Ўзбекистон республикаси олий ва ўрта махсус таълим вазирлиги низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети



бет2/3
Дата08.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#184660
1   2   3

Етістік мағыналы фразеологизмдер: Көзінің еті өсті – көкірек керді, менменсіді; қолды болды – ұрланды, жоғалды; басына іс түсті – істі болды, шатылды; екі аяғын бір етікке тықты – тықсырды, қуырды; көз жаздырды – адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады-менсінбеді, көзіне ілмеді; насырға шапты- асқынды, қырсықты, т.б.

Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен-биік, ұзын; қара қылды қақ жарған-әділ, турашыл; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ-мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік- жазғыш, қаламы төселген; ит тұмсығы өтпейтін- қалың, бітік, ну; аузын буған өгіздей- үндемейтін, мылқау; кеспеге қарасы жоқ- семіз, майлы; тас бауыр- мейірімсіз, т.б.

Заттық мағыналы фразеологизмдер: Кіндік кесіп кір жуған- туған ел, Отан; бір ауыздылық- ынтымақ, бірлік; қара көлеңке- апақ-сапақ, бейуақыт; о дүние- ақырет, махшар; от басы- үй іші, ошақ басы,семья; ұзын құлақ- өсек, сыбыс; шикі өкпе- перзент, бала; шынжыр балақ, шұбар төс- бай, манап, шонжар, т.б.

Үстеу мағынасындағы фразеологизмдер: Сақадай сай- дайын, әзір; атқан оқтай- түп-түзу, тура; көз ұшында- алыста, қашықта; о баста- басында, алғашқыда; тиіп қашты-үстіртін, соқпа-соқпада; бір төбе- ерекше, айрықша; көз алдында- бетпе-бет, жүзбе-жүз; аяқ астынан- кенеттен, жоқ жерде, т.б.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстығы жағынан ең көбі- етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері- сындық және заттық мағынадағы фразеологизмдер. Ең аз кездесетін үстеу мағынадағы фразеологизмдер болып табылады.



II тарау. Фразеологизмдерді интерактив негізінде оқыту мәселелері

II.1. Фразеологиялық единицалардың эмоциональдық-экспрессивтік бояуы

Әрбір мұғалім сабақ беруде дидактикалық ойын түрлерінен, ақпарат технологияларынан, интерактивті әдістерден пайдалануы аса қажет. Мұндай әдіс-тәсілдер кәсіптік шеберлікті шыңдай түсуі өз-өзінен белгілі.

Қазіргі таңда ақпараттандыру үрдісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу – қоғамда ақпараттандырудың негізгі шарты.

Оқыту барысында жаңа педагоикалық технологиядан пайдалану мәселелері – қазіргі заманның басты талабы.

Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінің “интерактивті әдістер” , “интерактивті оқыту” деген терміндермен жиі кездесеміз. Интерактивті әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғанынан көрінеді. “Интерактивті әдістер” және “интерактивті оқыту” терминдерінің ортақ түбірі – интер ағылшын тілінің “ inter ” (между, меж.) аралық; “ act ” ( действовать, действие) әрект ету деген сөздерінен енген. “Итерактивті әдістер” тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер, ал

“интерактивті оқыту” өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқу деп түсінуге болады. Интерактивті әдістердің мәні - әрбір оқушылармен өзара белсенді байланыста болып, мұғаліммен бірлесіп отырып, компьютермен жұмыс жасап оқу-танымдық нәтижеге жетуі.

Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілердің тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект – субъект ретінде болады. Мұғалімнің ролі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, топ басшы, оқушылардың ынта ықыласын белсенді етуші қалпында көрінед. Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Яғни, педагогикалық үрдісті демократизациялауға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-біріменбайланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесінде бір-бірінің жауаптылығын сезінеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алулары тиіс:

Мақсатты нақты белгілеу.Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы қажет;

Мұғалім оқытуды ұжымның өздеріне тән ерекшеліктерімен есептесіп, олардың бірлесіп жұмыс жасауға дайындық деңгейіне сай ұйымдастыру қажет.

Мұғалім бұл әдістің мақсаты мен міндеттерінің маңызды көңіл аударарлық рөлін естен шығармай, әдісті қандай мақсатта таңдағанын көз алдына анық елестете білуі керек;

Мұғалім пайдаланатын әдістердің нәтижесін болжай отырып, біртіндеп кезең-кезең бойынша қолданылуын алдын ала көре білуге тиіс.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді естен шығармауы абзал:

Бірінші ереже: Жұмысқа сынып мүшелерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды түгел танымға жұмылдыру.

Екінші ереже: Оқушылардың осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау.Қатысушылар өздерін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап , қолпаштап отырғаны дұрыс.

Үшінші ереже: Оқушылардың саны көп болмай, жоғары сыныпта отыз адамнан аспағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет.

Төртінші ереже: Жұмыс жасайтын ( сабақ өтетін бөлменің) орынның талапқа сай болуы. Яғни, оқушылар, топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар бір-бірін таңдау, тақта, компьютер, ыңғайлы қозғала алатындай жағдайды алдын ала қарастыру.

Бесінші ереже: Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқят қарау. Алғашқы кезеңде қатысушылардың өз еріктерінше бөлінуге жол беру.

Оқушыларды дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге адамның маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой қыметтерінің тәсілдерін қлыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу үрдісін джолға қою, мұғалім қолданатын оқыту әдістері мен құралдарының жүйесі болып табылады.

Мұғалімдер өз оқушыларының сан алуан мотивтерін мұқият зерттейді және үздік білім алуға, өз-өзін тәрбиелеуге деген тұрақты мотивтерді қалыптастыруға жетелейді. Интерактивті әдістер оқу мотивтерінің ішінде танымдық ынталарды тәрбиелеуде маңызды орын алады. Танымдық белсенділік оқудың жеңілірек, еркінірек, ыждазғатпен зор нәтижелі болып өтетінін көрсетеді. Танымдық ынта қажеттікке ауысады. Танымдық қажеттіктің қалыптасуы жоғары ұйымдастырылған оқыту барысында, яғни, интерактивті оқыту арқылы мүмкін болады.

Оқытушылар кез келген ғылымның басты идеяларын түбегейлі игеру, идеяларды түсіну үшін фактілердің қажетті жиынтығы болудың, сондай-ақ нақтылы ғылымның қандай да болсын мәселелері бойынша жаңа фактілерді, тұжырымдарды, ой қорытындыларын тауып алудың әдіс-тәсілдерін, олардың ортақ әрекеттерін бірте-бірте игереді.

Кейде жас мұғалімдер мен студенттер арасында “Интер активтік әдістер тек қана ашық сабақтарда” пайдаланады ма?, - деген сұрақтар туады. Сондай-ақ, “Мысалы: семинар-сабақ, конференция-сабақ, конкурс-сабақтары, “Не? Қашан? Қайда?” , “Ғажайып алаң”, “Тапқыштар мен ақылдылар” т.б. Ал мұндай сабақтар жиі өткізілмейді ғой, өйткені олар көп дайындықты талап етеді. Сондықтан сабақты күнде осылай ұйымдастыту мүмкін бе?” – деген сұрақтар қояды.

Бұндай пікірлерге пед.ғыл.канд. Н. Албытова былай жауап береді: семинар, конференция, түрлі конкурстар интерактивті оқыту әдістері емес, себебі,бұл жерде оқушылардың бірлесіп әрекет етуі арқылы танымға жетулері жоқ. Оқушылар тек меңгерген таным-білімдерін ғана көрсетеді. Мұндай сабақтарды дәстүрлі сабақтар деп айтып жүр. Сабақты осылайша жылына бір-екі рет ұйымдастыруға болады. Мұны сабақ емес, көбіне көп оқушылардың өз эрудициясы мен талантын жарқырататып көрсететін мейрам деп қарастырған абзал1 Интерактивті әдістерді мектеп тәжірибесіне енгізуді неден бастау керек? - деген сұрақ мұғалімдерді ойландырады. Бұл әдіспен оқыту сыныптағы жағдайдың өзгеруін талап етері сөзсіз сондықтан оқушылар да, осы әдіспен жұмыс жасайтын мұғалім де белгілі бір уақыт дайындықтан өтулері қажет. Біздің пікірімізше, мұғалім алдын ала біртіндеп интерактивті әдістерге құрылған сабақтар тізімін жасап алғаны дұрыс. Ал , сыныпты адамгершілікті қарым-қатынаста жұмыс жасауға бағыттау үшін қарапайым интерактивті әдістер-жұппен жұмыс, шағын топпен жұмыс тағы басқаларыын ұйымдастырудан басталғаны абзал.

Интерактивті әдіс сыныптағы тыныштықты бұзады, ол тәртіпсіздікке алып барады деген пікір айтады.Интерактивтік әдістің дәстүрлі әдістерден артықшылығы оқушыны қозғалысқа түсіру, енжар тыңдаушы емес, белсенді, өз бетімен білім іздеуші, табиғат, қоғам заңдарын “өз бетімен ашушы” рөлін енгізу. Осындай тұрғыда тыныштықты бұзу қажет, бұл қозғалыс, талдауға қатысуы, пікірін дәлелдей білуі, өзге қөзқарас, пікірлермен санаса білу тәрт”пс”зд”кт” емес, ойлай білетін, білімді, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу құралы. Сол себепті интерактивті әдіспен сабақ жүргізуші мұғалім, сабаққа қатысушы педагогтар, ата-аналар т.б. сабақтағы қозғалыс, дыбысының мән-мазмұнына тереңірек қарау керекдеген пікірдеміз.

Қазіргі кезең диалектикасы интерактивті оқыту формасы мен әдістерінің дәстүрлі оқытуда мынадай негізгі айырмашылықтарын атап көрсетеді:

оқушылардың танымдық қызметін міндетті түрде белсенді ету;

сабақта оқушының белсенділігін мүмкіндігінше ұзақ уақытқа көтеру;

оқушының проблемаларды шешу барысында (өз бетімен және топпен) жоғары деңгейде күш-жігер салуы;

белсенді қызмет ету үшін эмоционалдық-еріктік жағдай таныту;

оқытушы мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста үздіксіз тура және кері байланыстың болуы,

мұғалім қызметінің мененджер, оқу үрдісін ұйымдастырушы, кеңешші рөліне ауысуы.

Педагогика мен білім беру тарихында оқу барысында оқушыларды белсенді етудің сан-алуан әдістері мен формалары ойластырылады. Олардың кейбіреулеріне қазіргі уақытта ерекше мән берілуде (жобалау әдісі) , ал кейбіреулеріне дәстүрлі оқыту қатарында болғанымен (эвристикалық әңгіме, зертханалық жұмыс т. б.), оларға деген қарым-қатынас өзгеріп отыр: мәселен жиырмасыншы ғасыр соңында өріс алған оқытудың ұжымдық түрі, проблемалық оқыту, авторлық мектеп т.б.

Жалпы интерактивті оқыту теориялық та, практикалық та тұрғыда зерттеуді қажет ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады. Ал интерактивті оқыту формаларын, әдістерін пайдалану мұғалім мен оқушымен қарым-қатынас жағдайын аса шеберллік, юілімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтығындығы дау тудырмайды.
II. 2. Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері

Экспрессивті тұрақты сөз тіркестерін сол дайын күйінде пайдаланып сөйлеуші зат не құбылыс туралы өзінің көзқарасын және оны қалай бағалайтынын білдіреді. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесі сезімге айрықша әсер етеді. Мысалы, үріп ауызға салғандай, жүрек жұтқан деп жағымды образ туралы айтылса, қоян жүрек, тас бауыр, жұмыртқадан жүн қырыққан дегендер жағымсыз образдар жайында айтылады. Бұл мысалдардағы экспрессивті тұрақты сөз тіркестері адамның бойында болатын жағымды және жағымсыз қылықтарды әсерлі бейнелейді.

Эмоциональды-экспрессивті сөздердің тіркесін мына төмендегідей бірнеше топқа бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа үріп ауызға салғандай, іші-бауыры елжіреген, емешесі құрыған, жүрек жұтқан, қоян жүрек, тас бауыр, қу табан, сор маңдай, жұмыртқадан жүн қырыққан, қу бастан қуырдақтық ет алған, ит екеш иттен де бір сүйек қарыздар сияқты жағымды және жағымсыз образды сипттайтын эмоциональды-экпрессивті тұрақты тіркестерін жатқызуға болады.

Екінші топқа әр түрлі көңіл-күйін білдіретін тұрақты сөз тіркестері жатады. Бұл топқа жақсы көру, еркелетумен байланысты қолданылатын тіркестер: көзімнің қарашығы, жан қалқам т.б. жатқызуға болады.

Тұрақты сөз тiркестерiнiң iшiнде сөйлеу тiлi ыңғайында көбiрек пайдаланылатындары – идиомалар. Ал мақал-мәтелдердiң қолдану аясы идиомдарға қарағанда кеңiрек, өйткенi мақал-мәтелдер бейтарап қолдануға бейiм келедi. Сонымен қатар фразелогизмдердiң iшiнде кiтаби-жазба стильдерде жұмсалып танылғандары аз емес. Оларға жазба тiл негiзiнде қалыптасқан, кiтаби сипаттағы сөз тiркестерiн жатқызуға болады: Бостандық аралы – Куба, әлкен химия, қосымша күн, дала падишасы, үндестiк заңы, сұрақ белгiсi т.б.

Мiне, тiлiмiздегi әр алуан фразеологизмдердi бiртектi, бiрыңғай қолдануға болмайды. Сондықтан фразеологизмдердi экспрессивтiк-стильдiк бояуына қарай бөлiп топтастыру ыңғайлы.

Қазiргi қазақ тiлi фразеологиясы осындай белгiсiне қарай мынандай үш топқа бөлiнедi: бейтарап қолданылатын фразеологизмдер, сөйлеу тiлi фразеологизмдер, кiтаби фразеологизмдер.

Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер

Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер. Бейтарап сөзi жалпылама деген мағынаны бiлдiредi. Бейтарап фразеологизмдер дегенiмiз – сөйлеу стилiнде болсын, кiтаби-жазба стильдерiнде болсын жалпылама қолданылатын тұрақты сөз тiркестерi. ¤йткенi, бұл топтағы сөз тiркестерiнiң, стильдiк сипаты болмайды.Сондай-ақ бейтарап қолданылататын фразеологизмдердiң эмоциональды-экспрессивтi бояуы да болмайды, зат пен құбылысты атап қана қояды. Мысалы, ит арба, ит аяқ, ит көйлек сияқты сөз тiркестерiн алатын болсақ, бұлар тек заттын аты болғандықтан, олардың экспрессивтiк бояуы да, бейнелегiштiк қасиетi де жоқ.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейтарап фразеологизмдер тобына тұрақты ұғым болып қалыптасқан жер-су аттары және кейбiр терминдiк сипатта¬ы сөз тiркестерi енедi. (өара теңiз, Ақ теңiз, көз әйнек, ауыр өндiрiс).

Сөйлеу тiлiнiң фразеологиясы

Фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тiлiнде де жазба тiлiнде қолданылып жалпыға танылады. өазақ тiлiнiң фразеологизмдерiнiң денi жазба тiл дамымай тұрып, сөйлеу тiлiнiң негiзiнде қалыптасқан.

Бұл топқа қазақ тiлiндегi идиом, мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жатады. Сөйлеу тiлiнде жұмсалатын тұрақты сөз тiркестерiнiң құрамында қарапайым, тұрпайы сөздер және кәсiби фразеологизмдердi жатқызуға болады.

Кәсiби сипаттағы фразеологияға шопанның әке таяғын ұстауы, студенттердiң құлап қалуы, оқытушылардың ашық сабақ сияқты тiркестердi атауға болады. Ескi қоғамға тән фразеологияға жаугершiлiк, барымта, саудагерлiк, пайдакүнемдiкпен байланысты туған тiркестер жатады: барымтаға қарымта, сауда сақал сипағанша, саудада достық жоқ, есепсiз дЇние жоқ т.б. қарапайым, тұрпайы фразеологизмдердiң қолданылу аясы тар: соқырға таяқ ұстатқандай, ит жоқта шошқа үредi т.б.

Сөйлеу тiлiнiң фразеологиясы басқа стильдерге қарағанда варианттар мен синонимдерге өте бай келетiнi байқалады. Сөйлеу тiлiндегi фразеологиялық синонимдер образдылығы және экспрессивтi бояуы жағынан сан қырлы, құбылмалы келедi, Бұл құбылыс тiлiнде айрықша бiр эмоционалды рең бередi.

Кiтаби сипаттағы фразеологизмдер

Қай стиль болмасын өзiнiң ерекшелiгi болады. Ол ерекшелiк стильдердi бiр-бiрiмен салыстыруда байқалады. Сөйлеу тiлiнiң фразеологиясы күнделiктi тұрмыста ауызекi сөйлеуде қолданылып, оның экспрессивтi стильдiк бояуы еркелету, әзiл-сықақ, тұрпайы, қарапайымдылық мәнде болса, кiтаби тiл фразеологизмдегi кiтаби тiлге тән. Көркем шығармада поэтикалық сипат, публицистикалық шығармада салтанаттылық басым болса, ғылыми шығармалар логикалық дәлдiктi тiлейдi т.б.

Ал жазба тiл фразеологиясы поэтикалық, публицистикалық және терминдiк сипатта болып келедi. Бұл топтағы фразеологизмдерге жазба тiлiнiң негiзiнде қалыптасқан тұрақты сөз тiркестерi түгел енедi.

Жазба тiлдiң негiзiнде қалыптасқан фразеологизмдер құрамы жағынан әр алуан. Бұл топта қанатты сөзге айналып кеткен саяси қайраткерлер мен жазушылардың әр алуан әр кезде айтқан сөздерi мен күрделi терминдер, саяси ұрандар бар. Қанатты сөздерге жататын тiркестер: «Аз да болсын, жақсы болсын, қуып жету және басып озу». «Өлi жандар», «Дворян ұясы», «Құндақтағы адам» т.б.

Жазба тiлдiң негiзiнде қалыптасқан фразеологизмдердiң бiр түрi – терминдер. Терминдерге ұқсас болатын жерлерi бар. Алдымен кЇрделi терминдер сөз тiркесi күЇйiнде жұмсалып, зат және құбылыстың атын бiлдiредi. Заттың, құбылыстың аты – тұрақты категория. Солай болғандықтан күрделi терминдер де тұрақты сөз тiркестерi ретiнде қолданылады. Кейбiр күрделi терминдер бейнелi сөз тiркестерiнiң үлгiсiнде келедi. (Су қараңғы, соқыр iшек, асқазан, көз әйнек, сегiз көз, ақ олимпиада, Жетiқарақшы, көгiлдiр отын т.б.)

Күрделi терминдегi бұл белгiлер оны тұрақты сөз тiркестерi ретiнде қарауға мүмкiндiк бередi.

Күрделi терминдер заттың не құбылыстың аты болғандықтан өмiрдiң әр түрлi салаларын қамтиды. (ғылым, техника, спорт, шаруашылық т.б.)

Көнерген тұрақты сөз тiркестерi

Тiлiмiзде тек қана көнерген сөздер ғана емес, сонымен қатар көнерген сөз тiркестерi де бар. Фразеологизмдердiң құрамында архаизмдер де, историзмдер де кездеседi. Сондықтан оларды фразеологиялық архаизмдер мен фразеологиялық историзмдер деп екi түрлi атау орынды сияқты.

Фразеологиялық архаизмдерге тiлдiң даму процесiнде жалпылама қолданудан шығып қалған кейбiр тұрақты сөз тiркестерi жатады. Бұл топтағы фразеологизмдер көбiнесе дiни ұғым мен салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тiркестерiн қамтиды.

Дiни ұғыммен байланысты келетiн сөз тiркестерiне бесiн намаз, сегiз жұмбақ, жетi тамұқ, қыл көпiр, ақыр заман, топан су, құрбан айт, құрбан шалу, құрмалдық айту, көк қошқарың болайын, жерге түскен жетi әлiп, ғайып ерен қырық шiлтен, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айдатып т.б. жатады. Салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тiркестерiне жататындар: қырық жетi, отыз жетi, ұрын бару, iрге көру, отқа май құю, шашу шашу, қол ұстатар, бет ашар, шаш сипатар, бауыздау құда, өлi-тiрiсiн беру, қос қатын алу, тоқал алу, тӨсек жаңғырту, сүйек жаңғырту.

Фразеологиялық историзмдерге тарихи бiр кезеңде зат не құбылыс туралы ұғымды бiлдiрiп, қазiр онша көп қолданылмайтын тұрақты сөз тiркестерiн жатқызуға болады.

Историзмдерге жататын тұрақты сөз тiркестерi: бай баласы, жарлы баласы, ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, бас байлылық, кедей теңдiгi, әйел теңдiгi, өз ара салық, тап жауы, халық жауы, кедейлер комитетi т.б.

Фразеолгизмдердi қолданудың екi түрлi тәсiлi бар:


  1. Фразеологизмдердiң жалпы халықтық формада қолданылуы.

  2. Фразеологизмдердiң өзгертiлiп, авторлық өңдеумен қолданылуы.

Фразеологизмдердiң жалпы халықтық формада қолданылуы

Фразеологизмдердi жалпы халықтық формада қолдану – жалпыға танылған белгiлi тәсiл. Мұнда айтылып не жазылып жеткiзiлетiн ойға көркемдiк сипат беру мақсаты көзделедi.

Автор тiлiнде: «Қарагөз 32-ақ жаста. Қаралы жаулық салынып, қызулы базар есiгiн жапқанына алты жыл болды... Одан бұрын Қарагөз тiршiлiк базарында еркiн жүзiп жүрген еркемiн дейтiн» немесе «Бұл өзi жетi атасынан уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бiр жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басканы сүймеген, бiрдi-бiрге атастырып, елдi қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бiр жауыз едi».

Бұл келтiрiлген мысалдарда қаралы жаулық, тiршiлiк базары, жетi ата, уызы арылмаған, бағы таймаған, шынжыр балақ, шұбар төс сияқты фразеологизмдер қолданылған. Оларда жалпыхалықтық форма сақталып, автор тiлi мен кейiпкер тiлiнде бейнелегiш мәнерлi құрал ретiнде пайдаланылған.



Орыс тiлi арқылы енген фразеологизмдердiң қолданылуы

Фразеологизмдер – тарихи категория: бұл оған дәуiрлiк сипат бередi. Тұрақты сөз тiркестерi жеке сөздер сияқты тiлдiк единица ретiнде жұмсалады да үнемi дамуда болады. Бiрақ бұл құбылыс лексикаға қарағанда, фразеологизмдерде өте көп, баяу сезiледi. Оны әр кезде қалыптасқан тұрақты сөз тiркестерiнен айқын көремiз.

Фразеологизмдернiң дамуының екi түрi бар: Бiрiншi, тұрақты сөз тiркестерi, ең алдымен, сол тiлдiң иесi болып табылатын халықтың ұлттық еркшелiгiне қарай жасалып, қалыптасады. Бұл әр тiлдiң өзiнiң iшкi даму процесiмен байланысты болады. Екiншiсi тұрақты сөз тiркестерi дамуының процесi. Халықтар арасында¬ы қарым-қатынас бiр тiлден екiншi бiр тiлге фразеологизмдердiң ауысып отырыуынан мүмкiндiк туғызады. Фразеологизмдер бiр тiлден екiншi бiр тiлге сөйлеу тiлi және жазба нұсқалар арқылы ауысады. Мәселен: көк базар, көк бояу, өмiр сабағы, әрбiр iстiң басталуы қиын, ештен кеш жақсы, жылтырағанның бәрi алтын емес, бейбiтшiлiк көгершiнi т.б. тiркестер бiздiң тiлiмiзде орыс тiлiнiң ықпалымен қалыптасып, фразеологиялық қорымызды байыта түсуде.

Сондай-ақ, келдiм, көрдiм, жеңдiм (Юлий Цезарь). Уақыт бiздiң пайдамызға қызмет етедi (Гладсон). Бәрi де атады: бәрi де өзгередi. Стиль – ол адам (Баффон). т.б. сияқты әр түрлi халықтық афорзмдерi де бiзге орыс тiлi арқылы енгенi белгiлi.



Фразеологиялық варианттарда оқытуда жаңаша сабақ өту әдістері

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас келген түрлері фразеологиялық варианттар деп аталады. Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады.

а) фонетикалық вариант,

ә) лексикалық вариант.

Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамын енген кейбір сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқартылып айтылуы жатады. Мәселен, ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ деп та айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен әже бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі.

Бұлардың екі түрлі болып өзгеріп отыруынан тұрақты тіркестің мағына бірлігіне тигізер ешбір зиян жоқ. Сол сияқты адыра (адырам) қал, әдіре (әдірем) қал деп те айтыла береді. Мұнда бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық (адырам-әдірем), кейде ықшамдалып, қысқарып (адыра-әдіре) айтылып тұрғанымен, тұрақты тіркестің мағынасын өзгеруге ешқандай себеп бола алмайды.



Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы: ағама жеңгем сай – апама жездем сай; аға өлсе, іні мұра – аға өлсе, жеңге мұра; адыра қалды –қараң қалды, ажар білдірді –қабақ білдірді; аузы алты қарыс –аузы кере қарыс; ай дала- жапан дала; ай десе аузы бар, күн десе көзі бар – ай десе аузы жоқ, күн десе көзі жоқ; айтып – айтпай немене – айтып-айтпай не керек. Кей жағдайда фразеолгизмнің құрамындағы әрбір сөзден әр түрлі варианттар өрбиді. Мысалы: көнілге қуат (медет, медеу) қылды (құтты етті); көңілден кір (дақ, дық, кірбің, қаяу, қылау) арылды (ашылды, кетті); көңіл ауды (бөлінді, кетті, құлады); көңіл көншіді (жайланды, тынды, орнықты, демдеді).

Лексикалық варианттардың бір-бірінен счәл болса да ерекшелігі байқалады. Сондықтан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болады. Варианттарда (фонетикалық, лексикалық) қалайда ең кемі бір сыңары ортақтаса қолданылса, синонимдес фразеологизмдерде ешбір компонент қайталанбайды.

Айталық фразеологиялық варианттар тақырыбына байланысты сабақ түрі.


  1. Деңгейлік тапсырма.

I деңгейге: Фразеологиялық врианттардың екі түріне үш-үштен сөйлем құрау.

1. Фонетикалық вариант.

Үлгі: Мысалы: 1.Көптен бері күткен ісінен жаңалық хабар күтіп отырғанда, жағдайдың қандай екендігін ести сала оның ұнжырғасы түсіп кетті.

2. Осындай аумалы сағаттарда қаланың халі қыл үстінде тұрғандай еді. Жаман ойлы бұзық адамдар иесіз қалаға тиіп неше түрлі талан-тараждар істесе, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ еді (Фразеологиялық сөздік 17-бет)

2. Лексикалық варианттар.

1. Бір рет ат құйрығын кесісіп кеткен кісімен қайта кездесудің қиындығын ойлаған сайын екі беті өртеніп бара жатты.

2.Екеуін да бай-жуанға жығып берген, бетіне дақ салған жақындарына үлкен өкпелі бұлар, түңіле сөйлейді. Сонда да олардан ат кекілін кесіп кете алатаны түрі жоқ.

II деңгейге. Фразеологиялық варианттарды төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраң. Аяқ астынан –табан астынан, ат үстінен ұйқы алған – ат үстінде ұйықтады.



  1. Бұрын мыңқ етпейтін салмақты жанның енді бір ауыз сөзді көтере алмай, аяқ астынан тулағанына Әліби іштей таң қалып отыр.Қос күрең арындап жөнелгенде, қосағыңдағы арық торының ашамай сүйектері арбаңдап, табан астынан шоқытығып кетті.

  2. Аттанып барып жылқы алған,

Ат үстінен ұйқы алған – деп барымташыны мақтап, бұзылғане кез Шыңғыстан соң болса керек.

Сол Керей –Уағың ат үстінде ұйықтайтын болғалы үш жылға айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет