БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Moodle ‒ Moodle ‒ Modular Object-Oriented Dynamic
Learning Environment
аббревиатурасы (модульдік нысанды-бағытталған динамикалық оқыту ортасы). Moodle ‒ ең
алдымен білім алушылармен оқытушының қарым-қатынасын
ұйымдастыруға арналған
бағдарланған, қашықтықтан оқыту жүйесі, Moodle оқуды басқару жүйесінің LMS (Learning
Management System) класына жатады.
Қашықтықтан оқыту (ҚО) ‒ бұл ӛндірістен қол үзбей, үйден шықпай,
оқу орнына
қатынамай, заманауи ақпараттық технологиялар кӛмегімен оқыту.
Қашықтықтан білім беру жүйесі - білім
беру қызметін басқаруға,
оқыту
материалдарын
әзірлеуге, басқаруға және таратуға мүмкіндік
беретін қолжетімділікті
қамтамасыз ететін жүйе.
Университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (ААЖ) -
студенттердің,
мұғалімдердің, студенттердің іс-әрекеттерінің және оқытушылар
мен әкімшіліктердің барлық
аспектілерінде ұтқырлық пен мӛлдірлік қағидаттарына негізделген білім беру үдерісімен
байланысты барлық бӛлімдердің жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық шешім.
HTML (HyperText Markup Language ағылшын тілінде ‒ «гипермәтінді белгілеу тілі») ‒
компьютердің монитор экранында немесе мобилді құрылғы экранында браузерлер түсінік беру
нәтижесінде алынған форматталған түсіндірме текст бейнеленетін, стандартталған құжаттарды
белгілеу тілі.