«Зергерлік әшекейлерді оюмен безендіру» тақырыбына төменгі сынып оқушыларына әңгіме құру



Дата02.03.2024
өлшемі18.95 Kb.
#494027
Зергерлік әшекейлерді оюмен безендіру


«Зергерлік әшекейлерді оюмен безендіру» тақырыбына төменгі сынып оқушыларына әңгіме құру.
Сәлем, балалар! Сендер ұлтымыздың зергерлік бұйымдары жайлы білесіңдер ме?
Олай болса мен сендерге әңгімелеп берейін...
Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық Зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендірріп алынатын бұйымдар. Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерінің қоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.
Сендер әжелеріңнің, ана-әпкелеріңнің қолынан, мойынан түрлі әшекейлерді байқаған боларсыңдар. Және олардың өзіндік атаулары бар. Соның бірі өздерің көргендей тұмарша. Тұмарша (Бойтұмар) Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.
Жүзік сақина Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
Келесі менің сендерге таныстырайын деп отырған әшекей бұйымым, ол
шашбау. Сендер мультфилмдерден өздеріңде көрген боларсыңдар қыз
баланың шашында сыңғырлаған әдемі үнді әшекейдің тұрғанын.Бұл шашбау.
Шашбау Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.
Білезік Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
Сырға Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.
Алқа Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.
Міне балалар осы секілді қазағымыздың сонау ертеден келе жатқан бұйымдардың түрлері өте көп. Олардың бірнешеуімен таныстық, ал келесі сабақта осы секілді әшекей бұйымдар туралы ата-әжелелеріңнен қызыөты оқиға білім келіңдер.
Сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет