Көз шырымын алу-
-
Бір ұрты май, бір ұрты қан-
«Баламасын табыңдар» ойыны
-
Асықпау-
-
Батыл-
-
Зерігу-
-
Сараң-
-
Үндемейтін-
-
Ашулану-
-
Ұялу-
-
Алдау-
-
Ұрысу-
-
Тату-
-
|
|
|
|
|
|
|
|
Ф
|
о
|
н
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қ
|
а
|
Р
|
с
|
ы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
б
|
А
|
т
|
ы
|
р
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ж
|
а
|
З
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
к
|
Е
|
ш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о
|
м
|
О
|
ф
|
о
|
н
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Б
|
о
|
Л
|
ғ
|
а
|
н
|
б
|
а
|
е
|
в
|
|
|
|
|
|
|
|
|
О
|
б
|
р
|
а
|
з
|
|
|
|
|
|
|
|
|
о
|
м
|
о
|
Г
|
р
|
а
|
ф
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
д
|
о
|
м
|
И
|
н
|
а
|
н
|
т
|
|
|
|
п
|
о
|
л
|
и
|
с
|
е
|
м
|
и
|
Я
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Омофон терминінің жасалуына ұйытқы болған сөз. Омофон дегеніміз не?
|
7. Қазақ тілінің синонимдер сөздігінің авторы. Синонимдерге мысалдар келтір.
|
2.Антоним сөздердің мағыналарына тән құбылыс. Мысал келтір.
|
8. Бейне сөзіне синоним болған термин сөз. Синонимдерге мысалдар келтір.
|
3. Ер жүрек сөзінің синонимі. Синоним дегеніміз не?
|
9. Екпін түсуіне орай түрлі мағына беретін сөз не деп аталады? Мысал келтір.
|
4.Омоним болатын жыл мезгілдерінің бірі. Омоним дегеніміз не?
|
10. Синонимдік қатарға негіз болатын тірек сөз не деп аталады?
|
5. Үстеуден болған ерте сөзінің антонимі.Антоним дегеніміз не?
|
11. Көп мағыналы сөздер терминде не деп аталады? Мысал келтір.
|
6. Қара ала – қарала, ме екен – мекен сөздері өзара қандай құбылысқа мысал болады? Тағы да мысалдар келтір.
|
|
Тірек сөз
|
мысалдар
|
мағыналары
|
ТІЛ
|
|
|
Тірек сөз
|
мысалдар
|
мағыналары
|
АУЫЗ
|
|
|
Тірек сөз
|
мысалдар
|
мағыналары
|
КӨЗ
|
|
|
Тірек сөз
|
мысалдар
|
мағыналары
|
ЖҮРЕК
|
|
|
Тірек сөз
|
мысалдар
|
мағыналары
|
ЖЕТІ
|
|
|
Тірек сөз
|
мысалдар
|
мағыналары
|
ИТ
|
|
|
Қ о р ы т ы н д ы.
Орта мектепте фразеологизмдерді оқыту жайлы айтылғандарды жинақтай келе, бұған төмендегіше қорытынды жасауға болады:
1. Фразеологизм туралы теориялық білім мен практикалық дағды бергенде фразеологизмнің мынадай өзіндік белгілерін оқушыларға таныту қажет. Фразеология лексикологияның бiр саласы болып тұрақты сөз тiркесiнiң түрлерiн, олардың құрамы мен құрылысын, жасалу жолдарын зерттейдi. Тiлдегi сөз тiркестерi өзiнiң лексикалық ерекшелiктерiне қарай екi түрге бөлiнедi: Еркiн тiркес, Тұрақты фразеологиялық тiркес.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
2. Оқу бағдарламасы бойынша, фразеологизмге бөлінген сағатты фразеологизмнің тармақтарына және одан ұйымдастырылған сабақ түрлеріне қарай жоспарлайды.Ол жоспарды мектептердегі алдынғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибелеріне негізделіп жасалады да, ондағы әрбір сабақты творчестволық тұрғыда өткізу қажет.
3. Тақырыпты түсіндіруден алдын сабақтың тақырыпқа сай мақсаты, тірек сөздер мен ұғымдары анықталып, идентивті оқу мақсаттары да белгіленеді. Бақылау тапсырмалары анықталып, оның негізгі білімді анықтау дәрежесі көрсетіледі.
4. Фразеологизмнің анықтамасын меңгерту. “ Фразеология грек тiлiнiң phirasis (сөйлемше) және logia (iлiм) деген сөздерiнен жасалған термин. Фразеология лексикологияның бiр саласы болып тұрақты сөз тiркесiнiң түрлерiн, олардың құрамы мен құрылысын, жасалу жолдарын зерттейдi. ”
5. Фразеологизмді оқытуда алдымен дидактикалық материалдар таңдалып, соларға байланысты білім беру әдістері қолданылады. Өзіндік белгілеріне негізделе отырып анықтама беріледі. Содан соң осы тақырыпқа байланысты түрлі жаттығу жұмыстарын орындату қажет.
6. Фразеологизмнің морфологияның сөз табымен де тікелей байланысып келетін жақтары бар. Мұғалім осыны ескеріп сөз табына қатысты болған фразеологизм сөздерді теріп беріп, олардың айырмашылығын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіріп отыруы қажет. (Мысалы, қолды болды, қара қылды қақ жарған, от басы, көз ұшында т.с.с.)
7. Фразеологизмді оқытқанда оның құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдерді бір-бірімен байланыстырылып қарастырылуы тиімді.
8. Жаттығу жұмыстары, тест сұраулары, сөзжұмбақ, кестелер бойынша фразеологизмді оқыту, оның лексикологияның бір саласы ретіндегі ерекшелітерін қайталап еске түсіру, оның түрлерін ажыраттыру.
9. Мұғалім фразеологизмді оқытқанда, оның тек мағынасын құрып кетпей, фразеологиялық единицалардың эмоциональдық-экспрессивтік бояуын, стилистикалық тәсілдерін мен синтаксистік байланыстарын нақтылы мысалдардан көрсетіп, оны дәл танытып оқытуға баса көңіл аударады.
10. Фразеологизмді өткенде, оның әрқайсысының мағыналық топтары мен сөйлемдегі қызметін талдап түсіндіріп отыру фразеологизмнің лексикалық белгілерін талдай білуге жол ашады.
Мұғалім фразеологизмнің мұндай белгілерін көрнекі құралмен оқушылардың өздеріне талдап айтқызу және дәлелдеттіру арқылы жүзеге асырады.
11. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақ оқушылардың білім дәрежесін, үлгерімін жақсартып, дағдыларын қалыптастырады.
Бітіру мамандық жұмысы оның тілдік материалдары, оқыту мәселелері, жаңа педагогикалық технологиядан пайдалану жолдары т.с.с. мәселелер жоғары оқу орындарының “қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімі студеттері мен мектеп мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау қызметін, жоғары оқу орындарында оқитын студденттерге курс жұмысы және өзіндік жұмыстарды орындауда көмекші құрал қызметін атқарады деп сенеміз.
Пайдаланылған негiзгi әдебиеттер мен оқу қолданбалар тiзiмi
-
Аханов К. Тiл бiлiмiнің негiздерi. Алматы, 1993
-
Кеңесбаев I, Мұсабаев Ғ. Қазiргi қазақ тiлi (лексика мен фонетика). Алматы, 1995
-
Ә.Болғанбаев. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы. Алматы, 1991 ж.
-
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тiлiнiң лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, Санат, 1997 ж.
-
Уәлиев Н. Фразеологизм және норма. Алматы, 1998 жыл.
-
Қайдаров Ә. Қазақ тiлiнiң өзектi мәселелерi. Алматы, 1998 ж.
-
Д.Дуйсебаева. Қазiргi қазақ тiлi (лексикология), оқу қолданба,Ташкент, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |