1.5 Химиялық ыдыстар және олармен жұмыс істеу
Химиялық шыны ыдыстар үш топқа бөлінеді
1) Жалпы мақсатқа арналған ыдыстарға сынауықтар, химиялық құйғыштар, химиялық стакандар, жайпақ және конус түпті колбалар, кристаллизаторлар, жуғыш, шыны таяқшалар, сағат шынысы, фарфор тигельдер, тигельді ұстайтын қысқыштар және т.б. жатады.
Сынауықтарды аз мөлшердегі заттармен жұмыс істегенде қолданады, зертханалық сынауықтардың өлшемі 15·150 мм., сиымдылығы 5 мл. сынауық пайдаланылады, сынауықтың 1/3 бөлігінен артық толтыруға болмайды, реактивтерді жаймен шайқап араластырады, ол үшін оны жоғары ұшынан сол қолдың бас бармағымен ұстап, оң қолдың бас бармағымен араластырады. Реактивтерді қауырт, аузын саусақтармен басып тұрып араластыруға болмайды. Сынауықтағы сұйықтықты су жылытқышына қыздыру керек, ал сапалық анализ жүргізгенде микрожылытқышта немесе жаққыштың жалынында сынауықтың түбін емес, сұйықтықтың жоғарғы жағын қыздырады және сынауықтың аузын басқа кісіге қаратпау керек.
2) Химиялық құйғыштар сұйықтықтарды бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып, сүзуге арналған. Химиялық құйғыштардың бұрышы 600. Құйғыштың төменгі жағы қиғаш келеді, ол сұйықтықтың ыдыстың қабырғасымен, шашырамай ағу үшін жасалған.
Аналитикалық құйғыштар кәдімгі құйғыштардан өзгеше, олардың төменгі жағы ұзын, ол сүзуді тездетеді, сұйықтықты бір ыдыстан екіншісіне құйғанда қағаз фильтр құйғыштың шетінен 10 мм төмен болуы керек (сурет 7).
Сурет - 7. Бүгілмелі қағаз фильтр дайындау және оны құйғышқа орналастыру
|
|
Сурет- 8. Ерітіндіні құйғыш арқылы құю
|
Құйғышты зертханалық штативтің сақинасына немесе ыдыстың мойнына орналастырады. (сурет 8).
3) Химиялық стакандар
Химиялық шыны стакандар – бұлар жұқа қабырғалы, цилиндр формалы ыдыстар, сиымдылығы – 50 мл-ден 1-2 л-ге дейін, химиялық стакандардағы сұйықтарды тек асбест торы арқылы қыздырады, олар пішіні бойынша да (биік және аласа, мұрынды және мұрынсыз) ажыратылады, олар әр түрлі жұмыстарды жүргізу үшін пайдаланылады.
Жайпақ және конус түпті колбаларды әр түрлі ерітінділерді даярлау, сүзу және т.б. үшін қолданылады. Конус тәрізді колбалар, басқаша сөзбен айтқанда, Эрленмейер колбалары, олардың сиымдылығы – 50 мл-ден бірнеше литрге дейін болады және бұл колбалармен сұйықтықты араластыру ыңғайлы, сондықтан титрлеу үшін қолданылады. Химия зертханасында, әсіресе сиымдылығы 150 мл-ден 250 мл-ге дейін колбалар пайдаланылады, мұндай колбалардың химиялық стакандар тәрізді түптері жұқа болады, сондықтан сұйықтықты асбест торы арқылы қыздырады.
4) Кристаллизаторлар – заттарды ерітінділерінен қайта кристалдандыру арқылы тазалау, кристалдарды өсіру, газдарды жинау және т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Олар цилиндр пішінді, жұқа қабырғалы, жайпақ түпті ыдыстар. Олар сиымдылығы мен өлшемі бойынша ажыратылады. Кристаллизаторларды Жуғыш-сандық анализде сиымдылығы 500-750 мл жуғыш қолданылады. Шыны таяқшалардың ұзындығы 15-20 см., ені 2-3 мм. болуы керек. Өлшеуіш шынысы (сурет 9). Өлшемі 2 түрлі сағат шынысын қолдану ұсынылады: диаметрі 4-6 см өлшемді алу үшін, диаметрі 9-11 см. Стакан мен құйғыштарды жабу үшін қолданылады.
Сурет- 9. Өлшеуіш шынысы Сурет- 10. Бюкстер
Бюкстер: сұйықтықтар мен заттардың ылғалдылықтарын өлшеу үшін қолданылады.ауада тұрақсыз заттарды өлшеу үшін шлифтенген шыны қақпақты стакандар – бюкстер қолданылады (сурет 10). Әсіресе биіктігі 50 мм., диаметрі 35 мм. және биіктігі 25 мм., бюкстер ыңғайлы.
Тұнбаларды қыздыру үшін түбі үлкен жайпақ Фарфор тигельдерді қолданылады (сурет 11).
Тигельдерді ұстауға арналған қысқыштардың алдымен ұшын тазалап, газ қыздырғышында қыздырады.
Сурет - 11 Фарфор тигельдері
Достарыңызбен бөлісу: |