Қарағанды облысының мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі143.98 Kb.
#11303
Қарағанды облысының мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы

Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 20 қарашадағы N 25/02 қаулысы. Қарағанды облысының әдiлет Департаментiнде 2006 жылғы 5 желтоқсанда N 1821 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2007 жыл 11 қаңтар, N 5 (20180)


    "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына , "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына , "Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1431 қаулысына, "Мемлекеттiк республикалық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Төрағасының 2005 жылғы 12 шiлдедегi N 265 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Қарағанды облысының мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiндегi берiлiп отырған Нұсқаулық бекiтiлсiн.

    2. Келесi қаулылардың күшi жойылды деп танылсын:
     1) "Қарағанды облысының коммуналдық мемлекеттiк объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы" Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 27 шiлдедегi N 15/05 қаулысы (Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 3 қыркүйекте 1606 нөмiрiмен тiркелген, 2004 жылғы 19 қазанда "Орталық Қазақстан" газетiнiң 205 (19617) нөмiрiнде, 2004 жылғы 16 қазанда "Индустриальная Караганда" газетiнiң 121 (20052) нөмiрiнде жарияланған);
     2) "Қарағанды облысының коммуналдық меншiгiндегi кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы" Қарағанды облысы әкiмиятының 2004 жылғы 27 шiлдедегi N 15/05 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 4 мамырдағы 08/17 қаулысы (Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде 2006 жылғы 17 мамырда 1813 нөмiрiмен тiркелген, 2006 жылғы 20 мамырда "Орталық Қазақстан" газетiнiң 98-99 (20026) нөмiрiнде, 2006 жылғы 20 мамырда "Индустриальная Караганда" газетiнiң 60 (20999) нөмiрiнде жарияланған).

    3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарағанды облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсiн.

    4. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiнгi он күнтiзбелiк күн өткен соң күшiне енедi.

    Облыс әкiмi                                 Н.Нығматулин

Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 20 қарашадағы
N 25/02 қаулысымен бекiтiлген

Қарағанды облысының мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру
Нұсқаулығы

    1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне , "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңына (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi N 1431 "Коммуналдық меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" қаулысына, "Мемлекеттiк республикалық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Төрағасының 2005 жылғы 12 шiлдедегi N 265 бұйрығына сәйкес әзiрлендi, мемлекеттiк республикалық меншiк объектiлерiн сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру тәртiбiн, оның iшiнде тендер өткiзудi, сенiм бiлдiрген басқарушылармен шарт жасасуды және оларды бақылауды жүзеге асыруды анықтайды.



1. Жалпы ережелер

    1. Осы Нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

    Сенiм бiлдiрген басқарушы - уәкiлеттi органмен Шарт жасасқан тұлға;

    Шарт - уәкiлеттi орган және Сенiм бiлдiрген басқарушы арасында жасалған Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға шарт (келiсiм-шарт);

    Уәкiлеттi орган - тиiсiнше облыстық, қалалық және аудандық коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган;

    Объект - мүлiк кешенi немесе республикалық мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеменiң мүлкi, акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысу үлесi, сондай-ақ сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлетiн өзге мемлекеттiк мүлiк;

    Басқару органы - акционерлiк қоғамның акцияларының мемлекеттiк пакетiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесiн иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы;

    Тендердiң жеңiмпазы - тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;

    Ағымдағы құны - кейiн сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру туралы шешiм қабылданған жағдайда объектiнiң Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасына сәйкес тәуелсiз бағалаушы есебiнiң негiзiнде Тендерлiк комиссия бекiтетiн құны;

    Тендер - конкурстық саудалар нысаны, онда облыстық, қалалық және аудандық коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган оған ұсынылған шарттардың негiзiнде тендер Жеңiмпазымен Шарт жасасуға мiндеттенедi;

    Тендерлiк комиссия - уәкiлеттi орган Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру жөнiнде тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн құрған орган;

    Тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жiберiлген жеке немесе заңды тұлға.

    2. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруды тағайындаушы уәкiлеттi орган болып табылады.

    3. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқару Шарт бойынша мәмiле негiзiнде туындайды (тағайындалады).

    4. Кейiн сатып алу құқығымен Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруды құрған жағдайда Тендердi өткiзу мiндеттi болып табылады.

    5. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға кейiн сатып алу құқығынсыз беру туралы шешiмдi тиiсiнше облыс, қала, ауданның әкiмдiгi қабылдайды.

    6. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға кейiн сатып алу құқығымен беру туралы шешiмдi Қарағанды облысының әкiмдiгi қабылдайды.

    7. Объектiнi сенiм бiлдiрген басқарушы сатып алу ережелерi Шартпен анықталады. Шарт қандай мерзiмде және қандай мiндеттемелердi орындаған жағдайда Объект Сенiм бiлдiрiлген басқарушының меншiгiне ауысатынын көздеуi керек.

    Сенiм бiлдiрген басқарушыға Объектiнi сатуға ол Шартты тиiсiнше орындаған жағдайда ғана жол берiледi.

    8. Уәкiлеттi орган сенiм бiлдiрiлген басқаруды құру мақсатында:

    1) тендердi ұйымдастырады (Тендерлiк комиссияның құрамы мен жұмыс регламентiн бекiтедi, Тендерге қатысушыларды тiркейдi, ақпараттық хабарларды жариялауды қамтамасыз етедi);

    2) кепiлдi жарналар қабылдайды;

    3) қажет болған жағдайда Объектiнi бағалау жөнiнде қызметтер көрсетуге кеңесшiлермен шарттарды жасайды;

    4) тендер өткiзу барысын бақылауды жүзеге асырады;

    5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен Тендердi өткiзу рәсiмдерiмен байланысты есеп айырысуды жүзеге асырады;

    6) сенiм бiлдiрген басқарушымен Шарт жасайды;

    7) объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға берумен байланысты өзге функцияларды жүзеге асырады.

    9. Акциялары және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң қатысу үлесi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру Объектiсi болып табылатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары уәкiлеттi органның сұрауы бойынша Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге дайындау үшiн қажет мәлiметтердi олар анықтайтын мерзiмдерде ұсынады және ұсынылып жатқан мәлiметтердiң растығы үшiн жауап бередi.

    10. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру шарттары Сенiм бiлдiрген басқарушының мыналарға қатысты мiндеттемелерi бола алады:

    1) объектiге инвестициялардың көлемдерiне, түрлерiне және мерзiмдерiне;

    2) өнiмнiң көлемдерiне, шығарылатын өнiмнiң немесе көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi мен номенклатурасы;

    3) белгiлi тұтынушыларға өнiмдi жеткiзу;

    4) баға белгiлеуге, оның iшiнде бағалардың шектi деңгейi бойынша шектеулер;

    5) табиғатты қорғау iс-шараларын өткiзу;

    6) бар санын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын құру;

    7) өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн пайдалану тәртiбi;

    8) объектiнiң берешектерiн белгiленген мерзiмдерде өтеу;

    9) сенiм бiлдiрген басқарушы Объектiнi кейiн сатып алуы;

    10) мәмiлелер жасау және/немесе белгiлi уақыт кезеңi iшiнде Объектiге қатысты белгiлi қызметтерге тиым салу.

2. Тендерлiк комиссия

    11. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн уәкiлеттi орган Тендерлiк комиссияны құрады, оның құрамына:

    1) уәкiлеттi органның

    2) сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлетiн мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органының

    3) экономика және бюджеттiк жоспарлау органының

    4) аумақтық әдiлет органының

    5) кәсiпкерлiк және өнеркәсiп органының

    6) аумақтық салық қызметi органының

    7) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының өкiлдерi кiредi.

    Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны 5 адамнан кем болмауы тиiс. Тендерлiк комиссияның төрағасы мен хатшысы уәкiлеттi органның бұйрығымен тағайындалады және уәкiлеттi органның өкiлдерi болып табылады. Тендерлiк комиссияның хатшысы Тендерлiк комиссияның мүшесi болып табылмайды.

    12. Тендерлiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    1) объектiнiң Ағымдағы құнын бекiтедi;

    2) кепiлдi жарнаның мөлшерiн анықтайды;

    3) тендер шарттарын анықтайды;

    4) тендер өткiзедi;

    5) тендер жеңiмпазын хабарлайды.

    13. Тендерлiк комиссияның хатшысы Тендердi ұйымдастыру және өткiзу үшiн қажет құжаттарды дайындайды және Тендерлiк комиссияның хаттамасын ресiмдейдi.

3. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге дайындау

    14. Объектiнi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге дайындауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

    15. Басқару органы уәкiлеттi органға акциялары (үлестерi) Объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы екi жыл iшiндегi қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты, Объектiнi кейiн сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру жөнiндегi шарттарды белгiлеу туралы ұсынысты ұсынады.

    16. Тендердi өткiзуге дайындық кезiнде уәкiлеттi орган Объект туралы ақпаратты жинауды, ақпараттық хабарды уақытылы жариялауды қамтамасыз етедi, Тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды және тiркеудi, бағалауды (Объектiнi кейiн сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға берген жағдайда) жүргiзедi, келiп түскен материалдарды Тендерлiк комиссияның қарауына жiбередi.

    17. Тендердi өткiзу туралы ақпараттық хабарлау оны өткiзгенге дейiн 15 күн бұрын жариялануы тиiс. Ақпараттық хабарлау ресми басылымдарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануы керек.

    Ақпараттық хабарлау Объект, Тендердi өткiзу уақыты және орны, оның шарттары; Тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi; кепiлдiк жарнаны салу мөлшерi, мерзiмi және тәртiбi; Тендердi өткiзу тәртiбi, оның iшiнде Тендер жеңiмпазын анықтау критерийi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ уәкiлеттi органның қарауы бойынша басқа мәлiметтердi қамтуы керек.

    18. Тендерлiк комиссия Тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерiстер туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен белгiленген тәртiпте Тендердi өткiзгенге дейiн 5 күн бұрын жариялануы тиiс.

    Тендер шарттары өзгергендiгi туралы хабарлама жарияланғанға дейiн Тендерге қатысуға өтiнiм берген және осыған байланысты Тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепiлдiк жарнаны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.

    19. Акциялары (үлестерi) сенiм бiлдiрiлген басқару объектiсi болып табылатын әрбiр заңды тұлға бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейiн уәкiлеттi орган мына құжаттардың көшiрмелерiнен тұратын құжаттар пакетiн дайындауы тиiс:

    1) жарғы;

    2) эмиссияны тiркеу туралы куәлiк;

    3) есептi кезең алдындағы жылға қосымшалары бар бухгалтерлiк баланстар;

    4) статистикалық карточка;

    5) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк;

    6) мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер, мемлекеттiң қатысуымен заңды тұлғалардың тiзiлiмiнен үзiндi.

    Құжаттар пакетiне сондай-ақ уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша тәуелсiз кеңесшiлермен өткiзiлген жұмыс iстеудiң кешендi мониторингi және Объектiнi басқару тиiмдiлiгi негiзiнде қосымша мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.

    Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi орган Тендерге қатысушы болуға ықылас бiлдiрген үмiткерлерге Объект туралы ақпаратқа және осы Нұсқаулыққа қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.

    20. Тендерге қатысушылар Тендердi өткiзу туралы ақпараттық хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiпте кепiлдiк жарна салады. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiле алмайды. Кепiлдiк жарна Қатысушы атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен салына алады. Кепiлдiк жарнаны алушы Департамент болып табылады.

    21. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарна әрбiр Объект үшiн жеке оның Ағымдағы бағасының немесе баланстық құнының (объектiнi кейiн сатып алу құқығынсыз сенiм бiлдiрiлген басқаруға берген жағдайда) 1-15 пайызы шегiнде белгiленедi.

    22. Кепiлдiк жарна Қатысушының мына мiндеттемелерiн қамтамасыз ететiн болып табылады:

    1) жеңген жағдайда Тендер нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;

    2) уәкiлеттi органмен Шарт жасасу.

    23. Егер Тендерге қатысушылар осы Нұсқаулықтың 18 тармағының екiншi абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тендерге қатысудан оны өткiзгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган оларға кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

    24. Осы Нұсқаулықтың 23 және 38 тармақтарында санамаланғандардан басқа барлық жағдайларда кепiлдiк жарна Тендер аяқталған күннен бастап 10 банктiк күннен кешiктiрмей, ал егер ақша уәкiлеттi органның шотына Тендер өткiзiлгеннен кейiн түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктiк күн iшiнде қайтарылады.

    25. Тендерге қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi және Тендер басталғанға дейiн жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

    26. Тендерге қатысушы есебiнде тiркеу үшiн мыналарды:

    1) тендерге қатысушыны Тендер жеңiмпазы деп хабарлаған жағдайда оның жазбаша мiндеттемесiн бiлдiретiн Тендерге қатысуға өтiнiмдi, ақпараттық хабарламада көрсетiлген және Тендерге қатысушының өзiмен ұсынылған Тендер ережелерiнде Шарт жасасу;

    2) тендер шарттары бойынша жазбаша түрдегi Тендермен шарттасылған құжаттаманы қоса берiп, басқа құжаттардан бөлек конвертте жапсырылған ұсыныстарды;

    3) соңғы қаржы жылы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен мiндеттi аудиттi өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың аудиторлық есебiн;

    4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;

    5) статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;

    6) ықтимал тендер Қатысушысының бiлiктiлiгiн растайтын бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер лицензия және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн қоса;

    7) жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн. Шетел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады;

    8) ықтимал Тендерге қатысушының төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды алып тастағанда тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан ұзаққа бiрiншi басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға қол қойған, осы салық органының мөрi бар салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөнiндегi мерзiмi өтiп кеткен берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;

    9) кепiлдiк жарнаны уәкiлеттi органның депозит шотына аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбiртектiң (жеке тұлға үшiн) түпнұсқасын немесе көшiрмесiн;

    10) ықтимал Тендерге қатысушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты (сенiмхатты) (жеке куәлiктi, төлқұжатты (шетел азаматтары үшiн) немесе iшкi iстер органдарының анықтамасын ұсынған жағдайда жарамды) ұсынуы қажет.

    27. Жұмыс iстеуге жарамды жеке тұлға болып табылатын ықтимал Тендерге қатысушы осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 1, 2, 9, 10 тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ:

    1) жеке куәлiктiң/төлқұжаттың немесе iшкi iстер органдарының жеке тұлғалылығын растайтын құжаттарды алмастыруға алғандығы туралы анықтамасының көшiрмелерiн;

    2) тиiстi мемлекеттiк орган берген (Шарт жасау үшiн азаматтық құқық қабiлетiнiң барын растау үшiн) заңды тұлғаның бiлiмiнсiз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;

    3) лицензияларының және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, ықтимал Тендерге қатысушының бiлiктiлiгiн растайтын басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi қоса берiлген бiлiктiлiгi туралы мәлiметтi.

    28. Өтiнiмдердi қабылдау және Тендерге қатысуға үмiт бiлдiрген тұлғаларды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жиынтығы бар кезде жүргiзiледi.

    29. Тендерге қатысушы:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асыруы Тендер шарттары болып табылатын қызметтiң сондай түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;

    2) сенiм бiлдiрiлген басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөнiнде тиiстi мiндеттемелерiн орындамаған алдағы тендерлердiң жеңiмпазы бола алмайды.

    30. Комитет Тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты Тендердi дайындау және оны өткiзудiң бүкiл кезеңi iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқығы жоқ.

    31. Ықтимал Тендерге қатысушылардың құжаттары тiркеу журналына тiркелгеннен кейiн сейфте сақталады. Тендердi өткiзу күнi Тендерге қатысушылардың құжаттары Тендерлiк комиссияға берiледi.



4. Тендердi өткiзу

    32. Тендерлiк комиссия жеңiмпазды анықтау өлшемiнен (өлшемдерiнен) шыға отырып, Тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерiн ашады және Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.

    33. Тендерлiк комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң жай дауыстың көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда, Тендерлiк комиссия тең дауыс санын алған Қатысушыларды келiссөзге шақыруға құқылы және олардың келiсiмiмен тендерлiк комиссияның қарауына Объект жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстарды енгiзген Тендерге қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

    34. Тендерлiк комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған тендерлiк комиссияның мүшелерi, оның төрағасы және Тендер жеңiмпазы қол қояды. Тендерлiк комиссияның мүшесi өзiнiң ерекше ойын жазбаша жазып, оны хаттамаға тiркеуге құқылы, ол туралы соңғысында белгi қойылады. Тендердiң нәтижелерiне оның қатысушылары Тендер жеңiмпазын хабарлаған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде наразылық бiлдiре алады.

    35. Тендер нәтижелерi туралы хаттама Тендер жеңiмпазы мен уәкiлеттi органның Тендер шарттары негiзiнде Шарт жасау мiндеттемелерiн және Тендер жеңiмпазының ұсыныстарын бекiтетiн құжат болып табылады.

    36. Тендер нәтижелерi Тендер жеңiмпазын хабарлаған күннен бастап 5 күнтiзбелiк күн iшiнде уәкiлеттi органмен бекiтiледi.

    Уәкiлеттi орган жаңа тендердi хабарлауға, сондай-ақ Тендерлiк комиссияға тендер шарттарын мына жағдайларда өзгертудi ұсынуға құқылы:

    1) тендерге қатысуға өтiнiмдер жоқ болса;

    2) тендерлiк комиссия жеңiмпаздың жоқтығы туралы шешiмдi қабылдаса;

    3) тендер жеңiмпазы Шартқа қол қоюдан бас тартса.

    37. Тендер мына жағдайларда өтпеген болып танылады, егер:

    1) қатысушылардың ұсыныстары Тендерлiк комиссиямен Тендер шарттарын қанағаттандырмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн болып танылса;

    2) тiркелген Қатысушылардың саны екеуден кем болса.

    38. Тендердiң жеңiмпазы Тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға немесе Шартқа қол қоюдан жалтарса, өзi салған кепiлдiк жарнаны жоғалтады.

    39. Тендер ашық түрде болуы тиiс.

    Мемлекет қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғау, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайларын қозғайтын, Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн.

    40. Жабық Тендер өткiзу кезiнде ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралында жарияланбайды. Жабық Тендерге Кеңесшiлердiң ұсыныстары бойынша алдын-ала анықталған Қатысушылардың шектелген саны қатысады.

    41. Жабық Тендерге қатысуға жабық Тендердiң барлық шарттарымен жазбаша шақыруларды уәкiлеттi орган жiбередi. Қатысуға шақыру жiберiлген тұлғаларды тiркеу жазбаша шақыру жiберiлген күннен бастап жүргiзiледi және жабық Тендердi өткiзгенге дейiн бiр күн бұрын аяқталады.



5. Шарттың орындалуын бақылау

    42. Шарт ережелерiнiң орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

    43. Шарт тендер Жеңiмпазының тендерлiк ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастыру керек.

    44. Бақылауды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган Шарттың орындалуымен байланысты құжаттармен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуелсiз кеңесшiлердi тарта отырып, Объектiнi басқару тиiмдiлiгiнiң жыл сайынғы мониторингiн жүргiзуге құқылы.

    45. Сенiм бiлдiрген басқарушы уәкiлеттi органға және пайда алушыға өзiнiң қызметтерi туралы есептi Шартта белгiленген мерзiмде және тәртiпте ұсынады. Комитеттiң және (немесе) пайда алушының талабы бойынша Сенiм бiлдiрген басқарушының қызметi туралы есеп өзге жағдайларда да кiдiрмей ұсынылуы тиiс.

    46. Шарт ережелерiнiң орындалуын бақылау Сенiм бiлдiрген басқарушы мiндеттемелерiн орындау аяқталған мезгiлге дейiн жүргiзiледi.

    47. Объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты әрбiр жеке алған жағдайда талаптар өзгерiлуi және толықтырылуы мүмкiн. Осымен қатар, Тендерлiк комиссия өнеркәсiп секторының құрылымдық-салалық бағытына қарай, Шартты сенiм бiлдiрiлген басқаруға:

    1) тұтас сала объектiлерi;

    2) iрi өнеркәсiп кешендерi;

    3) жеке объектiлер берiлетiнiн ескере отырып, қарайды.



6. Қорытынды ережелер

    48. Осы Нұсқаулықпен көзделген Сенiм бiлдiрiлген басқару қатынастарына осындай қатынастарды, Заңмен көзделген жағдайларды алып тастағанда, реттейтiн азаматтық заңнаманың нормалары таралады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет