Несеп ағар бойындағы ауырсыну нүктерелірін анықтау
Жоғары несепағарлық нүкте іштің тік бұлшықетіннің сыртқы қырымен вертикальды сызық және кіндектен жүргізілген горизантальды сызықтың қиылысында орналасады.
Ортаңғы несепағарлық нүкте ортаңғы сызық пен жамбас сүйегінін алдыңғы қырын қосатын горизантальды сызықтың 1\3 орналасады.
Қабырға- омыртқалық нүкте 7 қабырға мен омыртқаның арасындағы бұрышта орналасады.
Қабырға – бел нүктесі 7 қабырға мен бел бұлшықеті қиылысатын жерде орналасады.
Бүйрек перкуссиясы
Бүйрек үсті ішекпен қапталған, сондықтан перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс беріп, шекара анықтау мүмкін емес, тықылдату әдісі ғана үлкен маңыз береді.
Дәрігер сол қолын пациенттің беліне қойып, оң алақанының қабырғасымен не жұдырығымен жәйләп үстінен ұрады.
Пациент ауырсыну сезсе, симптом оң болып саналады, Пастернацкий симптомы деп аталады. Пастернацкий оң симптомы тынжытаста, пиелонефритте, паранефритте, миозитте, радикулитте анықталады.
ЖАЛПЫ ЗӘР СЫНАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ КӨРСЕТКІШІ
Физикалық қасиеттері: түсі-сабан-сары, янтарь-сары. Мөлдірлігі-мөлдір. Салыстырмалы тығыздығы-алғашқы күндері 1008-1018; кейін 1 жасқа дейін 1003-1005; 2-5 жасында 1009-1016; 10 жасқа таман 1011-1025.
Химиялық қасиеттері: Реакция (рН) –қышқыл, рН4,8-8,4 (орта есеппен -6). Белок ЖТБ «іздері» болып кейін болмайды, кейде өтпелі протеинурия байқалуы мүмкін. (ұзақ тұрғанда көп жүргенде, физикалық жүктемеден кейін).
Глюкоза, кетон денелері, ацетон, өт пигменттері –болмайды.
Микроскопиялық тексеру: лейкоциттер 0-3 көріу аймағында. Эритроциттер - болмайды. Бүйрек өзекшелерінің эпителий клеткалары болмайды. Цилиндрлер – болмайды. Тұздар- аз мөлшерде ураттар, оксалаттар.
Стандарт №4 Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
Достарыңызбен бөлісу: |