КДЗ-дан/КДЗ-ға БИОМАТЕРИАЛДАРДЫ ЖЕТКІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Биоматериалды қабылдау критерийлері
Келесі ақпаратты көрсете отырып, тапсырыс бланкісінде зерттеуге дұрыс ресімделген тапсырыс
Пациент туралы – аты-жөні, жынысы, туған күні, зерттеу түрі, үлгіні алған күні мен уақыты
Материалдардың қозғалысын бақылауға, көрсетілген қызметтер бойынша ақпаратты қабылдауға және беруге жауапты тұлға туралы
Тапсырыс берушінің байланыс ақпараты
Биоматериалдың тапсырысында және таңбалауында пациенттің сәйкестендіру деректерінің болуы және толық сәйкестігі
Биоматериалға арналған зертханалық ыдыстың/вакуумдық пробирканың тағайындалған талдау түріне сәйкестігі
Сынамада ұйыған, гемолиз, хилездің болмауы
Зерттеу жүргізу үшін жеткілікті материалдың тиісті көлемі
Барлық талдаулар зертханаға 08:00 -09:00 аралығында қабылданады.
Биоматериалды қабылдаудан бас тарту критерийлері:
Таңбаланбаған немесе дұрыс таңбаланбаған сынамалар
Басқа пациенттің биоматериалы
Айқын гемолиз
Пробиркадағы ұйық
Зерттеуге жолдама ресімдеудегі қателер (дәлсіздіктер)
Тесік контейнерлер
Контаминирленген сынамалар
Дұрыс алынбаған биоматериал
Сынамасы бар сынған пәндік шыны
Биоматериалдың жеткіліксіздігі
Сынамаларды тасымалдау және өңдеу кідірісі
Сынаманы жеткізу кезіндегі температуралық режимнің бұзылуы
Биоматериалды тасымалдау шарттары
Пробиркалар (сынамалары бар контейнерлер) таңбалануы және термоконтейнерге қажетті температуралық режимді сақтай отырып оралуы тиіс
Термоконтейнер тығыз жабылуы тиіс
Биоматериалды тасымалдауға арналған контейнерлерге қойылатын талаптар
Биоматериалдар қанның жекелеген сынамаларынан басқа салқынэлементтерсіз контейнерлерде тасымалданады (АКТГ-ға зерттеуге арналған сынамалары бар вакутейнерлер, кортизол, альдостерон, гомоцистеин, кальцитонин, остеокальцин, инсулин, С-пептидке қан алғаннан кейін дереу мұзға қою (анализді тұрақтандыру үшін) хладоэлементтері жоқ жүзеге асырылады.)
Биоматериалдарды тасымалдауға арналған контейнерлер (бұдан әрі – контейнерлер) төмендегі сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс
Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тасымалдау кезеңінде жұқтыру қаупін болдырмау
Материалды тасымалдауға арналған контейнерлер тасымалдау кезінде биологиялық материалдардың герметикалығын, сақталуын және өзгермейтіндігін қамтамасыз етуі, сынаманы сыртқы факторлардың әсерінен қорғау, сондай-ақ ашу кезінде аэрозольдің түзілуін болдырмауы тиіс
Контейнер химиялық төзімді материалдан дайындалуы және қолдануға рұқсат етілген барлық жуу және дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге төзуі тиіс
Тасымалдау арналған әрбір контейнерде оның қолдану мақсаты, талап етілетін температуралық режим және "биологиялық қауіп" белгісі бар этикетка болуы тиіс
Егер контейнерде тасымалдау үшін 20С - 80С температураны ұстап тұру қажет болса, термоконтейнерлер қолданылады, онда қажетті мөлшерде салқынэлементтер салынуы тиіс
Қан тапсырар алдында 12 сағат бойы тамақ ішпеу
Қан тапсыруға дейін 1 күн бұрын - дене жүктемесінен, алкоголь ішуден, майлы тағамнан аулақ болыңыз
Бір тәулік ішінде тамақтан кофе, алкоголь, сарымсақты алып тастаңыз
Қан тапсырудан 2 сағат бұрын темекі шегуден бас тарту
Дәрілік препараттарды қабылдауды мүмкіндігінше қан тапсырғанға дейін 1 күн бұрын тоқтату (емдеуші дәрігермен келісім бойынша)
Қан тапсырар алдында ұюға қарсы препараттарды қабылдауы туралы дәрігерді хабардар ету қажет
Ұйытуға қарсы препараттарды қан алу процедурасынан кейін ғана қабылдау қажет.
Қан талдауын 2 сағ көлемінде зертханаға жеткізілуі тиіс.
Қанды 2 сағ артық тұрған қан талдауға жарамсыз болып есептеледі, себебі талдау нәтижесі дұрыс анықталмайды.
Зерттеуді орындау үшін материалды алу емдік мақсатта (дәрі-дәрмек, инъекция, физикалық емдеу әдістерін қабылдау: УВЧ, СВЧ немесе диагностикалық (рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық) іс-шаралар орындалғанға дейін жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |