Зертхана туралы



бет2/6
Дата04.04.2024
өлшемі33.58 Kb.
#497695
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Зертхана туралы

Зертхананың қызметтері
Орындалатын қызметтер тізбесі 1000-ға жуық. Өз жұмысымызда келесі әдістерді қолданамыз



  • Ағынды цитометрия

  • Иммуноферменттік талдау

  • Гематология

  • Биохимия

  • Гемостазды зерттеу

  • Полимеразды тізбекті реакция (ПТР)

  • Иммунофлюоресценция

  • Серологиялық зерттеулер

  • Бактериологиялық зерттеулер

  • Паразитологиялық зерттеулер

  • Молекулалық-генетикалық зерттеулер 

ҚАН ТАЛДАУЫН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ПАЦИЕНТКЕ ЖАДНАМА
Қанның жалпы талдауы
Зертханалық талдау нәтижелерінде нақты диагностикалық деректерді алу үшін талдауды тапсырар алдында бірнеше ережелерді орындау қажет



  • Қан тамырдан 8 және 10 сағат арасында таңертең аш қарынға тапсыруға болады, яғни науқас әдеттегі кешкі астан кейін қан алынғанға дейін тамақтанбайды

  • Шырын, шай, кофе де ішпеген дұрыс

  • Суды ішуге болады

  • Қан талдауын тапсыру алдында майлы тамақтан бас тарту қажет

Зерттеу алдында



  • Майлы тамақ ішпеу

  • Физикалық жүктемелерді және эмоциялық шиеленістерді болдырмау

  • Кез келген күйзелістік жағдайлардан аулақ болу

  • Алкоголь, темекіден бас тарту

  • Дәрі-дәрмектерді қабылдамау, немесе стационарлық жағдайда емдеу кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдағанға дейін қан тапсыру қажет

  • Физиотерапиялық емшаралар, сондай-ақ рентгенологиялық, ультрадыбыстық және ректалдық зерттеулер қанды талдауға алғаннан кейін жүргізіледі, өйткені төмен жиілікті немесе жоғары жиілікті сәулелердің әсері қанның гематологиялық көрсеткіштерін өзгерте алады (лейкоциттер, гемоглобин концентрациясы төмендейді)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет