Зеленый и Белый Корпоративный Продажи Маркетинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата06.05.2024
өлшемі2.53 Mb.
#500623
Генетиканың зерттеу әдістері



Генетиканың
зерттеу әдістері 
Кабдолдашова Асем 


ЖОСПАР
Генетика туралы жалпы түсінік. 
1.
Тұқымқуалаушылық және
өзгергіштік. 
2.
Генетиканың негізгі зерттеу әдістері:
3.
. Гибридологиялық әдіс;
Генеалогиялық талдау әдісі;
Цитогенетикалық әдіс;
Популяциялық талдау әдісі;
Биохимиялық әдіс. 
4. Қорытынды. 


 ГЕНЕТИКА — БҮКІЛ ТІРІ АҒЗАЛАРҒА ТӘН
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРГІШТІКТІ
ЗЕРТТЕЙТІН БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР
САЛАСЫ. АҒЗАЛАРДЫҢ ТҰҚЫМ
ҚУАЛАУШЫЛЫҒЫ МЕН ӨЗГЕРГІШТІГІ ТУРАЛЫ
ҒЫЛЫМДЫ ГЕНЕТИКА ДЕП АТАЙДЫ (ГРЕКШЕ
“GENETІKOS” — ШЫҒУ ТЕГІНЕ ТӘН). БҰЛ
АТАУДЫ 1906 ЖЫЛЫ АҒЫЛШЫН БИОЛОГЫ
У.БЭТСОН ҰСЫНДЫ.
Генетика деген не?


Тұқымқуалаушылық және
өзгершіштік
Тұқымқуалаушылық дегеніміз
ағзалардың өз белгілерін немесе
қасиеттерін және даму
ерекшеліктерін келесі ұрпаққа
беру қабілеттілігі.
ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ
Өзгергіштік деп ата-аналық форма
мен ұрпақтар белгілері арасында
айырмашылықтардың пайда болуын
түсінеді. 
ӨЗГЕРГІШТІК 


Будандастыру (гибритизация) әдісі бойынша бір
немесе бірнеше белгі бойынша айырмашылығы бар
екі ағзаны будандастырады. Будандастырудың
нәтижесінде алынған ұрпақ гибридтер деп аталады.
Бұл әдістің негізін Г. Мендель қалады. Ағзаның
белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу оларды бір-
бірімен будандастырып, алынған бірінші, екінші
және келесі ұрпақтарды талдау арқылы жүргізіледі.
Гибридологиялық талдау мал генетикасында негізгі
әдіс болып саналады және оның нәтижелері
медициналық және ветеринария- лық генетика үшін
мәнді болып саналады
ГИБРИДОЛОГИЯЛЫҚ
ӘДІС 



 Генеалогиялық талдау бір-бірімен туыстық
байланысы бар дара- лар тобына шежіре
құрастырып, белгінің тұқым қуалауын бірнеше
ұрпақта бақылайды. Бұл әдіс негізінде адамда,
жануарларда болатын түрлі белгілер мен
қасиеттердің немесе аурулардың тұқым
қуалауын оның шежірелік қатысын құрып,
туыстарының арасында таралуын және ата-
бабасынан ұрпақтан –ұрпаққа қалай берілгенін
зеріттеу жатады. мұндай әдіспен ұрпаққа түрлі
аурулардың берілу мүмкіндігін анықтауға
болады.Бұл әдіс адам белгілерінің тұқым қуалау
заңдылықтарын зерттеуде жиі қолданылады
Генеалогиялық талдау



Цитогенетикалық талдау хромосоманы зерттеуге
негізделген. Олардың саны, құрылысы, ұзындығы,
құрылымы және қызметі зерттеледі. Әдістің
көмегімен хромосома құрылысының және санының
өзгеруі салдарынан малда әр түрлі генетикалық
аурулар дамитыны анықталады.Бұл әдісте кариотип,
яғни хромосомалардың саны, пішіні және мөлшері
зеріттелінеді. Адамда пайда болған хромосомдық
және геномдық мутацияларды байқауға мүмкіндік
туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың
тууына себепкер болады. Сондықтан
цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық
мақсатта қолданады.
Цитогенетикалық талдау



 ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУДА БЕЛГІНІҢ ТҰҚЫМ
ҚУАЛАУЫ МЕН ӨЗГЕРГІШТІГІН ЗЕРТТЕУ АҒЗА
ТОБЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ӘДІС НЕГІЗІНЕН
МАТЕМАТИКАНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТІРЕК ЕТЕДІ. БҰЛ
ӘДІСПЕН ГЕНДЕРДІҢ ЖӘНЕ ГЕНОТИПТЕРДІҢ
ПОПУЛЯЦИЯДА КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІН ЗЕРІТТЕЙДІ.
ӘДІС АРҚЫЛЫ ПОПУЛЯЦИЯ ГЕНОФОНДЫНДА
ТҮРЛІ АУРУЛАРДЫҢ ҚАНШАСЫ
ГЕТЕРОЗИГОТАЛЫҚ ЖӘНЕ ГОМОЗИГОТАЛЫҚ
КҮЙДЕ ТАРАЛҒАНЫ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ БЕРЕДІ.
ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ


 БИОХИМИЯЛЫҚ ӘДІС ГЕНЕТИКАНЫҢ ЖАҢА
ӘДІСІ. ДНҚ-НЫҢ НӘЗІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН
ҚЫЗМЕТІН ТІКЕЛЕЙ ЗЕРТТЕУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН.
АДАМДА ЖӘНЕ МАЛДАРДА БОЛАТЫН ЗАТ
АЛМАСУДЫҢ БҰЗЫЛУЫ ТҮРЛІ ТҰҚЫМ
ҚУАЛАЙТЫН ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТІКЕЛЕЙ
БАЙЛАНЫСТЫ. БҰЛ ӘДІСПЕН ГЕНДІК
МУТАЦИЯНЫ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ.
БИОХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТА
ҮЛКЕН МАҢЫЗЫ БАР. МЫСАЛЫ, ДНҚ-ҒА
ТАЛДАУ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ АТА-
АНАСЫН ДӘЛ АНЫҚТАП ТАБУҒА БОЛАДЫ. 
БИОХИМИЯЛЫҚ ӘДІС


ҚОРЫТЫНДЫ
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым
қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін
биология ғылымының бір саласы.
Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен
өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп
атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне
тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын
биологы У.Бэтсон ұсынды. Генетиканың
негізгі зерттеу әдістеріне мыналар жатады:
гибридологиялық, генеалогиялық,
цитогенетикалық, популяциялық және
биохимиялық әдістер 


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет